Тест по казахскому языку 4 класс
Қазақ тілі. 4-сынып Тест 1-нұсқа
1. Қатаң дауыссыздарды белгіле:
А) п,в,р. В) ш,щ,ж. С) ц,ч,щ. Д) н,м,л.
2. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан созді тап:
А) иірімді В) ашық С) ғажайып Д) Аягөз
3. Үш буынды сөзді көрсет:
А) ләйлек В) алуан С) елік Д) қарға
4. Туынды сын есім дегеніміз:
А) түбір сөзден жасалған сын есім В) түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім
С) түбір сөзге жалғау жалғану арқылы жасалған сын есім Д) заттың сынын білдіретін сөздер
5. Негізгі сын есім:
А) сары В) сарғыш С) сарғылт Д) сарылау
6. -ншы жұрнақ қай сөзге сәйкес келеді:
А) жеті В) екі С) алты Д) үш
7. Көпше түрде тәуелденген сөз:
А) мысығым В) мысықтар С) мысықпын Д) мысығымыз
8. Ы - қандай дыбыс:
А) жуан дыбысты В) үнді дауыссыз С) ұяң дауыссыз Д) жіңішке дауысты
9. Болымсыз етітікті тап: Киіміңе мақтанба, біліміңе мақтан.
А) киіміңе В) мақтанба С) біліміңе Д) мақтан
10. Сөйлемді белгіле:
А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті. В) Ұшып кетті. С) Құстар Д) Жылы жаққа.
11. Не істеді? Қайтті? - қай сөйлем мүшесінің сұрағы?
А) бастауыш В) баяндауыш С) тұрлаусыз мүше Д) сөйлем мүшесінің сұрағы болмайды.
12. Бастауыш пен баяндауыш зат есім болғанда қойылатын тыныс белгісі:
А) сызықша В) үтір С) леп белгісі Д) жақша
13. Тасымалдауға болмайтын сөздерді көрсет:
А) жиын, әнші В) адам, қарт С) белуар, биязы Д) бейім, қуыр
14. Сөз тіркесі неден құрылады:
А) бір не екі сөзден В) екі не одан көп сөзден С) бір ғана сөзден Д) буындардан
15. Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін белгіле:
А) әкенің өсиеті В) кітап оқу С) сегіз дәптер Д) қоңыр салқын жел
16. Бірыңғай мүшелердің ерекшелігін тап:
А) бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздер В) бірдей әріптермен баталған сөздер
С) жеке сөзден жасалған сөздер Д) адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер.
17. Тұрлаусыз мүшесі жоқ сөйлемді белгіле:
А)Аққулар көлге қонды. В Аққулар шалқар көлге қонды. С) Аққулар қонды.Д) Аққулар көлге қонып отыр.
18. І -жақ, тәуелді формадағы зат есімді белгіле:
А) дәптерің В) дәптерім С) дәптеріңіз Д) дәптері
19. Қазақ тілінде неше септік бар?
А) 5 В) 7 С) 3 Д) 10
20. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
А) бастауыш пен сан есім
В) қаратпа сөз бен зат есім
С) бастауыш пен баяндауыш
Д) зат есім
Қазақ тілі. 4-сынып Тест 2-нұсқа
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:
А) ө,о,,э,в,к,с,һ. В) м,н,ң,к,ч,ф,ұ. С) ә,ө,ү,ұ,і,қ,ғ. Д) ж,з,қ,л,м,н,о.
2. Бес буыны бар сөзді белгіле:
А) аулаймыз В) шомыламыз С) демаламыз Д) көмектесеміз.
3. ҚХР - қандай сөз?
А) біріккен сөз В) қос сөз С) қаратпа сөз Д) қысқарған сөз
4. Негеізгі сын есімді тап:
А) ұрысқақ В ) көк С) сөзшең Д) тарихи
5. Бірнеше жай сөйлемнен құралған сөйлем қалай аталады?
