?аза? тілі саба?ында жобалау ?ызметін ?йымдастыру
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ-ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ШЫҢДАУ ЖОЛЫ
Бірманова Қымбат Исланбекқызы
Рудный қаласы әкімдігінің
«№7 орта мектебі»КММ
Қостанай облысы, Рудный қаласы
«Болашақ ұрпақ білімді,талантты,ойы
ұшқыр, ісі өнімді болуы қажет,өйткені ол
қоғамның дамуына, елінің гүлденуіне елеулі
үлес қосатын жеке тұлға ретінде қалыптасуы
қажет»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді зерделі, өз бетімен іс әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау бүгінгі ұстаз алдындағы үлкен міндет. Ақпараттық-коммуникациялық технология білім беру жүйесін ақпараттандыруға, білім сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, электрондық есептеуіш техникамен жұмыс істеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, ғаламтор желісін пайдалануға, телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру – Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткендей мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізу жолында жобалау қызметінің маңызы зор. Осының бәрі сайып келгенде мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құралдар.
Қазақ тілі сабағындағы жобалау қызметі оқушыға жоспарлау барысында тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Жобалау қызметін ұйымдастыру сабақта бірнеше оқушы қатысып,шағын топтарда тақырыптың ауқымына байланысты ашады. Жобалау қызметі мұғалімнің тапсырмаларына байланысты таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі маңызды. Жобаны жүргізуге уақытты қалай табуға болады? Сонымен қатар,қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды, сандық мультимедиялық информатикада жобамен жұмыс жасаудың жаңа материалды оқумен қатар сәтті жүретін бөлімдер де бар. Жобамен жұмыс жасау кезінде қазақ тілі мұғалімі кеңесші рөлінде болады, бұл жерде оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі.Ең дұрысы, мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті. Жаңаша білім беруде жобалау қызметін жиі қолдану ұстаз қауымының стилін, оқыту әдістемесін өзгертті. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына біздің жаңаша дамудың жаңа кезеңі өтіп жатыр. Білім беру үдерісінде жобалау қызметін қолданудың маңызы зор, өйткені күнделікті өмірде және педагогикалық үдерісте компьютерді қолданбау мүмкін емес. Қазақ тілі сабағында жобаларды мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне жазбалар арқылы сабақтың қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді. Нәтижесінде уақытты үнемдеу,сабақтың сапасын көтеру,оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады және оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі. Қазіргі сабақ үстінде жоба қызметін топпен немесе жұппен жұмыс жасағанда оқушы үшін де мұғалім үшін де тиімдісі ноутбук немесе планшет. Жобамен жұмыстың нәтижелері міндетті түрде сыныпта жариялануы керек. Жұмысты көпшілік алдында қорғау жобалар әдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға жұмыс барысында алынған білімдерін қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді.Жалпы жобалау қызметін ұйымдастыру төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:
Демострациялық жобалау;
Зерттеушілік жобалау;
Шығармашылық жобалау;
Ақпараттық жобалау;
Үйретуші жобалау;
Шағын жоба;
Пәнаралық жобалау;
Қысқа мерзімді жобалау;
Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді жобалап, жүзеге асырып басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады.
Жобалаудың құрылымы:
— нақты нәтиже шығару жобасы;
— нақты мәселенің талдауы;
— нақты уақыт белгілеу;
— жұмыс жүргізу жобасы;
— нәтиже шығару.
Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей:
— Оқыту жобасының классификациясын таңдау;
— Жоба презентациясын дайындау;
— Жобаға баға беру критерийлерін айқындау;
— Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру;
Мысалы демонстрациялық жобалау көп жағдайда оқушылардың қиялына байланысты құрылады. Мысалы, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері. Үйретуші жобалау – бұл оқушыға жаңа білімдерді өз бетінше әрі қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік береді. «Зат есімнің жалғаулары», «Тест», «Сөз таптары», «Зат есімнің септелуі» және т.б.Жобалау жұмысында ой өрісінің дамуы, сыни ойлау мәселелерді шешу қабілеті пайда болады.
Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеу мен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасында мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды.
Қазақ тілі сабағында оқушыларым мақал-мателдерден шағын жинақ құрастыру ,өздеріне таныс әдеби шығармалардан үзінді немесе сөйлемдер теріп жазу, кейіпкердің мамандығы, мінезі бәрін жинақтап өздерінің жобасында негізгі өнімі дидактикалық материалдардан құралған жинақ яғни барша оқушылар тұтынатындай жасауға әрекет етеді.
