Тест по казахскому языку 8 класс 1 — полугодие
Сыныбы: 8 «Б»
Күні:
Мақсаты: Оқушылардың 1 – жаттыжылдық бойына алған білімдерін тексеру
8 – СЫНЫП І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
ТЕСТ
1 – НҰСҚА
Өз алдына жеке тұрып сұраққа жауап беретін, толық мағыналы етістікті .... етістік дейміз.
А) Негізгі
В) Көмекші
С) Дара
2. Реликті шағала мекен ететін Қазақстанның ең ірі демалыс орындарының бірі:
А) Каспий
В) Алакөл
С) Ақбұлақ
3. Көмекші етістіктер қатарын көрсет:
А) Тап, бар, қара, сұра
В) Отырды, айттым, жаздым, оқыдым
С) Еді, екен, деп, де.
4. Мұхиттардан ең алыс жатқан әлемдегі ең тұйық көл, тереңдігіне қарай оны «теңіз» деп атаймыз. Ол қай көл?
А) Балқаш
В) Алакөл
С) Каспий
5. Етістік негізгі немесе туынды түбір күйінде ... мәнді білдіреді:
А) Болымсыз
В) Болымды
С)Жай
6. Болымсыз етістіктер қатарын тап:
А) Келді, көрді, барған жоқ
В) Барған емес, келген жоқ, естіді
С) Барма, келме, айтпа
7. Мақалды толықтыр: « ... көрген оқ жонар,
... көрген тон пішер.»
А) Әке, ана
В) Дос, бала
С) Ата, әже
8. Жаңа киім кигенде немесе жаңа зат алғанда жасөспірім балалар, бойжеткендер мен бозбалалардың үлкендерден сұрайтын сыйлығы
А) Байғазы
В) Ерулік
С) Көрімдік
9. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер:
А) Сабақты
В) Салт
С) Болымсыз
10. Салт етістікті тап:
А) Нан кесті.
В) Баскиім басылды.
С) Әңгімені айтты.
11. Ерулік дегеніміз –
А) Жаңа зат алынғанда сұралатын сыйлық
В) Жақсы хабар әкелгенде берілетін сыйлық
С) Жаңадан көшіп келген көршілерге айналасындағы көршілердің шақырып, ас беруі
12. Етіс дегеніміз –
А) Қимылдың болу, болмауын білдіреді.
В) Іс – әрекеттің орындаушыға қатысын білдіреді.
С) Өз алдына жеке тұрып сұраққа жауап береді
13. Қазақ тілінде етістің неше түрі бар?
А) 5
В) 6
С) 4
14. Өздік етістің жұрнақтарын көрсет:
А) –ын,-ін,-н; -ыл,-іл,-л.
В) –дыр,-дір,-тыр,-тір,-т,-қыз,-кіз,-ғыз,-гіз.
С) –ыс,-іс,-с.
15. Қимыл өздігінен істелетін етіс түрі
А) Өзгелік
В) Ортақ
С) Ырықсыз
16. Денсаулыққа қатысты мақал – мәтелді тап
А) Дені саудың – жаны сау.
В) Отан оттан да ыстық.
С) Еңбек етсең емерсің.
17. Есім сөздер секілді түрленіп, қимылдың мезгілге, шаққа қатысын білдіретін етістіктің ерекше түрі
А) Көсемше
В) Есімше
С) Етіс
18. Жиен әпкемнің фитнес клубына жазылғанына бір ай уақыт болды. Есімшені тап:
А) Болды
В) Жазылғанына
С) Бір ай
19. Есімшенің -ар, -ер,-р,-с,-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек тұлғаларына қай септіктің жалғауы жалғанбайды?
А) Ілік
В) Табыс
С) Көмектес
20. Қазақ тарихын бейнелейтін үздік кинофильм
А) «Жаужүрек Мың Бала»
В) «Жерұйық»
С) «Қыз Жібек»
21. Көсемше дегеніміз –
А) Негізгі қимыл, амалды білдіретін немесе оны айқындай түсетін, қосымша қимыл – амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі
В) Есім сөздер секілді түрленіп, қимылдың мезгілге, шаққа қатысын білдіретін етістіктің ерекше түрі
С) Іс – әрекеттің орындаушыға қатысын білдіреді
22. «Жерұйық» фильмінің басты идеясы
А) Қазақ тарихын баяндау
В) Қазақ халқының кеңдігін, мейірімділігін, дарқандығын, қонақжайлығын көрсету
С) Балалық шақ туралы
23. Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды?
