Т?рбие са?аты: К?рікті к?ктем аруы


«Көрікті көктем аруы»
«Қыз  сыны»  сайысы
Мақсаты:
1.   Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
2.  Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
3.  Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
 
Барысы:    Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар.  Бүгін сіздер балабақшамыздағы  бүлдіршін қыздарымыздың, асыға күткен «Қыз сыны» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер! Емен жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын!
 
           Әділдікпен баға берер аруға           Әділдікпен қара қылды жаруға           Алқасын қазылардың біз сайлайық           Ақ аруды талдап бүгін алуға – деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасын сайлайық.
Жүргізуші;  Бүгінгі бүлдіршін  аруларымыз мына бөлім бойынша сынға түседі:І - бөлім: «Өзін таныстыру»- деп аталады.
Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.ІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б өнерлерін көрсетуге  болады)
 Жүргізуші: Құрметті қонақтар және бүлдіршіндер! 2013-2014 оқу жылында өткен «Қыз сыны» сайысына қатысып бас жүлдені жеңіп алған аруымыз Аманкелді Арайлым қонаққа келіп отыр. Міне бүгін өзі  бізге биін ала келіпті. Көріп тамашалайық.
«Қуыршақ»  биі.  Орындайтын  Аманкелді Арайлым.
 ІІІ - бөлім: «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған түрлі қалдықтарды құрастыра отырып сәндік үлгісін көрсетеді.
 Жүргізуші: 
       Баурап  алар  бірақ ауыз сәлемі
       Қазақ  қызы - әдепті де  әдемі       Қазақ қызы - ақылына көркі сай       Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі - дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі  «Өзін  таныстыру»  бойынша аруларымыз өздерін  таныстырады.
 
 
   1)  Мөлдір  қыз  өнерлі
      Бойға өнер жиған қыз.
2)  Арай  қыз білімді      Меңгерген бар ілімді
3)   Аружан   қыз елгезек      Алады тез тіліңді.
4)   Ақша бетті   Аяжан      Ұқсайды хор қызына
5)   Жансая  тұр үлбіреп      Көз  жанары мөлдіреп
6)    Сымбат  қыз шығады        Бұрымдары желбіреп.
7)    Аққу құстай қанат қағып самғаған,
       Айым қызым       Адал жолмен арам іске бармаған.
8)     Адамдықты жаны сүйген қашаннан,        Мақпал да  қатарынан қалмаған.
9)    Атыңнан айналайын  Зарина  деген,       Жақсы көрем  ортада жүргеніңнен
10)  Болшақта боларсың күлімдеген
       Нұрсая қыз       Үміті зор осы ортаң  саған деген.
11)  Әсел  алдында талай іс тұр,       Болашақта жандырар үміт отты.
12)   Ән айтып,би де билейтін.        Алтынай өнерлі  де қызымыз.
 
13)    Ұқсаймын деп тәтелерге
         Өсіп келеді  Құралай қыз
 
 
Сұрақ – жауап  жұмысы
 
1.     Еліміздің президенті кім?
2.     Ауылыңның аты қалай аталады?
3.     Астананың символы не?
4.     Балабақшамыздың атауы  қалай аталады.
5.     Жыл мезгілдерін ата?
6.     Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын ата.
7.     Бір айда неше апта ба?
8.     Еліміздің рәміздері
9.     Көктем мезгілінде көктем келді деп шақыратын құсты ата?
10. Біздің ауданымыздың атауы қалай аталады?
11. Біз қай елде тұрамыз?
12. Пішіндерді ата?
13. Біздің туде не бейнеленген?
 Жүргізуші:
2 – бөлім  Өз өнерін көрсетуӨнер-білім тапқырлықтың тарланы,Еңбектегі әріптестер мақтаны.Өнеріңді ортаға сал,сайысқаӨнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
 
(Қыздарымыз ортаға шығып кезектесіп өз-өнерлерін көрсетеді)
 Жүргізуші:
3-бөлім   Үй тапсырмасы   «Сән үлгісі»
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды
ортаға шақырамыз. Қыздар ортаға шығып өздерінің дайындап келген  сән үлгісін көрсетеді.
Жүргізуші:
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда. - дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға беріледі. Әділқазылар қыздарға номинация бойынша марапаттайды.(көркем ару, әдемі ару, білімді ару, т.б)
Бас жүлдені жеңіп алған аруымызға  2013-2014 оқу жылында өткен қыз сайысында бас жүлдені жеңіп алған Аманкелді Арайлым жеңіске жеткен қызымызға өз қолымен «тәжіні»  кигізіп табыстайды.