А) жай сөйлем В) сұраулы сөйлем С) сөйлемнің бірыңғай мүшесі Д) құрмалас сөйлем
6. Бірыңғай қатаң дауыссыздан тұратын сөзді тап:
А) жусан В) дауыс С) кітап Д) қарға
7. Мәндес сөздерді тап:
А) еңбек, іскер, жалқау В) қайрат, жігер, ел С) жаратылыс, табиғат Д) бет, жүз, ауыз
8. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін белгіле:
А) түбірлес сөз В) түбір сөз С) қосымша Д) сөз құрамы
9. Жіктік жалғауларын белгіле:
А) -мін, -сін, -сіз В) -ма,-ме,-па,-пе С) -ым, -ім, -м Д) -лар, -лер,-тар, -тер
10. Туынды зат есімдерді көрсет:
А) қой, ешкі В) кітап, қалам С) жылқы, тұлпар Д) аспаз, арбакеш
11. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап:
А) Данияр ойнап отыр. В) Данияр үйді жинады. С) Данияр ойнады. Д) Данияр жинады.
12. Қаратпа сөзі бар сөйлемді тап:
А)Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз. В)Алма, алманы әкел. С)Немене, риза емемспісің? Д)Амал қанша, осылай болды.
13. Баяндауышын тап:
А) Біз В) Бейбітшілікті С) Үнемі Д) Сүйеміз
14. Бір сөзден тұратын сын есімнің атауы:
А) күрделі сын есім В) дара сын есім С) түбірлес сын есім Д)бір сөзден тұрмайды
15. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет:
А) -ау, -еу В) -ыншы, -інші, -ншы,-нші С) -тан, -тен Д) жұрнақ болмайды
16. Жалқы есімі бар сөйлемді көрсет;
А) Адам ұлы адамша өмір сүрсін. В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
С) Жаңа кітаптар алмақ болып, мен дүкенге бардым. Д) Ғылым таппай, мақтанба.
17. Ф-қандай дыбыс?
А) ұяң, дауыссыз В) дауысты С) қатаң дауыссыз Д) үнді дауыссыз
18. Сөйлемнің тұрлаулы мүшесін анықта:
А) пысықтауыш В) толықтауыш С) анықтауыш Д) бастауыш пен баяндауыш
19. Жалғау жалғанған сөз:
А) кәсіпкер В) ғалымның С) білім Д) жылқышы
20. Қате жазылған сөзді тап:
А) жию В) қиу С) жою Д) жантаю
Қазақ тілі. 4-сынып Тест 3-нұсқа
1. Жалаң сөйлемді белгіле:
А) Әди әдемі жазады. В) Бүгін ол келмеді. С) Ол қызықты кітаптар оқыды. С) Ол оқыды.
2. Түбірлес сөздер деп нені айтады?
А) Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз. В) Бір түбірден бірнеше туынды сөздің жасалуы.
С) Түбір сөзге жалғау жалғану арқылы жасалған сөз. Д) Мағыналы сөздердің байланысы.
3. Тәуелденген зат есім:
А) атамын. В) аталар. С) атам. Д) атамен.
4. Сын есімді тіркесті белгіле:
А) алты үй. В) үй салды. С) биік үй. Д) үйлер көп.
5. Келер шақ етістіктер қатарын белгіле:
А)бардым, айтасың, келесің. В) барамын, айтасың, келді. С) барады, айтады, келесің. Д) барды, айтты, келеді.
6. Сөйлем басында қаратпа сөзден кейін тұратын тыныс белгісін көрсет:
А) нүкте. В) сызықша. С) үтір. Д) дефис.
7. Ілік септік жалғауы бар сөздерді көрсет:
А) оқушыны, баланы, кітапты. В) оқушының, баланың, кітаптың. С) оқушыда, балада, кітапта.
Д) оқушыға, балаға, кітапқа.
8. Тәуелдік жалғауы нешінші жақта тұр: Оның дәптері.
А) ІІІ жақта, жекеше. В) ІІ жақта, көпше. С) І жақта, жекеше. Д) ІІІ жақта, көпше.
9. Лепті сөйлемді тап:
А) Сөйлемді жазып шық В) Білім - адамның қанаты С) Мақтан қума, керек қу Д) Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай
10. Көмектес септіктің жалғауларын тап:
А) -мен, -бен, -пен. В) -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. С) -ға, -ге, -қа, -ке. Д) -ның, -нің, -дың, -дің.
