Ш.М?ртаза Бесеуді? хаты(Ашы? саба?)


Пәні: Әдебиет Күні: Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза«Бесеудің хаты»(тарихи драмалық шығарма)
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Жазушы өмірінен дерек бере отырып,шығарманың мазмұнын меңгерту, кейіпкерлер бейнесін ашу, тарихи драмада бейнеленген адамдар тағдыры арқылы өмір шындығын, автор идеясын ұғындыру.
Тәрбиелік: Шығармадағы тарихи оқиғаны аша отырып,оқушыларды ұлтжандылыққа, отаншылдық сезімге, әділдікпен турашылдыққа баулу.
Дамытушылық:Оқушының сөз байлығын,сөздік қорын байыту,әдеби шығарма идеясын таныту,еркін сөйлеуге,өз ойын ауызша да,жазбаша да жүйелі  жеткізуге балу
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,суреттер, таблица, деректер, интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: Тарих.
Сабақтың түрі: Десант, ойталқы
Сабақтың түрі : жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі : СТО, СКТ сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,салыстыру, диалогтік оқыту, эссе.  
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару2. Жаңа сабақ: Ой қозғау. Миға шабуыл 
Интерактивті тақтада
1. Шерхан Мұртазаның портреті (шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет айтылады)
2. Ғабит Мүсірепов (негізгі кейіпкер( туралы түсінік беріледі.
3. Сталинніңтеріссаясатытуралыайтылады.
4. Голощекинніңасырасілтепотырғанкөрсоқырлығытуралыайтылады.
5. Рысқұловтуралыдеректер
6.Рысқұлов жайлы қандай басқа көркем туындылар бар?
М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы» повесі, Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» Шерхан Мұртаза кім? Қандай шығармаларымен таныссыңдар? 
Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасынаарқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оныңқасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады.Қасіретті қолдан жасап отырғанСталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушыҒ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді.Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда,ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді.
Қазақ зиялылары 1932 жылы 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге қазақ халқының бастап кешіп отырған трагедиясы туралы хатын жолдады. Бастапқыда бұл хат И.В. Сталинге арналып жазылған. «Бесеудің хаты» деген атпен тарихта қалған бұл хат республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды.3. Шығарма қандай тарихи оқиғаға негізделіп жазылған? Драманың кейіпкерлері кімдер? 
4.Поэмада арқау болған көріністер. «Аштық» видео
5.Ойтолғау.
1.«Бесеудің хаты» драмасындағы кейіпкерлерді ата
2. Драма дегеніміз не?
3. Диолог, монолог туралы не білеміз?
4. Жазушы «Бесеудің хаты» драмасына қандай тарихи оқиғаны арқау етті?
5. Ашаршылық дегенді қалай түсінесіңдер
6. Қалай ойлайсыңдар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады?
7. Кім кінәлі?
6.Оқулықпен жұмыс: «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды.
Топпен жұмыс:  
1-топ: Ғ.Мүсірепов аштықты өз көзімен көрген жерін тауып оқы. /Екінші бөлім, екінші сурет 185-186 бет/
2-топ. Сталин Қазақстандағы жағдайды қалай білген жерін тауып оқыңдыр /Пролог/
3-топ.Драмада Мүсірепов өзі өмір сүрген заман жайлы: «Жорғалар-жортақ, батырлар-қорқақ болған сұм заман»- дейді /189-бет/. Ал сіздер сол бір нәубет жайлы не айтар едіңіздер? Мүсіреповтың осы пікірімен келісесіз бе?4-топ. Сталин Голощекиннен «Қазақтар қандай халық?» сұрады?үзінді тауып оқы. /Екінші бөлім,он екінші сурет193-194 бет/
7.«Елім-ай» әнін тыңдау.
8.Шығармағы сатылай кешенді талдау:
Ш.Мұртаза«Бесеудің хаты»
Авторы: Ш.Мұртаза
Тақырыбы:Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясаты, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов бастаған халық қалаулылары ашына жеткізуі,қуғын-сүргін.
Әдеби жанр: драмалық тарихи туынды.
Эпикалық жанр түрі: пьеса
Негізгі идеясы: ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры.
Шығарманың композициялық құрылысы:
1.Шығарманың басталуы:Елдегі қиын жағдайды, аштықты өз көзімен көруі.
2.Шығарманың дамуы:Ғ.Мүсірепов бастаған бесеудің Сталинге хат жазуы.
3.Шығарманың байланысуы: Хаттың жолда ұсталуы
4. Шығарманың шиеленісуі: Голощекиннің Сталин алдындағы есебі,
коллективизацияны тездетуді тапсырды.
5.Шарықтау шегі:Хаттың Голощекин қолына түсіп, бесеуін Крайкомға,бюроға шақырылуы.
6.Шығарманың шешімі:Бюро шешімімен бесеуінің ату жазасына кесілуі
Шығармадағы кейіпкелер:
1.Жағымды: Тұрар Рысқұлов
Нұрхан ақын
Балым
Хұсни
Ғабит Мүсірепов,
Мансұр Ғатаулин,
Мұташ Дәулетқалиев
Қадыр Қуанышев
Емберген Алтынбеков
2. Жағымсыз:И.В. Сталин
Ф.И. Голощекин
Құрамысов
Иванов
Жантоқов
Елеусіз
Қарабаев
Исаев
Цербер
Әдеби теориялық ұғымдар:
Ирония-жазушысымақ,
Теңеу: өрт сөндіретіндей,тұяғы күйген тауықтай,
Құбылту: басбұзар ұлтшылдар,қорқаулар,екіжүзділер
Дисфемизм: оңбағандар,өтірікші,жалақор,бәлеқор,
Метафора: қайрат-қыран, қайғы-жылан
Мақал-мәтелдер:«Бұқпадан шыққан жау жаман, бүйірден шыққан дау жаман» /186-б/, «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» /190-б/, «Төременен тіреспе, күштіменен күреспе» /193-б/, «Үрерге иті, сығарға биті жоқ» /197-б/, «Ат арыса-тулақ, адам арыса-аруақ» /199-б/, «Ораза-намаз тоқтықта» /200 бет/, «Қайрат-қыран, қайғы -жылан»
Тәрбиелік мәні: балаларды отансүйгіштікке, адалдыққа,адамгершілікке,бірлікке жетелейді
9.Ізденіс жұмысы:
Хат жазған бесеудің өмір жолы мен қызметтері
Оқушылар өздері ізденген «Бесеудің хатын» жазуға қатысқан кейіпкерлердің тағдырлары туралы әңгімелейді. Ол арқылы  төмендегі зерттеу сұрағын ашады:
«Тарих сахнасына басқа да кейіпкерлердің келуіне байланысты тұлғалардың ұмыт болуы мүмкін бе?». Бұл жерде Мүсіреповтен басқасы Гатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев, Қарабаев сияқты қоғам қайраткерлерінің уақыт ағымына байланысты тасада қалып бара жатыр ма деген сауалға жауап іздейді.
10.Сабақты бекіту:
1-топ:
Кейіпкерлер бойындығы жаман қасиеттерді топтастыру
Кейіпкелер әлемі

2-топ
Шығарманың тәрбиелік мәні немесе Кейіпкерлер бойындығы адами қасиеттерді топтастыру
Тәрбие әлемі

Бекіту сұрақтары:
1-топ: Драманың маңыздылығы неде деп ойлайсыз?
2-топ: Оқу барысында қандай сезімде болдыңыз?
1-топ: Сталин халық қомқоршыларын қалй жазалады?
2-топ: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Қорытынды:Мұғалімсөзі:
«ҚазақдраматургиясыдағдарысқаұшырағанбірзамандаШерханжазған «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесасыдүйімхалықтыңеңсесінкөтерді, оныңспектаклінекелгенКолбинөзінтаныды, бірқызарып, бірқуарды», – дедібелгілікөсемсөззергеріСауытбекАбдрахманов.
Мүсірепов: «біз,халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал,сендер халық қайта тірілгендіктен атыласыңдар! Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеде де орын таппай қаласыңдар! »-деп, айтқандай халық тірілді,өз тәуелсіздігіміз бар, егемен елге айналдық.Елбасымыздың сөзімен сабақты қорытындылағым келеді.
Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды. Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.
  Ендеше бұл шығарманың қазақ халқы барда, еңсесі қашан да биік болмақ.