Жа?быр?а ?она??а бару та?ырыпты? о?у іс-?рекеті


Технологиялық карта
Білім беру саласы:Таным, қатынас,шығармашылық
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Жаңбырға қонаққа бару
Мақсаты:1.Табиғат құбылысы-жаңбыр және оның маңызын түсіндіру.
2.Балаларды тыңдаған мәтіндері бойынша әрекет етуге баулу және осы арқылы олардың комуникативтік дағдылары мен қиялдарын дамыту.
3.Ата-аналар мен балалардың бірлескен шығармашылық табыстарға жетелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:қолшатыр,тамшы суреттері,бұлттың бетпердесі,әңгіменің мазмұны бойынша салынған суреттер,жаңбырдың дауысы жазылған үнтаспа,фланелеграф.
Сөздік жұмыс: Күннің күркіреуі,найзағай
Билингвальды компонент: бұлт-туча,жаңбыр-дождь,күннің күркіреуі-гром
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық 1.Шаттық шеңбері.
-Күннің шапағы қандай керемет!
-Барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.
- 1,2,3,4 топ-топ,топ-топ басайық!
-1,2,3,4 – алақанды ашайық!
-Жаңбыр жауды тамшылап,
-Тырс-тырс.
-Жаңбыр жауды сіркіреп,
-Тырс,тырс-тырс,тырс
Ән: «Жаңбыр»
-Балалар,қараңдаршы келе жатқан мынау не?
Жұмбақ:
Көк көрпенің мақтасы
Әр жерде жүр бытырап.
Біріктіруге қол жетпес,
Болды-ау шіркін ысырап
(бұлт)
Билингвальды компонент:
Бұлт-туча,жаңбыр-дождь,күннің күркіреуі-гром.
Осы кезде бұлт болып киінген ата-ана кіріп:
-Мен көңілді бұлтпын.Аспанда қалқып жүргенді ұнатамын,жерге жаңбыр болып түсемін,-дейді
Балаларға тапсырма:аспанда қалқып жүрген бұлттар неге ұқсайтынын тапқызу.Фланалеграфпен жұмыс
-Егер жаңбыр жауып кетсе,бізге не керек болады?
-Қолшатырында үлкен және кішкентай тамшылардың суреттері жапсырылған ата-ана кіреді.
-Балалар,үсті-басым су болды және тоңып қалдым.Мен сендердің топтарыңда отыра тұрайыншы.
-Балалар,мына қолшатырға қараңдаршы,пішіндері қандай?
-Бұл тамшылар қайдан пайда болды?
«Тамшыларды жина» ойыны
Шарты:ойынға балалар ата-аналармен ьірге қатысады.Бір топ кішкентай,бір топ үлкен тамшыларды жинайды.
Балалар педагогпен бірге шаттық шеңберін құрады.
Мұхит дыбысын тыңдайды оның су екенін өздері табады.
Шешуі: балық
Ұйымдастырушылық
ізденістік «Кішкентай бұлт» әңгімесін оқу
-Аспанда кішкентай бұлт қалқып жүріп,жерде солып бара жатқан гүлді байқады.Бұлт гүлді аяп кетті.Ол гүл өсіп тұрған шалғынға жаңбырды төгіп-төгіп жіберді.Суға қанған гүл жайнап шыға келді.Бұлт қуаныштан қалқи жөнелді.Ол енді шалшық суда жүрген бақаларды көрді.Шалшықтың суы аздау екен.Бұлт бақаларды да аяп кетіп,суын оларға төкті.Бақалар мол жаңбырдың суына қуанып қалды.Бұлт бүгін көп жақсы іс атқарды.
-Бұлт қандай пайдалы іс істеді?
Сергіту:
Жаңбыр жауар себелеп,
Гүлге қонар көбелек.
Біз қолшатыр астында,
Би билейміз дөңгелеп.
Сөздік жұмыс:
Найзағай-жаңбыр кезінде болатын жарқыл.
Топтық жұмыс:
А3 қағазға жаңбыр,бұлт,гүлдер,найзағай суреттерін жапсыру.
-Үнтаспадан жаңбыр мен күннің күркіреуін тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
-Суда тіршілік етеді.
-Қабыршақпен қапталған.
Қабыршақ
Балық-рыба,су-вода
-Аквариум
-Аквариум туралы мәліметті мұқият тыңдайды.
Рефлексиялық
түзетушілік Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Шарты:Ойын жүргізушінің «Күн» деген белгісімен серуенге шығады, «Жаңбыр» деген белгісімен қолшатыр астына кіреді.
Бұлт:Жарайсыңдар!Сау болыңдар!
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады. Сұрақтарға жауап береді.
Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:Берілген тапсырманы
Түсінеді: Аквариумда тіршілік ететін мәліметті және оларға қалай қамқор болу керектігін.
Қолданады: Жалпы балықтар туралы сұрақтарға толық жауап беруді және өз ойларын жеткізе алу,яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай білу дағдыларын.