11. Сөздің ең кішкене бөлшегі қалай аталады:
А) сөз. В) дыбыс. С) буын. Д) әліпби.
12. Дара сөзді белгіле:
А) бозторғай. В) ирек-ирек. С) Қ.Х.Р. Д) бұлақ.
13. Сөйлемнің тұрлаулы мұшесін анықта:
А) шылау. В) үстеу. С) етістік. Д) бастауыш.
14. Буын үндестігінде маңызды рөл ойнайтын:
А) буын. В) дауысты дыбыс. С) дауыссыз дыбыс. Д) екпін.
15. Жалқы есімді белгіле:
А) дәрігер. В) жайық. С) өзен. Д) аққу.
16. Екі түбірден жасалған сөз қалай аталады?
А) біріккен сөз В) түбірлес сөз С) қос сөз Д) сөз тіркесі
17. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап:
А) оқушымын В) оқушым С) оқушыға Д) оқушының
18. Табыс септіктегі сөзді белгіле:
А) шекараны. В) демалыстың. С) кітаппен. Д) ұшаққа.
19. Нақ осы шақтағы етістікті көрсет:
А) айтады. В) айтып тұр. С) айттың. Д) айтасыз.
20. Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін белгіле:
А) әкенің өсиеті. В) кітап оқу. С)сегіз дәптер. Д) қоңыр салқын жел.
Тест VІ-нұсқа
1. Ұяң дауыссыздарды көрсет:
А) з, ж, г. В) к, л, м. С) д, т, с. Д) н, ң, ғ.2. Табыс септіктегі сөзді белгіле:
А) шекараны. В) демалыстың. С) кітаппен. Д) ұшаққа.
3. Өткен шақ етістікті тап:
А) келіп отыр. В) келе жатыр.
С) келетін болар. Д) келіп кеткен.
4. Барыс септік жалғауын көрсет:
А) -да, -де, -та, -те. В) -ты, -ті.
С) -ға, -ге, -қа, -ке. Д) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
5. Атау септіктегі сөздердің сөйлемдегі қызметі:
А) баяндауыш. В) тұрлаусыз мүше. С) бастауыш. Д) қызметі жоқ.
6. Тәуелдік формаға жататын жалғауларды көрсет:
А) -дың, -дің, -тың, -тің. В) -дар, -дер, -лар, -лер.
С) -м, -ң, -сы, -сі. Д) -да, -де, -та, -те.
7. Барыс септігіндегі сөзді тап: Апам тауыққа жем шашты.
А) апам. В) тауыққа. С) жем. Д) шашты.
8. Күшейткіш буын қосу арқылы жасалған қос сөзді тап:
А) бұрқ-сарқ. В) тап-таза. С) мая-мая. Д) бес-алты.
9. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап:
А) оқушым. В) оқушының. С) оқушымыз. Д) оқушылар.
10. Дыбыс үндестігі деп нені айтады?
А) дауысты дыбыстардың бір-біріне ықпал етуі.
В) дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен байланысы.
С) дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзараүндесуі.Д) дауысты дыбыстардың қосымшаларға үндесуі.
11. Сөз таптарын белгіле:
А) зат есім, етістік, үстеу, одағай.
В) шылау, қаратпа сөз, сан есім.
С) сын есім, есімдік, қыстырма сөз.
Д) етістік, біріккен сөз, үстеу.
12. Түбір тұлғасын сақтаған біріккен сөзді тап:
А) тасбақа. В) Амангелді. С) Ботагөз. Д) бүгін.
13. Тәуелденген зат есімді тап:
А) кітап. В) оқушысың. С) оқушыға. Д) кітабым.
14. ІІ-жақ тәуелдік жалғаулары бар сөздерді ата:
А) балалар, қағаздар, қойлар. В) балаларың, қағаздарың, қойларың.
С) балаларға, қағаздарға, қойларға. Д)балалармен,қойлармен,қағаздармен.
15. Ілік септіктегі зат есімнің сұрақтарын көрсет:
А) кімді? нені? В) кіммен? немен? С) кімде? неде? Д) кімнің? ненің?
Қазақ тілі. 4-сынып Тест 5-нұсқа
1. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар саны:
А)12. В) 15. С) 20. Д) 25.
