Коучинг жоспары «Математика саба?ында жобалау ж?мысын ?йымдастыруды? ?ылыми –?дістемелік негіздері» 
«Математика сабағында жобалау жұмысын ұйымдастырудың  ғылыми –әдістемелік негіздері»
                                        «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз»       
                                                                                                         Сенека Луций
Коучинг  жоспары
23.08.2016 ж Педагогикалық студия 
Коучинг тақырыбы: Математика сабағында жобалау жұмысын ұйымдастырудың  ғылыми –әдістемелік негіздері
Жалпы мақсат: Коуч сессия қатысушыларын  жобалау жұмысын тәжірибеде қолдана білуге бағыттау арқылы ынтымақтаса жұмыс істеуге баулу, мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрену,  тәжірибе тарату.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық;  
Жобалап оқыту туралы әдістемелік  кітаптар;
Интернет желісі, әдеби материалдар, газет-журналдар.
 Оқу нәтижесі Кәсіби шеберлікті арттыру.
Түйінді идеялар: Жобалап оқытуды үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.
Сабақта қолданылатын материалдар:  А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.смайлик.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
СТО әдісі
АКТ 1. Жеке жұмыс
2. Топтық жұмыс 
3. «Ой қозғау»,
 «5  жолды өлең »
Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация. 
Оқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық;  
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Коучингтің жүргізілу барысы
Коуч сессияны өткізу кезеңдері Уақыты Коуч іс- әрекеті  Коучингке қатысушылардың  іс- әрекеттері
1 Ұйымдастыру 1 мин Коучинг тақырыбы мен мақсаты таныстырылады Тыңдайды
2 Жағымды психологиялық ахуал орнату 2 мин Сұрақтар қойылады. Сұрақтарға  «бас бармақ»  көрсету арқылы жауап береді.
3 Шағын топқа бөлу 2 мин Суреттер тарату арқылы топқа бөлу Суреттердің түсі бойынша топқа бөлініп отырады.
4
Ой түрткі.
Слайд арқылы коучингке түсінік беру. 3 мин Математика сабағында жобалау жұмысын ұйымдастырудың  ғылыми –әдістемелік негіздері туралы айту Слайд көреді
5 «Ой қозғау»
Математика сабағында жобалау жұмысын ұйымдастыру. 10 мин Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге баулу
Әр топ өз тапсырмаларына тұжырымдама құрастырады.
6 Шығармашылық жұмыс.
15 мин Негізгі ерекшеліктері туралы анықтама беру. Әр топ  орындаған тапсырмаларын қорғайды
7 Сергіту сәті 2 мин Би жаттығуларын жасату. Қимыл жасау арқылы бой сергітеді.
8 Топпен жұмыс
«5 жолды өлең» 5 мин Тапсырманы орындау барысында қандай әрекеттер жасадыңыз? Өлең жолдарын құрастырады.
9 Рефлексия 3 мин 2 жұлдыз, 1 тілек Өз ойларын айтады
10 Қорытындылау2 мин Слайд арқылы тақырыпты пысықтау Шаймерденова С.Б.
   №3 Красный Яр көпсалалы
 орта мектеп-гимназиясының 
математика пәні мұғалімі