Шығармашылық жобаны таңдау сыныптың «Тіл-тарихым», «Ұлы тұлғалар» тақырыбындағы сынып оқушыларының жинағы, өздерінің жүрек жарды жыр шумақтары немесе ой толғаулар жинағы.Тек сол сынып үшін емес кіші топтағы оқушылар үшін шағын мәтіндер жинақтап оны қағаз түрінде немесе электронды журнал ретінде ұсынуға болады.
-Ауызша лингвистикалық журнал «Септіктер тізбегі»,септіктер туралы түсінік беру,көрнекі құралдарды қолдана отыра, қызықты дүниелерді келтіру.
Сөздердің шығу тегіне байланысты суреттер, кескіндер, қызықты тапсырмалар, постерлер арқылы да көрсете алады.Белгілі бір сөздер тізбегі яғни синонимдерді, немесе тұрақты сөз тіркестерін қолдана отыра үздік ертегі құрастырады. Ерекше жазылған ертегіні суреттеп компьютермен немесе суретті альбом арқылы көрсетеді. Жобаның нәтижесі журнал немесе кітап ретінде өз өнімдерін ұсынады. Жаттығулар жинағымен жұмыс жасау арқылы шешендік сөздерді екіге бөліп адамдардың парасаттылығы, өнегесі туралы сөздер, тұшымды ойлардан ой түю оны түсініп бөліп жазу, аражігін ажырату арқылы жобалау қызметін ұйымдастырады.Шығармашылық жұмыс ретінде қаладағы жарнамаларға назар аударып, қате сөздерді суретке түсіріп, орфография ереже бойынша дәлелдеп топ алдына талқыға салады.
«Н-Ң» жазылуы бұндай дәлелдер ретінде сайт немесе ғаламторда жоқ. Сондықтанда топтық жұмыс жасауда соған басты назар аударамыз. Оқушылардың дені н-мен ң ды шатастырып жатады. Суреттер арқылы, тірек кесте арқылы дәлелдеп келтіреді.Жобаның қортындысы ретінде жазба тілдің мәдениеті туралы эссе ретінде ұсынады.Жұмыс қортындысы бойынша газетке сөзжұмбақпен қызықтырып көрсетеді, Бұл әрине, көп ізденісті, еңбекті қажет етеді.
Жоба классификациясы
Мазмұны бойынша Шағын жоба
Пәнаралық жоба Белгілі бір тақырыпта
Пәндерге ортақ кіріктірілген аумақ белгілі тақырыпта
Ұйымдастыру нысаны бойынша жеке
жұптық
топтық Бір оқушымен орындалатын жоба
Екі оқушымен жүзеге асатын
Оқушылардың топпен жүзеге асуы
Орындалу уақыты шағын-жоба
қысқа мерзімді
ұзақ мерзімдіБір сабақта
2-3 сабақта
Бір аптадан бірнеше айға дейін
Сипаты бойынша сыныпішілік
мектепішілік
қалалық
аймақтық
халықаралық Сыныптағы алғашқы қатысушылар
Білім мекемелеріндегі қатысушылар
Жоба өнімі
Жобалау қызметінің нәтижесінде жұмыс аумағы кеңейеді,бірнеше бөлікте ұсынуға болады:
Сандық- мультимедиялық өнім:
бейнебаян
мультимедиялық шығарма (шығарманы рөлге бөліп дыбыстау,суреттер келтіру, музыка қолдану)
Компьютерлік кескін
Сайт
скриншот
Оқу бағытындағы жұмыстар:
баяндама
Тест
Ментальді карта
Оқу құралы
Баспа өнімдеріндегі материалдар:
Қабырға газеті
Жорнал
Постерлер
Шығармашылық өнім:
Өлеңдер жинағы
Шығармалар жинағы
Ертегілер жинағы
Суретті дестеме-альбом
суреттер
Сабақ үстінде ұсынылатын іс-шаралар
Ақ сүйек
Асық
Саяхат
Көрме
Конференция
Жүргізілетін қызмет кезеңдері
Кезең Мұғалім қызметі Білім алушылардың қызметі
1. Дайындық Тақырыбын, мақсаты міндетін құрастырады,тақырыпқа қызығушылық танытады, әңгімелесу жүргізеді Ой, идеяны талқылайды, ұжымдық шешімге келеді, сараптайды.
2. Жоспарланған жұмыс Жобаның міндеттерін жоспарлайды, жұмысты ұйымдастыруда міндеттерді бөліп алады, ақпарат көздерін анықтайды, нәтижесінің бағалау критерийімен танысуды ұсынады Топта жұмысты бөліп алады, ақпаратты ұсыну формасын таңдайды, жұмысты жоспарлауды жүзеге асырады.