А) 1991 ж
В) 1993 ж
С) 1995 ж
24. 1170 орыны бар, А. Жұбанов, М.Төлебаев, Л. Хамиди сынды композиторлар еңбек еткен өнер ордасы
А) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры
В) Астана Опера
С) Ғ. Мүсірепов атындағы театр
25. Көсемшенің жұрнақтарын көрсет:
А) –ған,-ген,-қан,-кен
В) –ып, -іп,-п
С) –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек
8 – СЫНЫП І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
ТЕСТ
2 – НҰСҚА
Тікелей Елбасының басшылығымен бой көтерген Опера Ордасы
А) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры
В) Астана Опера
С) Ғ. Мүсірепов атындағы театр
2. Көсемшенің жұрнақтарын көрсет:
А) –ған,-ген,-қан,-кен
В) –а,-е,-й
С) –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек
3. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты:
А) Қазақстанды мекен ететін этнос өкілдері арасында достық қарым – қатынастарды дамыту
В) Фестивальдар ұйымдастыру
С) Жексенбілік мектептер ұйымдастыру
4. «Жерұйық» фильмінің режиссері
А) Сон Лаврентий
В) Ақан Сатаев
С) Сламбек Тәуекел
5. Негізгі қимыл, амалды білдіретін немесе оны айқындай түсетін, қосымша қимыл – амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі
А) Есімше
В) Көсемше
С) Етіс
6. «Жаужүрек Мың Бала» фильмінің іріктеуіне қанша үміткер қатысқан?
А) 23000
В) 2300
С) 1000
7. Дұрыс тәуелденген есімшені көрсет:
А) Менің келімген
В) Менің келгенім
С) Оның келіген
8. Алдағы болатын істі мақсат етуді білдіретін есімшенің жұрнағы көрсет:
А) –мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек
В) –ған,-ген,-қан,-кен
С) –ар,-ер,-р,-с
9. Есімше дегеніміз
А) Негізгі қимыл, амалды білдіретін немесе оны айқындай түсетін, қосымша қимыл – амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі
В) Есім сөздер секілді түрленіп, қимылдың мезгілге, шаққа қатысын білдіретін етістіктің ерекше түрі
С) Іс – әрекеттің орындаушыға қатысын білдіреді
10. Денсаулыққа қатысты мақал – мәтелді тап
А) Дені саудың – жаны сау.
В) Отан оттан да ыстық.
С) Еңбек етсең емерсің.
11. Ырықсыз етісті көрсет
А) Үйді жинасты
В) Үй салынды
С) Өзі жинады
12. Іс – әрекетті бір адам емес, екі немесе одан да көп адам істейтінін білдіретін етістің түрі:
А) Ырықсыз
В) Ортақ
С) Өздік
13. 12. Етіс дегеніміз –
А) Қимылдың болу, болмауын білдіреді.
В) Іс – әрекеттің орындаушыға қатысын білдіреді.
С) Өз алдына жеке тұрып сұраққа жауап береді
14. Қазақ тілінде етістің неше түрі бар?
А) 5
В) 6
С) 4
15. Мақалды толықтыр: « ... – құрмет, .... - ізет»
А) Көршіге, туысқа
В) Досқа, қасқа
С) Үлкенге, кішіге
16. Сабақты етістікті тап
А) Нан кесті.
В) Нан кесілді.
С) Хат жазылды.
17. Табыс септікті қажет етпейтін етістіктер:
А) Сабақты етістік
В) Салт етістік
С) Болымсыз етістік
18. Жаңадан көшіп келген көршілерге бұрыннан отырған көршілерінің қонаққа шақырып, асқа шақыруы
А) Байғазы
В) Ерулік
С) Көрімдік
19. Анасының туыстары баласына кім болып келеді?
А) Нағашы
В) Қайын жұрт
С) Туған жұрт
20. Болымсыз етістік жасайтын көмекші етістіктер:
А) Де, еді
В) Жоқ, де
С) Жоқ, емес
21. Қазақстанның батыс аймағында орналасқан әлемдегі ең тұйық көл
А) Алакөл
В) Ертіс
С) Каспий
22. Қазақстандағы емдік қасиеті мол, ағынсыз көл
А) Алакөл
В) Ертіс
С) Каспий
23. Мен Алакөлге барған едім. Берілген сөйлемдегі көмекші етістікті тап:
А) Барған
В) Едім
С) Мен
24. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрі:
А) Көмекші
В) Негізгі
С) Болымды
25. Көсемшенің жұрнақтарын көрсет:
А) –ған,-ген,-қан,-кен
В) –ып, -іп,-п
С) –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек
ДҰРЫС ЖАУАПТАР 1 - НҰСҚА
1 А 6 С 11 С 16 А 21 А
2 В 7 А 12 В 17 В 22 В
3 С 8 А 13 С 18 В 23 С
4 С 9 А 14 А 19 С 24 А
5 В 10 В 15 С 20 А 25 В
ДҰРЫС ЖАУАПТАР 2 - НҰСҚА
1 В 6 А 11 В 16 А 21 С
2 В 7 В 12 В 17 В 22 А
3 А 8 А 13 В 18 В 23 В
4 С 9 В 14 С 19 А 24 А
5 В 10 А 15 С 20 С 25 В