2. Әріптердің қай қатары белгілі бір жүйеде емес?
А) а,е,о,ү. В) ү,ф,х.һ. С)з,и,к, м. Д)з, й,и,к.
3. Тырнақша - сөзінде қанша буын бар:
А)төрт. В) бес. С) үш. Д) екі.
4. Көптік жалғауы бар сөздерді көрсет:
А) астық, егін. В) жемістер, көкеністер.
С) саяхат, мейрам. Д) мереке, жыл.
5. Етістіктің сұрақтарын белгіле:
А) қандай, кімдер. В) не істеді? қайтті?
С) нешеу? қайтті? Д) қанша? не қылды?
6. Сан есім дегеніміз-
А) заттың қимылын білдіретін сөз.
В) заттың сынын білдіретін сөз.
С) заттың санын білдіретін сөз.
Д) заттың атын білдіретін сөз.
7. Щ- қандай дыбыс?
А) қысаң, дауыссыз. В) дауысты, ашық.
С) дауыссыз, қатаң. С) дауыссыз, ұяң.
8. Сөйлемдегі бастауышты белгіле: Біздің үйге қонақ келді.
А) біздің. В) үйге. С) қонақ. Д) келді.
9. Жалаң сөйлемді белгіле:
А) Әли әдемі жазады. В)Бүгін ол келмеді.
С) Ол қызықты кітаптар оқыды. Д) Ол оқыды.
10. Түбір сөзді белгіле:
А) жыршы. В) астық. С) бапкер. Д) дала.
11. Қосымша дұрыс жалғанған сөз:
А) алмадар. В) алмалер. С) алмалар. Д) алмадер.
12. Тәуелденген зат есім:
А) атамын, В) аталар. С) атам. Д) атамен.
13. Түбірлес сөздер деп нені айтады?
А)Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз.
В) Бір түбірден бірнеше туынды сөздің жасалуы.
С) Түбір сөзге жалғау жалғану арқылы жасалған сөз.
Д) Мағыналы сөздердің байланысы.
14. Не істеді? Қайтті? - қай сөйлем мүшесінің сұрағы?
А) бастауыш. В) баяндауыш.
С) тұрлаусыз мүше. Д) сөйлем мүшесінің сұрағы болмайды.
15. Негізі жіңішке сөздерді көрсет:
А)сіңлі, шеше, бауыр. В) ата, аға, бала.
С) әке, әже, іні. Д) қыз, отбасы, тату.
16. Күрделі мүшесі бар сөйлемді белгіле:
А) Бақыт кітапты оқыды.
В) Бақыт қызықты кітапты оқыды.
С) Бақыт оқыды.
Д) Бақыт оқып отыр.
17. Екі түбірден жасалған сөз қалай аталады?
А) біріккен сөз. В) түбірлес сөз. С) қос сөз. Д) сөз тіркесі.
18. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап:
А) Мұғалім сабаққа кірді.
В) Мұғалім кіріп келді.
С) Мұғалім кірді.
Д) Мұғалім келді.
19. Қарсы мәндес сөздердің ерекшелігі:
А) мағыналары бірдей болады.
В) мағыналары әртүрлі болады.
С) мағыналары бір-біріне қарсы болады.
Д) мағыналары мәндес болады.
20. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет:
А) -ау, -еу,
В) -ыншы, -інші, -ншы, -нші.
С) -тан, -тен, -дан, -ден.
Д) жұрнақ болмайды.
Тест
4-нұсқа.
1.Тек жуан дауысты дыбыстар қатарын тап:
А) а,ұ,ү,і. В) а,е,и,ү. С) а,ә,ы,в. Д) а,ы,ұ,о.
2.Айтылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөзді тап:
А)ұста. В) қымыз. С) көмек. Д) шебер.
3.-ншы жұрнақ қай сөзге сәйкес келеді:
А) жеті. В) екі. С) алты. Д) үш.
4.Сөз тіркесі неден құралады?
А)бір не екі сөзден. В)Екі не одан көп сөзден.
С)Бір ғана сөзден. Д)Буындардан.
5.Жай сөйлем дегеніміз-
А)бір ғана ойды білдіретін дара сөйлем.
В)бірнеше сөйлемнен құралған әңгіме.
С)күрделі ойды білдіретін сөйлем.
Д)бірдеңені хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем.
6.Заттың атын білдіретін сөзді тап:
А) он сегіз. В) таза. С) күреді. Д) оқулық.
7. Бес буыны бар сөзді белгіле:
А) аулаймыз. В) шомыламыз.
С) демаламыз Д)көмектесеміз.
8.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
А)бастауыш пен сан есім. В)қаратпа сөз бен сан есім.
С)бастауыш пен баяндауыш. Д)зат есім.
9.Мақалды аяқта: Елдің көркі- елімен,
Отан көркі- ... .
А)көлімен. В)жерімен. С) көркімен. Д) бетімен.
10.Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлеміндегі
баяндауышты тап: Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады.
А) күн В)төмен С)ұшса Д) жауады.
11. Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін белгіле:
А) әкенің өсиеті. В) кітап оқу.
С)сегіз дәптер. Д) қоңыр салқын жел.
12. Тұрлаусыз мүшесі жоқ сөйлемді белгіле:
А) Аққулар көлге қонды.
В) Аққулар шалқар көлге қонды.
С)Аққулар қонды.
Д) Аққулар көлге қонып отыр.
13. Бірыңғай мүшесі бар сөйлемді тап:
А) Бекжан інісін өте жақсы көреді.
В) Әкем маған қызықты кітаптар сатып әперді.
С) Атам үйінің дәл жанында терек пен шырша өсіп тұр.
Д) Оқушылар бүгінгі сабақта ерекше тыныш отырды.
14. Бірыңғай қатаң дауыссыздан тұратын сөзді анықта:
А) жусан. В) дауыс. С) кітап. Д) қарға.
15. Туынды зат есімдерді көрсет:
А) қой, ешкі. В) кітап, қалам.
С) жылқы, тұлпар. Д)аспаз, арбакеш.
16. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап:
А) оқушым. В) оқушының. С)оқушымыз. Д) оқушылар.
17. Баяндауышты тап: Біз үнемі бейбітшілікті сүйеміз.
А) Біз.
В) Бейбітшілікті.
С) Үнемі.
Д) Сүйеміз.
18. Есептік сан есімді белгіле:
А) Айсұлу екінші партада отырады.
В) Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында.
С) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Д) Сабақ таңертең сағат тоғызда басталады.
19. Дара сөзді белгіле:
А) бозторғай В) ирек-ирек С) Қ.Х.Р. Д) бұлақ.
20. Жалаң сөйлемді көрсет:
А) Ол оқып жүр.
В) Мен таңға дейін отырдым.
С) Олардың әндерін бәріміз тыңдаймыз.
Д) Оның музыкалық мәдениеті өте бай.
Тест.
v-нұсқа.
1. Үнді дауыссыздарды белгіле:
а) г, ғ, м, л. в) м, л, н, ң. с) ш, х, ғ, г. д) д, р, з, ф.
2. Барыс септігінің сұрақтарын белгіле:
а) кімнің? ненің? в) кімге? неге?
с) кімді? нені? Д) кімде? Неде?
3. Сөз тіркесі неден құралады?
А) бір не екі сөзден. В) екі не одан көп сөзден.
С) бір ғана сөзден. Д) буындардан.
4. Нақ осы шақтағы етістікті көрсет:
А) айтады. В) айтып тұр. С) айттың. Д) айтасыз.
5. -дық, -дік,-дыңдар, -діңдер жалғаулары жалғаудың қай түріне жатады?
А) септік. В) жіктік. С) тәуелдік. Д) көптік.
6. Көмектес септігінің сұрағын белгіле:
А) кіммен? немен? В) кімді? нені?
С) кімде? неде? Д) кімге? неге?
7. Қате қойылған тыныс белгіні көрсет:
А) Қыздар сурет салды, өлең жаттады.
В) Арман үйде де, мектепте де, сабақ қараудан жалықпайды.
С) Қоңырау соғылды, оқушылар сабаққа дайындалды.
Д)Оқушылар бүгінгі сабақта ерекше тыныш отырды.