3. Жобаны жүзеге асыру Қажеттілігіне қарай білім алушыларға кеңес береді,қатыспайды, бақылайды, презентация бойынша ақпарат ұсына алады. Қажетті ақпараттарды жинайды, жоба құжаттарын ресімдейді, ізденісті жүзеге асырады.
4. Жоба презентациясы (қорғау) Қортынды есепті қабылдайды,алынған нәтижені түйіндейді, білім қортындысының шешімін шығарады. Жоба нәтижесін ұсынады,сұрақтарға жауап береді, қызметінің өзара бағасын береді.
5. Жоба бағасы Мұғалім (қазылар алқасы) нәтижесін бағалайды. Жоба нәтижесін талқылайды, жоба қызметіндегі өзін-өзі талдауды өткізеді.
Презентациядан кейін талқылау аса қажет.Қазақ тілі сабағындағы жобалауда бағалау парағы арқылы өздері бағалап шығарады, сараптайды.Сыныптағы таңдалынып алынған қазылар алқасы мықты және әлсіз жақтарын айтып,ұсынылған критерий бойынша бағалайды.Қолданылған ресурстарға да тоқталады. Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық ізденісте білімдерін кеңейтеді,теорияны практикамен ұштастырады,білім алушылардың шығармашылық құзыреттілігі артады,ұстазбен, замандастарымен бірлесе ұйымдастырады,жұмыс жасайды. Бұл жеке тұлғаға , танымдық және коммуникативтік білімін дамытуға бағытталады.Білім алушыларды сабақтағы жобалаудың негізі жаңа ақпаратты игеру,оны тұтастай жүзеге асыру, құрастыру болып табылады. Сабақтағы мұғалімнің рөлі өз кезегінде жобаға дұрыс бағыттау, мақсат қоюда көмектесу, яғни табыс критерийіне қол жеткізу.Бұл сынып сабағындағы жүйе. Сабақтан тысқары сұрақтар қою,ізденіс, олимпиадаға қатысуға,оқушылардың ғылыми қоғамына енуге мүмкіндік. Жобалау кезеңінде білім алушыларда білімнің тілдік жүйесі,тілдік рефлексия, ой қорыту, берілген материалға сараптама жасау қалыптасады. Қазақ тілі сабағы жобалау қызметінде өз нәтижесін беретін оқу пәні. Мұғалім оқушылардың оқуға деген қызығушылығының, көзқарасын, ой көкжиегінің тарлығы,жұмысқа сараптама жасау жөнінде проблемалармен бетпе-бет кездесіп жатады.Сондықтан да оқушы үшін қызықты жұмыс сабақты жақсы игеруге, жаңа білім алуға жетелесе, ал мұғалім үшін жоғарыда келтірілген проблемаларды шешу болып табылады. Қазақ тілі сабағында келесі жобалау қызметі оң нәтижесін берді:-сөздік қоры, ой көкжиегі кеңейеді,грамматикалық білігін бекітеді,
- өздігінен оқу бағдарламасы бойынша материалды игереді;-топта тәжірибе жинақтайды, біліктілігі артады;
-ІТ технологиялар,компьютермен жұмыс жасауға төселеді;
-оқушылардың оқуға деген танымдық қабілеті артады.
Оқушылар ұпай жүйесі бойынша жүргізуде үйреніп, өткізу нысаны анықталады( слайд саны, презентация, буклет). Қажетті материалды алу көзі: ғаламтор, кітапхана, пәндер бойынша оқу материалдары,көркем әдебиет, қосымша әдебиет. Қазіргі заман мектебі үшін білімді игеруде жобалау қызметі ұсынылады. ХХІ ғасырда оқу материалының көлемі ауқымды, мұғалімге және оқушыға қойылатын талап та жоғары, жобаға қолданылатын итербелсенді әдістер де көп. Қазақ тілі сабағындағы жобалау қызметі білім алушылардың зияткерлі қабілетін,өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқаруды үйретеді, білімді игеруде басқа қырынан әрі құзыретті тұлға болып қалыптасуына жол ашады .
Жобалау қызметін қазақ тілі сабағында ұйымдастыру арқылы оқушыны ізденіске баулып,ұйымшылдығы шығармашылығы артады,Ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізу жолында жобалау қызметі танымдық әлеуетінің артуына мүмкіндік береді әрі білімді, қабілетті теңестіретін де ең басты байлық-білім болмақ.