Открытый урок по физике на казахском языке на тему Кім жылдам? состязание классов


Күні:05.12.2015ж Сыныптар: 7 «А», «Ә» Пәні:физика
  Мақсаты: 7 сынып оқушыларының физикадан алған білімдерін тексеру, физикаға  қызығушылықтарын арттыру. Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Таныстыру, эмблема қорғау.
2. «Блиц-турнир»
3. «Қанша тілді білесің? »
4. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»
5.  Есеп эстафетасы6.  Көрермендер көрімдігі7. «Раундровер»
Жүргізуші:
-Уа,жараңдар,жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төріндеФизика – астрономия еліндеФизика-астрономия тіліндеЕсеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам жасайық,
Кеш қызығын,ей достар,
Осылайша шабытпенКане,енді бастайық.
Жүргізуші:
Шақырамыз,келіңдер жарысуға,
Күш ,өнер,біліммен алысуғаБар өнерді салайық ортамызға,
Кәнеки, кім шығады сайысуға.
Ендеше, құрметті көрермендер, «Жұлдызды сәт» атты физикалық кешімізді тамашалайық.
Бүгінгі ойынның жұлдыздары:1) 7 «А» сыныбынан құралған «Молекула» тобы2) 7 «Ә» сыныбынан құралған «Атом»тобыЖүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:
Физика пәнінің мұғалімі: Сейсенбаева Зине апай,Бейсенов Нұрлыбай ағай
Жүргізуші: Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 6 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:
I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау. Мұнда әр топ басшысы өз топтарын таныстырады, эмблема қорғайды.
I I-тур. «Блиц-турнир»- деп аталады. Мұнда әр топқа 1 сұрақ қойылады.(1 дұрыс жауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін топқа жұлдыздар таратылады.
I I I -тур. «Қанша тілді білесің? »деп аталады.Мұнда оқушыларға жұмбақтар жасырылады.Жұмбақ шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуы керек.
IV-тур. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»-деп аталады.Мұнда оқушыларға тәжірибелік құрал-жабдықтар беріліп, құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы тәжірибе ойлап табуы керек.
V-тур. Есеп эстафетасы .Бұл турда екі топқа бірдей деңгейдегі  есептер беріледі.Олар ойланғанша, «Көрермендер көрімдігі» өткізіледі.
VI-тур. «Раундровер»- деп аталады. Бұл ойында екі топ маркер көмегімен физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық.
I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау.
Жүргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Шығып жүрген жақсы аты,
«Атом» тобын ортаға,
Шақырайық халайық.
«Атом» тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.
Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
«Молекула» тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
«Молекула» тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.
Жүргізуші: «Блиц-турнир»
Бірінші болып, сұрақтарға «Атом» тобы жауап береді.
Табиғат туралы ғылым.(физика)
Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыс табиғи құбылыс бола ала ма? (жоқ, олар физикалық құбылыстар)
Заттың үш күйін ата.(қатты, сұйық,газ)
Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған кім? (Франклин)
Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың: май шамды ма, әлде газды ма? (сіріңкені)
Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(4 минутта)
Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
Күн шығатын жақ (шығыс)
Кемпірқосақта неше түс бар? (7)
Теректегі алма қай кезде гүлдейді? (теректе алма өспейді)
Мензурка қандай құрал? (сұйықты өлшейтін құрал)
Жай көзге көрінбейді, Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)
Болжам дегеніміз не? (ғылыми жорамал,гипотеза)
Жазғы күн тоқырауы қай күні болады? (22 маусым)
Күн жүйесінде қанша планета бар?
Жүргізуші: «Молекула» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым (астрономия)
2. Жылу құбылысына мысал келтір (күннің сәуле шығаруы, болаттың балқуы)
3. Табиғатты зерттеудің қандай үш әдісі бар?(бақылау, эксперимент, теория)
4. Дене мен заттың айырмашылығы5. Айға аяғы алғаш тиген астронавт кім? (Н.Армстронг, Э.Олдрин)
6. Адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ? (ұйықтағанда)
7. Көк шарфты суға салса, не болады? (су болады)
8. Уақыттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (секунд)
9. Күн  бататын жақ (батыс)
10. Темірқазық жұлдызын тағы басқаша қалай атайды? (жетіқарақшы)
11.Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ,ішінде не қалады? (ауа)
12. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы (телескоп)
13.Заттың ең ұсақ бөлшегі (атом)
14.Бақылау дегеніміз не? (бір нәрсені бағдарлау)
15.Күн мен түннің  көктемде теңелуі (22 наурыз)
Жүргізуші: «Өзге тілдің бәрін біл,
                          Өз тіліңді құрметте.»- дегендей, келесі турымыз«Қанша тілді білесің? » .Екі топқа бірдей жұмбақтар қойылады.Қай топ бірінші көтерсе, ұпай сол топтікі.
1.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін.(ток-ток-energy)
2. Жоқ өзінде бас та, қас та,мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш-линейка-ruler)
3. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз-лед-ice)
4. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(ауа-воздух-air)
5. Керегенің басында кетпен жаулық,
Кет десемде кетпейді,неткен жаулық (күн-солнце-sun)
6. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың , таңдайсың.(жол-дорога-road)
7. Көп болса, азықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (уақыт-время-clock)
8. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама  шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?(жылдамдық- скорост-speed)
9.Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен.(су-вода-water)
10. Қайық мініп биікте жолығайық,
Көз көрімде кетеді болып ғайып.(ұшақ-самолет-aircraft)
Жүргізуші: «Тәжірибе, тағы да тәжірибе». «Атом» тобына тарелка, екі жұмыртқа, сызғыш беріледі.
Сұрақ:Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады?
Жауабы: жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады.
«Молекула» тобына кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке.
Сұрақ: Конверт ішіндегі кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуғаболады?
Жауап: Конвертті жағып жіберу керек.
Жүргізуші: Есеп эстафетасы Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан, цифр термек үшінКөрсетіп есептеудің жолын қалайКелдім айтып оларды бермек үшін,дей келе кезекті есепке береміз.
«Атом» тобы:
Жылдамдығы 0,8м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 16 км жол жүрді?
Мәскеудегі Останкин мұнарасының биіктігі 540м, массасы 55 000т. Осы мұнараның биіктігі 54 см дәл көшірмесінің массасы қандай болады?
«Молекула» тобы
1.  Автобус 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта жүріп өтті?Уақытты секундпен өрнекте.
2. Бір тәулікте жас пияз 864мм-ге өсуі мүмкін. 1 секундта ол қанша өседі?
2-жүргізуші: Есеп шешіліп болғанша,көрермендерге сұрақ қойылады.«Көрермендер көрімдігі»
1.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
2. Дайындауға болады,
Бірақ жеуге болмайды. (сабақ)
3. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (атасы, әкесі, немересі)
4. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда 1 рет атап өтеді.Бұл қай күн?(29 ақпан)
5. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)
6. Қалай 10м сатыдан секіріп, жараланбауға болады? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек?
7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)
Жүргізуші:
Мықты болсаң- алдағыны басып оз,
Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң-шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт!
Мықты болсаң-заманыңды көктеп өт!
Жүргізуші: Енді соңғы турымыз «Раундровер» деп аталады. Бұл ойында екі топ маркер көмегімен физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.
1-жүргізуші: Олар жайлы төреші,
                        Көрермендер өздерің.
Ақ-қарасын айырып,
Куә болды көздерің,-деп әділқазылар алқасына сөз беріледі.Жеңімпаздар марапатталады.
2-жүргізуші:Көңіл бөліп бұл кешке,
                       Келгендерге мың рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!
Осымен біздің кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.

С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемелекеттік мекемесі

Өткізген сыныбы: 7 «А», «Ә»
Орындаған: Есимханова И.Д
2015-2016 оқу жылы