Сайыс Та?ырыбы: К?рікті к?ктем аруы
Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы» сайысы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар! Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірілген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жок ақын да жоқ.
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Деп жырлағандай бүгінгі «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндерінің «Көрікті көктем аруы» сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бүгінгі бүлдіршін аруларымыз 5 кезең бойынша бойынша сынға түседі.1 -кезең: «Өзін – өзі таныстыру»- деп аталады.
Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін- өзі таныстырады.
Аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.2 – кезең: «Өнерлі өрге жүзеді» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т.б . өнерлерін көрсетуге болады).3 - кезең: «Қол өнер» ару қыздарымызға берілетін тапсырма «Шеберлік» деп аталады. Қазір сіздерге түрлі-түсті қағаздар беріледі. Түскиіз жасау.
4 – кезең: «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.
5- кезең: «Дәм-думан».Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.
Осы сайысымызды бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырайын.
Шағын – орталығымыздың меңгерушісі: Медетбекова Шолпан Аманқызы
Шаруашылық меңгерушісі: Абдишева Клара Керуенбекқызы
Шағын- орталығымыздың әдіскері: Еримбетова Малика Маханбетқызы.
Жүргізуші: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі Қазақ қызы - ақылына көркі сай Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі, -дей отырып байқауымыздың бірінші кезең «Өзін-өзі таныстыру» бойынша аруларымыз өздерін таныстырады.1.Орынбасар Іңкәр. 2. Сабық Айнара.3.Маулетхан Тұмар.4.Куданова Камила.5.Марат Аружан.
Жүргізуші: Әділ қазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымыздың тақпағына кезек берейік.
Дидар: Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең.
Алмат: Мұрат,мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың,
Ақтау дерем ақ сүтін.
Арыстан: Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамын
Құттықтаймын анашым.
Дастан: Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді керемет.
Жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзеді» өз өнерін көрсетеді. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы, Еңбектегі әріптестер мақтаны. Өнеріңді ортаға сал,сайысқа Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
(Қыздарымыз ортаға шығып кезектесіп өз-өнерлерін көрсетеді)
Жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше, өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық.«Кішкентай жұлдыздар» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: «Қол өнер» деп аталады. Түскиіз жапсыру. Қыздарымыз дайын болғанша балаларымыздың тақпағына кезек береміз.
Әбілмансүр: Мен анамды сүйемін,
Құшағынаи енемін
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Диана: Айналайын анашым
Аялайсын бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқаймыз бәріміз.
Жаннұр: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Шахназар: Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Жүргізуші: «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісін көрсету.
Қазақ қызы - тамсандырған талайды, Тоғжан болып ғашық қылған Абайды. Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал, Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.
Қыздар ортаға шығып өздерінің дайындап келген сән үлгісін көрсетеді.
Жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше, ойынға кезек берелік.Ойын: «Гүл сыйлау».
Жүргізуші: «Дәм-думан». Бұл кезеңде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.
«Жұлдыз» тобының балаларының флешмоб биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Өнеріміз сайыста, Жетелейді алысқа. Бүгінгі күннің жеңісі, Достық болып қалуда.
Жүргізуші: Барлық аруларымызды ортаға шақырамыз. Сайысты қорытындылау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.Жүргізуші: Баршаңызды көктем мерекесімен,халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. «Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Тағы да, Мерекелеріңіз құтты болсын!