8. І-жақ, тәуелді формадағы зат есімді белгіле:
А) дәптерің. В) дәптерім. С) дәптеріңіз. Д) дәптері.
9. Екі түбірден жасалған сөз қалай аталады?
А) біріккен сөз. В) түбірлес сөз. С) қос сөз. Д) сөз тіркесі.
10. Табыс септігіндегі сөзді көрсет:
А) ойыншықты. В) ойыншықпен. С) ойыншыққа. Д) ойыншықтан.
11. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
А) бастауыш пен сан есім.
В) қаратпа сөз бен зат есім.
С) бастауыш пен баяндауыш.
Д) зат есім.
12. Күшейткіш буынды қос сөзді белгіле:
А) түп-түзу. В) жауын-шашын. С) алыс-жақын, Д) бара-бара.
13. Жіктік жалғауларын белгіле: А) -мін, -сін, -сіз. В) -ма, -ме, -па, -пе.
С) -ым, -ім, -м. Д) -лар, -лер, -тар, -тер.
14. Жалғауы жоқ септік:
А) жатыс. В) табыс. С) ілік. Д) атау.
15. Кімді? Нені?- қай септіктің сұрағы?
А) атау септік. В) ілік септік. С) шығыс септік. Д) табыс септік.
ІІ-нұсқа.
1. Қазақ әліпбиіндегі әріптер санын көрсет:
А)37. В)12. С)42. Д)36.
2. Ұяң дауыссыздарды белгіле:
А)д,ж,н,ң. В)қ,к,ғ,г. С)л,м,б,в. Д)ж,з,б,в.
3.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:
А)жап-ы-рақ. В)жа-пыр-ақ. С)жа-пы-рақ. Д)жа-п-ырақ.
4.Буынға қате бөлінген сөзді тап:
А)құ-мырс-қа. В)дау-ыл-паз. С)би-ік-тік. Д)бо-яу-шы.
5.Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап:
А)етікші. В)ақын. С)ата. Д)ақыл.
6.Қате жазылған санды белгіле:
А)онүш. В)мың. С)қырық бес. Д)жиырма.
7.у-дыбысының дауыссыз түрін белгіле:
А)журнал. В)қоңырау. С)қуыршақ. Д)бару.
8.у-дыбысының дауысты түрін белгіле:
А)ауған. В)уақыт. С)сурет Д)бауыр.
9.Жуан дауыстылы жалғауларды белгіле:
А)-ға,-қа. В)-лер,-тер. С)-ден,-тен. Д)-ге,-ке.
10.-інші жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді:
А)алты. В)он. С) тоғыз. Д)үш.
11.Дұрыс жазылған сөзді тап:
А)айалдама. В)аялдама. С)аиалдама. Д)айялдама.
12.Жалқы есімді тап:
А)күшік. В)Бөрібасар. С)қала. Д)ауыл.
13.Ән сөзіне мәндес сөзді тап:
А)ертек. В)өлең. С)әңгіме. Д)би.
14.Мәтіннің түрлерін тап:
А)әңгімелеу,сипаттау,пайымдау.
В)басы,соңы, әңгімелеу.
С)хабарлау, аяқтау,жазу.
Д)айту,пайымдау, қорыту.
15.Сұрақ белгісі қойылатын сөйлемді тап:
А)Сабақтан кешікті
В)Сабақтан кешікпе
С)Сабақтан кешіктің бе
Д)Сабақтан кешігуші болма
16.Қайталану арқылы жасалған сөзді көрсет:
А)тері-терсек. В)ар-ұят. С)көкжиек. Д)көре-көре.
17.Қаратпа сөзді тап:
А)Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.
В)Мүмкін,сәл кідіре тұрарсыз?
С)Амал қанша,осылай болды.
Д)Алма, алманы әкел
18.Мақалды аяқта: Еңбек түбі-
А)мереке. В)береке. С)жақсылық. Д)байлық.
19.Бірыңғай мүше қатысып тұрған сөйлемді тап:
А)Абай бірақ ойын айтпады.
В)Қайдан келдің, бауырсақ?
С)Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.
Д) Көш алдында Тәкежан, Әзімбай,Майбасар барды.
20.Дара сан есімді тап: А)екі жүз. В)елу бес. С)жүз қырық екі.