Не? ?айда ?ашан? интеллектуалды ойыны


Тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны.
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін, зейінділігі мен логикалық ойлау қабілетін, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет, тарих, биология, география пәндерінен алған білімдерін тексеру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, кесте,бейнесөз.
Барысы:
І кезең. Тест сұрақтары:
Тіліміздегі сөздердің жиынтығын не деп атайды?
А) сөз
Ә) лексика
Б) әріп
2) Мына сөздер тіркесінен тұрақты сөз тіркесті табыңдар:
А) жүрек жұтқан
Ә) әдепті бала
Б) хат жазды
3) Мына мысал өлеңнің авторын ата?
Мақтан сөзге семіріп, судай тасып,
Пәрменінше қарқ етті аузын ашып.
Қарқ еткенде ірімшік жерге түсіп,
Оны кетті түлкі-екең ала қашып.
А) Абай Құнанбаев
Ә) Крылов
Б) Б.Майлин.
4) Абай Пушкиннің қандай поэмасын аударды?
А) Ескендір
Ә) Татьянаның қырдағы әні
Б) Сегізаяқ
5) 77 жасында Қарабалта түбінде Қырғызға қарсы айқасты басқарған қазақтың атақты батыры кім еді?
А) Бөгенбай батыр
Ә) Қабанбай батыр
Б) Абылай хан
6) Экватордың ұзындығы қанша?
А) 40 мың км
Ә) 11022 м
Б) 8848 м
7) Теңіздің, мұхиттың құрлыққа еніп жатуы:
А) шығанақ
Ә) түбек
Б) бұғаз
8) Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал:
А) барометр
Ә) гигрометр
Б) танометр
9) Денесі тұрақсыз қарапайым жәндік?
А) амеба
Ә) эвглена
Б) вольвокс
10) Тірі ағзалардың бір-бірімен бірлесіп тіршілік етуі:
А) селбесу
Ә) регенерация
Б) көмек
ІІ кезең. Аз уақытта есте сақтай алу.
Оқушылар слайдта 20 секундта көрген сандарды есте сақтап, мүмкіндігінше көп сан жазу керек.
55 39 10 65
94 87 46 18
72 21 15 23
ІІІ кезең. 20 сөзді есіңде сақта.
1 минутта 20 сөз оқылады да, сол сөздерді еске сақтау ұсынылады.
Теледидар
Жүзім
Дәрі
Парта
Алма
Сүлгі
Құлып
Күрек
Ағаш
Дәптер
Үй
Орман
Сағат
Қасқыр
Бөрене
Киім
Доп
Күнбағыс
Жаңбыр
Ұя
ІҮ.кезең «Не? Қайда? Қашан?» .
1 оқушыға:
Шежіресі не?
Қағаз тұңғыш қай елде пайда болды?
«Химия» термині қашан және қайда пайда болды?
2 оқушыға:
Жерге ең жақын аспан денесі?
Қожа-Ахмет Иассауи мазары қай облыста орналасқан?
«Қазақфильм» киностудиясы қашан құрылды?
3 оқушыға:
Планетаны айналып тұратын дене?
Кенгуру қайда кездеседі?
Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа самғады?
4 оқушыға:
Аспанның көз жетер жердегі шегі?
Мариан шұңғымасы қайда орналасқан?
Түркістанның 1500 жылдығы қашан тойланды?
5 оқушыға:
Жердің ауа қабаты не?
Алғашқы адамдар қай материкте өмір сүрген?
Абай Құнанбаев қай ғасырда өмір сүрген?
6) оқушыға:
1) Адамның денсаулығын сақтау және нығайту, өмірді ұзарту жөніндегі ғылым?
2) Пирамидалар қай елдерде орналасқан?
3) Қазақстанның тұңғыш Қызыл кітабы қай жылы жарық көрді?
7 оқушыға:
1) Инфекциялық аурудың қоздырғышы не?
2) «Жеті асар» қайда орналасқан?
3) Ақмола қаласы қай жылы Астана болып өзгертілді?

8 оқушыға:
Сөздің дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын бөлшегін не деп атайды?
«Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?
Американдық астранавттары Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин Айдың бетіне қай жылы қонды?
Ү кезең. Ғарыш тақырыбына байланысты сұрақтар:
Жер және басқа ғаламшарлар Күнді айналатындығы туралы айтқан ғалым?
Күннен ең қашық ғаламшар?
Күннің бетіндегі температура неше градусқа тең?
1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа самғаған кім?
Т. Мұсабаев ғарышқа неше рет болды?
Гагариннің кемесі не деп аталды?
Қорытынды. Жеңімпаз оқушыларды марапаттау.
Ерназаров Қанатбек Қайырбекұлы
Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы