English tests for primary classes


Сыни тұрғыдан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау Ойлану, оқу жолы- бұл ең парасатты жол, Еліктеу, ұқсау жолы- бұл ең оңай жол. Басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу, Тәжірибе жинау жолы- бұл ең ащы жол.   Сын тұрғысынан ойлаудың негізгі мақсаты: барлық жастағыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау— бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының  қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Яғни, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз ойлау туралы ойлану Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларыТАЛДАУИНТЕРПРЕТАЦИЯӨЗІН- ӨЗІ РЕТТЕУБАҒАЛАУТҮСІНДІРУҚОРЫТЫНДЫсыни тұрғыдан ойлау Сын тұрғысынан ойлаудың міндеттері: - Есте сақтау-идеяларды түсіну-алғы шарт - Шығармашылықпен көкейкесті ойлау - Өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау - Сұрақтар шешімін табу- жаңа бір нәрсе тудыру - Үйрету – түсінуіне көмектесу - Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу - Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу - Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу - Дәлелдер негізді болуы шарт - Еріксіз ойландыратын, қорытынды жауаптар, шығармашылыққа итермелейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сыни сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді, керісінше сыни тұрғыдан ойлау пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген жағдайларда неге сенуге болады, не істеу керек және бұны оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, Сын тұрғысынан ойлауға итермелейді.