Ертегілер еліне саяхат внеклассное мероприятие
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: « Ертегілер еліне саяхат»Мақсаты: оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, кейіпкерлердің бет перделері, ертегілер кітабынан көрме. БарысыМұғалім : - Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай ? Көңіл күйлеріңді жақсарта түсу үшін бір тамаша ән орындайық.Интербелсенді тақтаның көмегімен «Ертегілер әлемі» әнін орындау. - Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар? - Ертегілер елінде кімдер тұрады? - Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер? - Ертегілер бізді неге үйретеді?
- Ертегілер әлеміне барғыларың келе ме?
Онда әуелі ертегілер еліне жеткізер сиқырлы тауып алайық. Ал іздеп көрейік.- Жоғарыдан іздеңдер , бар ма көріне ме? - Төменнен іздеңдер, бар ма, көріне ме?- Терезе жаққа қараңдар, мұқият қараңдар, бар ма? Мұнда да жоқ па?- Мүмкін гүлдердің арасында болар ?! Балалар гүлдердің арасынан сиқырлы таяқша тауып алады. Міне, енді жолға шығуға болады, мына сиқырлы таяқшаны қозғай отырып сиқырлы сөздер айтсақ әп сәтте ертегілер елінде боламыз.Балалар өздері білетін сиқырлы сөздерді айтады. О, қандай ғажап, міне біздер ертегілер еліндеміз. Ертегілер елінің қақпасы бізге айқара ашылды. Бірақ ертегілер елін аралау үшін бірнеше тосқауылдан өту керек сияқты, дайынбыз ба?- Балалар, ендеше бәріміз тапсырманы бірігіп орындап, тосқауылдан жылдам өтіп кетейік.1-ші тосқауылымыз Мыстан кемпірдің тапсырмасы. "Ерте, ерте, ертеде..." деп аталады. Ертегіде не туралы айтылады ? Ертегілер туралы кім не біледі ? Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен? 1-оқушы: Өткен күн таң тамаша ертегі ғой , Айтады ертегі сыр, ертегі ой. Ертегі айтса еліктіріп балалар , Қиялға қызықтырып ертеді ғой. 2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар, Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар. Жамандықпен алысып, жауын жеңген Халқымның ұлдары мен қыздары бар! 3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген, Батыр ма ел намысын өтемеген. Ертегімен халқымыз ертеңіне Ұрпағын қызықтырып жетелеген. 4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз , Қауымды мына келген ертейік біз."Ертегі еліне" бір саяхаттап,Келгендерді соңымыздан ертейік біз.- Өте жақсы, балалар! Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Мына суретте сол ертегілер түрлері бейнеленген. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен? - Ертегі басталғанда қалай басталады?"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".2-ші тосқауыл құмырадағы Жынның тапсырмасы: Бұл қай ертегі? Кейіпкерлері кім?
Енді не қыламын?-деп, бара жатса, бірін қазып жатқан тышқанды көреді. Ол тышқанды бас салады. - Жаның барында айт! Үйіңде не бар?-дейді.Тышқан қорыққанынан:- Үйімде бір табақ тарым бар ,-дейді.Ол:- Маған бір уыс тары бер,-дейді.
Бұл қай ертегі? -Мақта қыз бен мысық..
Кейіпкерлері туралы еске түсіріп көрейік.
Көкек:
- Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, жұрттың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, - деп келіспейді.
- Бұл қай ертегі ? – Сауысқан мен көкек.
- Кейіпкерлері нелер?
- Ол үңгірден алысырақ тұрады да:
- Халіңіз қалай, тақсыр? – деп, арыстанның көңілін сұрайды.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел , түлкіжан, біраз сөйлесейік, - дейді арыстан.
– Бұл қай ертегі? – Арыстан мен түлкі.
- Кейіпкерлері нелер ?
3-ші тосқауылымыз- Ғажайып бақ аялдамасы. Мұнда біз сендермен біраз тынығып алуымызға болады.
-Біз бір ойын ойын ойнаймыз . Ойынның аты "Үй жануарларын тап". Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, "үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек.
Ал ойынымызды бастайық : Жолбарыс, түйе, бүркіт, жылқы, аю , қасқыр, ешкі, шегіртке, лақ, кірпі, қой, қоян, жылан, сиыр, тиін, тауық.
4-ші тосқауылымыз . Айдаһардың тапсырмасы: Ертегі кейіпкерлерінің өзін-өзі қорғауы. "Мақта қыз бен мысық " Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым , Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың. Қатық төктің, еңбекті қадірлемей, Құйрығынды жұлып ап жазаладым.Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,Мен мысықпын іші пысқан. Қатығынды қайтардым төккен,Қайырымды алдым көптен.
- Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын, Жақсылыққа дұшпанмын.Су астынан шыға кеп , Алақаныннан қысқанмын.Тісімді жұлып лақтырып,Сыпырғышқа мініп ұшқанмын. Жас емеспін, кәрімін,Ертегінің сәнімін.Көркейтуге келгенмін Ертегілер ауылын.
-Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?
Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,Балаларға, батырларға жаумын.Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,Тек жамандық жолында шапқыладым. Талай жерде ақылмен алдап кеттім Қаңбак шал ма , қылғаны- ай, қап мынаның.
Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,Жел соқса соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын. Алып дәуді алдадым ақыры мен, Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.
-Жақсы, балалар. Үшінші тапсырманы да орындадық.
- Енді мультфильм көруге қалай қарайсыңдар?
- Ертегі қалай аталады екен?- Құйыршық қаңдай бала?...- Ертегі сендерге ұнады ма?- Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен.Қортынды:
- Ертегілер елін біраз араладық, енді өз сыныбымызға қайтар кезде келіп жетті. Ол үшін тағы да сиқырлы тақшаның көмегі керек.
Сиқыр деген ғажап емес, міне әп-сәтте сыныпқа оралдық, бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Несімен ұнады?
- Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырылған.
Сендер осы ертегілердің өздеріңе ұнағанын алып үйден оқып келесіңдер. Ойдан ертегі құрастырып көріңдер.- Ертегілер сенің қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды аскақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар. Сау болыңдар.