?аза?стан тарихынан Отырар — ка?арман ?ала саба? жоспары
Қызылорда облысы
Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы
№241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің
Тарих пәнінің мұғалімі Құдиярова Зада
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Отырар - қаһарман қала
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Отырар қаласының гүлденген уақыты туралы түсіндіре
отырып, Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат беру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларға ата – бабаларымыздың Отан үшін қасық қаны қалғанша
шайқасқанын айта отырып, елсүйгіштікке, Отансүгіштікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой- өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, мәтінмен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мәтін, сөзжұмбақ, суреттер
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) түгелдеу
б) сабаққа назар аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ортағасырлық қалалар (үш бөліктен) тұрды?
(Цитадель) (Шахристан) (Рабат)
(Патша сарайы, (Кіші билеуші (Еңбекші халық)
әкімшілік басқару топ өкілдері,
орындары) түрлі кәсіп иелері)
«Кім көп біледі?» ойыны.
1. ҮІІ – ХІІ ғғ қалаларды ата.
2. Әл Идриси, Гардизи сияқты саяхатшылар Қимақ, Қарлұқ иеліктеріндегі қалалар жөнінде не жазды?
3. Бұл қалаларды кім басқарды?
4. Х – ХІІ ғғ ірі қалалардың құрылысы туралы не айтасың?
5. Ортағасырлық қалаларды ата.
6. Түркістан қаласының ежелгі атауларын ата.
7. Түркістан атауы қандай мағына береді?
8. Қыпшақ мемлекетінің басты саяси және мәдени орталығы қай қала болды?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған.
ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманнында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған.
Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. Ү – ХҮ ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды.
Отырарға жан – жақтан көпестер келіп – кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері, байлар, ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында қарапайым халық қоныстанды. Қала екі дуалмен қоршалған. Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын орталық бөлігін басқалардан бөліп тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.
1218 жылы Шыңғысхан басқарған Монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттынды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен-жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
а) Мәтінмен жұмыс
Отырар – ертеден батыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректер бойынша оның орнында осыдан бір жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған. ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Есіл өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған медреселер мен ұстаханалардың ашылуы болды. Қала мықты дуалмен қоршалған. Қалаға кіретін екі қақпа болған. Қала бес үлкен дуалмен қоршалған.
ә) Сөзжұмбақ «Отырар»
Ү. Сергіту сәті.
б) «Кім жылдам?» ойыны
1. Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды?
2. Отырар қай елдерге қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды?
3. Қаланың орталық бөлігінде кімдер тұрды?
4. Қарапайым халық қайда тұрды.
5. Монғол мемлекетін кім құрды?
6. Монғол әскерлерінің саны қаншаға жетті?
7. Монғолдар Отырарды қай жылы басып алды?
8. Бұл қырғын қалай аталады?
ҮІ. Қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.