Солт?стік М?зды м?хит.Атлант м?хиты
Облыс: Қарағанды облысы
Қаласы: Шахтинск қаласы
Мектебі: Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі
Пән мұғалімі: Казенова Асем Нуриденовна
Күні: 15.10.2015ж
Уақыты: 11.25-12.10
Сыныбы: 7 «В»
Пәні: География
Тақырыбы: Солтүстік Мұзды мұхиты. Атлант мұхиты
Мақсаты:
Білімділік: Мұхиттардың географиялық орнын, жер бедерін, пайдалы қазбаларын, тіршіліктегі маңыздылығын түсіну.
Дамытушылық: Оқушылар екі мұхиттың айырмашылығы мен ұқсастықтарын табуға, сыни –тұрғыдан ойлауға, ұтымды пікір айтуға үйренеді.
Тәрбиелік: географиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».
Стратегиялық іс-әрекеттер: «Шаттық шеңбер», «Ыстық картоп», «Миға шабуыл», «Венн диаграмасы», «Сәйкестігін тап», «Ой шақыру».
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Дереккөздер
2 минут
Кіріспе
А) Психологиялық ахуал
«Шаттық шеңбер»
Амандасу, түгендеу.
Оқушыларды ұйымдастырады.Табыс критерийлерімен таныстырады.
Шаттық шеңберге тұрғызады.
Психологиялық ахуал туғызады.
Топпен жұмыс жасайды. Амандасады. Шеңберге тұрады.
Оқушылар бір-біріне тілек айтады.
Оқушылар өз орындарына барып отырады.
Оқушылардың көңіл-күйі жақсарады. «Жақсы» 7 минут Тұсаукесер
А) 1 топ
«Миға шабуыл»
В) 2 топ
«Ыстық картоп»
С) 3 топ
«Сәйкестігін тап»
Д) 4 топ
«Картамен жұмыс»
Мұғалім бірінші топтың мүшелеріне үй тапсырмасы бойынша сұрақ қояды.
1.Гидросфера дегеніміз не?
2.Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы қанша?
3.Мұхит суының басты қасиеттері неде?
4.Судың тұздылығын немен өлшейміз?
5.Дүниежүзілік мұхиттағы тұздылықтың өте жоғары көрсеткіші қай жерде?
6. Су массалары дегеніміз не?
Доп беру арқылы сұрақтар қойып, үй тапсырмасын бекіту :
Дүниежүзілік мұхит суындағы негізгі беткі ағыстарды ата?
Мұхиттағы тіршіліктің таралуына не себепші болады?
Не Себепті мұхитты «тіршілік бесігі» деп атайды?
Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай топтарға бөлінеді?
Мұхит суының басты қасиеттері?
Мұхиттағы тіршілік дүниесі үш топқа байланысты тіршілік иелерін сәйкестендіруге оқушыларға тапсырма береді.
4 топтың оқушыларына
Кескін картаға дүниежүзілік мұхиттың беткі ағыстарын түсіруге тапсырма береді. Оқушылар мұғалім берген сұраққа жауап береді. «Дұрыс!» ,
«Жарайсың» Қағаз, лента,.
5 минут «Ой шақыру» Оқушыларға жаңа тақырып бойынша жұмбақ жасырылады? (Кенеттен бөтелкеде жасырылған жұмбақ қағаз, мұғалімнің алдында пайда болады).
Жұмбақ:
Ол екеуі көрші болып тұрады,
Көшесі Жерорта теңізі,
Бір көрші қатал, өні суық
Ал екіншісі жұмсақ, әрі жылы болып келеді?
Бұл қай мұхиттар? Оқушылар жұмбаққа шешімін тауып, жауап береді. «Дұрыс айтасың керемет!»
3 минут Негізгі бөлім
Тақырыбы:
Атлант мұхиты. Солтүстік Мұзды мұхит. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты таныстырады және мақсатын айтады. Оқушыларға дәптеріне жаңа тақырыпты жазғызады. Оқушылар жаңа тақырыппен танысады. Оқулық, АКТ.
8 минут «Мәтінмен жұмыс» Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыптың мәтінін береді. Топтағы оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды. Оқулық.
10 минут А) 1 топ
«Венн диаграммасы»
В) 2 топ
«Эколог ғалымдар»
С) 3 топ
«Кім білгір»
Д) «Кестемен жұмыс»
Мұғалім оқушыларға Солтүстік Мұзды мұхитпен Атлант мұхитын салыстыруға Венн диаграммасын береді .
Оқушыларға Атлант және Солтүстік Мұзды мұхитының экологиялық жағдайы беріледі.
Оқушыларға 10 cұрақтан құралған тест жұмысы беріледі.
Оқушыларға екі мұхиттың жануарлары мен өсімдіктері туралы кесте толтыруға тапсырма береді. Оқушылар екі мұхитты салыстырып, Венн диаграммасына түсіреді.
Оқушылар екі мұхиттың экологиялық жағдайын айтып, оның шешу жолдарын қарастырады.
Оқушыларға тестке жауап береді.
Оқушылар кесте толтырады. «Жақсы жазыпсыңдар!»
«Жарайсыңдар» Ақ қағаз, маркер, магниткалар.
3 минут Қорытынды :
«Ой толғау»
Мұғалім әр топқа сұрақ қойып, тақырыпты меңгергені бойынша бағалайды. Сұрақтар:
- Неліктен Солтүстік Мұзды мұхит суық болып келеді;
- Неліктен Атлант мұхиты жылы мұхит болып саналады?
- Солтүстік Мұзды мұхитында неге көктем мен жаз айларында күн сәулесі түседі?
Айсберг дегеніміз не? Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді.
Жауаптары:
«Дұрыс» 2 минут Рефлексия
Бағалау.
Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандығын стикерге жазғызады және бағалау парағын таратады. Бағалау парағына толтырып, өзін – өзі бағалайды. Жақсы, рахмет Бағалау парағы
2 минут Үйге тапсырма беру Мұғалім оқушыларға
Үй тапсырмасын береді.
Екі мұхитты оқу;
Шығармашылық жұмыс: «Келешекте мұхит қандай болады». Оқушылар Жанартау туралы мәлімет алып келеді. Оқулық, қосымша кітаптар.