Ана тілі п?нінен саба? жоспары Ана тілі. Ананы? тілі-аяулы ?ні (1 сынып)
Пән: Ана тілі Сынып: 1 Күні:
1. Сабақтың тақырыбы: Ана тілі. Ананың тілі-аяулы үні
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі ана тілінің
құдіреттілігі туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын
қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Ана тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза
сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық
сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: және білімді меңгерту сабағы.
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы накыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны.
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян.
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабақка дайындығы. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайыңдығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: - Балалар, біз сендермен 1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен 2-кезең «Ана тіпі кезеңімен» таныс боламыз.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: -Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу», -Балалар, сөйлеу не үшін қажет? Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады? Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін» өлеңінмен басталады. Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз.
Сүйемін тутан тілді-анам тілің,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Бесікте жатканымда-ак берген білім,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Оқушылардың өздеріне тізбектей оқытамын. Анамның тілі-аяулы үні Ш.Смаханұлы, өленді оқи отырып әнімен айтқызу. Өлең арқылы ақын не айтқысы келді? Сергіту сәті
ІV. Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі: - Балалар
өлеңде не туралы айтылған? Сөз неден құралады? Сөйлеу қалай жүзеге асырылады? - Дұрыс. Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады. Ал енді мына суретке мән берейік. Суретте не көріп тұрмыз? - Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?
V. Бекіту кезеңі: - Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастады? Өлең не туралы айтылады? - Сөйлеу не үшін керек? - Өізің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?
VI. Үйге таасырма. Бағалау. өлеңді жаттап келу, бағалау жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалаймын.