С?кен Ж?нісов «А?ыр?ы б?йге» романы
Жаңақала мектеп-гимназиясы,
Жаңақала ауданы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қаршығақызы Таңшолпан
5-сынып
Әдебиет
Күні: 5,7.04. Сабақтың тақырыбы:
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» романы Модуль Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың мақсаты Сабақтың тақырыбын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу; Адамгершілікке, жақсы мен жаманды айыра білуге, саналылыққа, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу. Оқушының өз ойын жинақтай білуін, сөйлеу мәдениетін, жүргізіп оқу қабілетін дамыту, білгенін жүйелі баяндай білуге дағдыландыру.
Табыс критерийлері Сәкен Жүнісов өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат алады. «Ақырғы бәйге» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын меңгереді. Сыныпта бірлесе жұмыс жасауға үйренеді. Өзіндік сыни көзқарастары қалыптасады.
Технология, әдіс, стратегиялар Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеу Дайындықтарын тексеру Назарларын сабаққа аудару
Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру.
Үй жұмысы Мұқағали Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңін жатқа сұрау.
ІІ. Сабақ кезеңдері 1. Сәкен Жүнісовтың өмірі жайлы қысқаша мәлімет беру.2. Үзіндіні бөлімдерге бөліп,әр бөлімге тақырып қойып, жоспар құру.3. Үзіндідегі сыншылық өнер, той жаршысының өнері, атбегі баланың өнері жайлы оқушылардың пікірлерін тыңдау.4. Шығармадағы эпитет, теңеу, метафораларды табу, дәптерге жазу.5. Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жағдайын оқу.6. Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
І кезең Сәкен Жүнісовтың өмірі жайлы қысқаша мәлімет беру.
Сәкен Жүнісов 1934 жылы Көкшетау өңірінде туған. Қазақтың дарынды жазушы ұлдарының бірі, белгілі драматург. Ол «Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй» романдарын, «Заманай мен Аманай» хикаяты, т.б. шығармаларды жазған. Көлемді туындысының бірі- «Ақан сері» роман-диологиясы. Қазақтың атақты серісі, әншісі, ақыны, сазгері Ақан сері туралы роман-дилогиясы туған әдебиетіміздің бір биігіне бағаланады.
II кезең Үзіндіні бөлімдерге бөліп,әр бөлімге тақырып қойып, жоспар құру.* «Күреңбай сыншының Құлагерге берген бағасы»;* «Қошқарбайдың Шашубайы –өнерлі бала»;* Бәйгеге қосуға дайындық»;* «Мөңке мінген Құлагердің шабысын-ай!»* « Дара келе жатқан Құлагер Көкөзек сайында көрінбей кетті»;* «Ақанның Құлагерден айырылып қалуы».
III кезең Үзіндідегі сыншылық өнер, той жаршысының өнері, атбегі баланың өнері жайлы оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Ат сыншысы — тұлпар болар құлынды дәл танып, жүйрік аттарға баға бере білетін адам. Олар өздері ат жаратып, бәйгеге қоспаған, көбінесе бәйге алдында жараған аттарды байқап көріп, қайсысы қай орынды иемденетінін болжаған. Ат сыншылары қазақ қоғамында зор беделге ие болған. Толыбай сыншы, Күреңбай сыншы, Киікбай сыншылар болған.
Мысалы ВЕН диаграммсы арқылы Киікбай сыншы мен Күреңбай сыншының сөздерін аламыз.
Киікбай сыншының сөзі: Жүйрік аттың құлағының түбі бос болады. Ат шапқан кезде құлағы желкеге қайырылып жатып қалады, құлағына жел кірмейді. Жал-құйрығы сұйық келеді. Себебі, шын жүйрік майын жал-жая, қазы-қартасына емес, қара етіне жинайды, сондықтан жалы сұйық болады. Жүйріктің қуат-қайратын азу тісінен байқауға болады. Тісі айқасып, кері кекжие бітсе, бұл қуаттылықтың белгісі. Сол сияқты жылқының мінезі қабағынан байқалады. Қабағы түйіліп тұратын жылқы намысшыл болып келеді, өршеленіп шабады және алдына қара салмауға тырысады.Күреңбай сыншының сөзі: (осы үзіндіде Құлагердің әр мүшесіне баға берді.)Тұрқы он екі таспадан өрген ұзын бишіктей.Күзендей бүктетіле шапқанда тұрқы қысқа бұзау тұлып аттарыңның екі-үш аттағанын бір-ақ аттай алатын қарышты жануар.Терісі қандай: жұқа-көзел етіктің былғарысындай мап-майда, ет пен терінің арасында жылтыраған бір май жоқ....Быртық бақай, ит жіліншік, тазы тізелі, бөкен санды, сіңірі бура тілерсек. Жібектей күлтеленген майда жал,жеңіл құйрық. Жаясы қандай жазық ,қасқыр жауырын,түлкі төс, қоян жонды- тәулікке бағынбай шапса да, теңселіп, шатқақтамай садақтың оғынша түзу шабатын малдың белгісі...
IV кезең Шығармадағы эпитет, теңеу, метафораларды табу, дәптерге жазу.Мысалы: Оқжетпестің қайрақ тасындай , майда жалы жібектей,шұңғыл табақтай кең ойпат т.б. теңеулермен жазылған.
V кезең Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жағдайын оқу. Оқушылардың өздеріне оқулықтан тапсырманы іздеп тауып оқуын қадағалау.
VI кезең Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс жүргізу. Оқулықта берілген 10 сұраққа оқушылардан жауап алу.
«Танып білу» стратегиясы Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта»)
IV. «Біле бергім келеді, біле бергім...»
«Кубизм» стратегиясы
Талдаңыз. Шығарманың композициялық құрылысына талдаңыз. Суреттеңіз. Ақанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме бер. Қолданыңыз. «Құлагер» сөзін қолданып бес жолды өлең құрастырыңыз
«Екі жақты күнделік» Маған ұнаған эпизод ------------------------------Несімен ұнады?
«Топтастыру» әдісі Сәкен Жүнісов...
ҮІ. Үйге тапсырма Шығарманы оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
VII.Бағалау Оқушылар сабаққа қатыстарына, ынталарына қарай бағаланады.