Т?рбиелік шара (сайыс) К?ктем аруы 2-сынып
Көктем аруысайысы2 “ә”сыныбы
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,Жанары жаны жаздай жайраңдаған.«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Екінші - сыныпта оқитын,Өрнектеп тоқыма тоқитын,Ән айтып, би де билейтін.Эльназ өнерлі қызымыз.
Білімді оқу озаты сыныптағы,Талай қиын істерді құрықтады.Толғанайдың алдында талай іс тұр,Болашақта жандырар үміт отты.
Атыңнан айналайын Дана деген,Сенің ісіне жақсы баға берем.Жеңіс туын тігерсің болашақта,Үміті зор осы сыныптың саған деген.
Аққу құстай қанат қағып самғаған,Адал жолмен арам іске бармаған.Адамдықты жаны сүйген қашаннан,Айжан да қатарынан қалмаған.
Әсем қызым білімдіМеңгерген бар ілімді
Аружан қызым өнерліЖинаған бойға өнерді.
1-тур«Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. Ақ арулар келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дарытуға,Қорықпастан сахнаға келіп жетті.Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын
2 - тур «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.б) Мақал мәтелдер сайысы. Ана , Отан, білім туралы мақал мәтел айтадыАқылдылық қыздарға жарасады,Көзі ашықпен бәрі де санасады.Келесі білімді мыңды жығар сайысындаСыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап беріп, мақал- мәтелдер айтайық
3 - тур “Шебер қолдар» сайысы. Мерекелік сыйлықты қыздарымыз өз қолдарынмен кестеленген кестемен сыйлық дайындау шарт. Кезекпен орта әкелінсін.Сымбатына сай киім жарасатын,Аспандағы айменен таласатын.Өнеріне сәні сай келіп тұрған,Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі сайысымыз шығармашылық қолөнер сайысы.
4 - тур. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би,).. Өнерсізден қашып жүр,Өнермен үлгі шашып жүр.Өнерді көп білетін дана болар,Өнерсіздің ісі шала болар.Енді қыздардың өнерін тамашалайық.
5- тур «Сәндік өнер», яғни қыз балалар шаш үлгісін, киім үлгісн көрсетеді.Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,Бұрымын кейін серпіп тастауымен.Жарасқан шашбауымен теңгелерімТеңгенің кім біліпті дөңгелегін.Келесі кезекте қыздарымыз шаш үлгісін көрсетеді
Біздің сыныптың сұлулары