Ашы? саба? Ертегілер ?лемінде
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы:7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ертегі әлемінде
Сабақтың мақсаты : а) Оқушылармен әріптер әлеміне саяхат жасай отырып,
фонетикадан өткенді еске түсірту, қазақ тіліне тән төл дыбыстар жайлы мәліметберу және оның шығу тарихына тоқтала отырып, жаттығу жұмыстарын жасату, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі : ұрақ – жауап,түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар, интерактивті тақта, дәптермен жұмыс.
Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Үй тапсырмасын пысықтау
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бүгін біз жаңа модульді бастаймыз. Бұл модульіміз «Қазақтілін үйренеміз» деп аталады.Ал сабағымыздың тақырыбы «Ертегілер әлемінде»депаталады. Біз ертегілер әлеміне саяхат жасай отырып, ананың сүтімен балағадарыған ана тіліміз жайлы және ұлттық құндылықтарымыздың бірі болып саналатынтөл дыбыстарымыздың шығу тарихымен танысамыз.
Сіздерге бір сұрақ қойсам...қалай ойлайсыздар...Қазақ тілі мемлекеттік тіл ме, әлде ресми іс-қағаздар тілі ме? Иә, дұрыс айтасыздар, әрине мемлекеттік тіл.
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы-сөздік қор әрбәр елдің ұлттық мақтанышы. Енді назарларыңызды слайдқа аударсаңыздар.
1. Слайд: Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихыменбірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.
Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Сәрсен Аманжолов. С.Аманжоловтыңұсынысы бойынша 1940 жылы орыс әліпбиінің негізінде 42 әріп қабылданған. Соныңішінде 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ,Ң, Ө, Ұ (
1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І.
2. Слайд Қазақтың көрнекті лингвисті, тілші, ойшылы, тюрколог
ғалымы С. Аманжолов 1903 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Егінсу деген жерде дүниеге келген. 1916 жылы Катон-Қарағайдағы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін, Өскемен қаласындағы қалалық училищеге түсіп, аталған оқу орнын үздік бағамен тәмәмдайды. Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы ғалым.
3. Слайд: Сұрақтарға жауап беріңіз
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? 42 әріп
Дауысты дыбыстар нешеу? 12 дауысты дыбыс
Дауыссыз дыбыстар неше? 26 дауыссыз дыбыс
Дауысты дыбыстар өз ішінде нешеге бөлінеді? 1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан, жіңішке.
2.Жақтың қатысына қарай: ашық қысаң. 3. Ерін мен езудің қатысына қарай: еріндік және езулік деп бөлінеді
Дауыссыз дыбыстар өз ішінде нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыстар өз ішінде: қатаң, ұяң, үнді деп үшке бөлінеді.
4. Слайд: 1-ТАПСЫРМА. Берілген сөздер қай сөз табынан екенінанықта.
1. Әлсіз- ?2. Шашыраңқы- ?3. Жеделхат- ?4. Тыну- ?5. Сыйлау- ?6. Таласу- ?
5. Слайд: 2-ТАПСЫРМА. Мәтінді түсініп оқып, аударыңдар.
Ерте, ерте, ертеде әріптер мен дыбыстар әрқайсысы әр жерде, шашыраңқы өмір сүрді. Бірін-бірі сыйлау дегенді білмеді, бірінің орнына бірі таласып, соңы төбелеспен тынатын. Тәртіп жоқ жерде береке болсынба, күштісі әлсізіне күн көрсетпеді. Әрқайсысы әр түрлі үн шығарып, дүниені азан-қазан қылып жібереді екен.
Бұлардың осындай іс-әрекетінен шаршаған Әліппе бұдан әрі шыдай алмады. Бір күні терең ойға түсті. Әліппе әріойлады, бері ойлады. Ақырында Сөзстан қаласында оқып жатқан Тілге жеделхат салды: «Сөзстан қаласы, Синтаксис көшесі, «Грамматика»жатақханасына, Тіл Қазақұлына. Хал қиын. Әріптер бетімен кетіп барады. Тез жет! Әліппе».
3-ТАПСЫРМА. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңдар, сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Ертеде әріптер қалай өмір сүрді?
2. Сөзстан қаласына кім хат жазды?
3. Әліппе хатында не деп жазды?
4. Сіз ертегіні қалай аяқтар едіңіз?
Сергіту жаттығуы: Видео ролик
6. Слайд:4-ТАПСЫРМА. Тақтамен жұмыс. Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.
1. Ертеде әріптер мен дыбыстар шашыраңқы... .
2. Олар бір-бірімен...,...3. Күштісі әлсізіне күн...
4. Әліппе Тілге жеделхат...
Сөздерді үлгі бойынша талдаңдар
Сабақты бекіту:Оқушылармен рефлексия әдісін жүргіземін, сол арқылы сабақтан алған әсерлерін байқаймын.
Сұрақтар қоямын:
1. Сонымен Қазақ әліпбиінің негізін қалаған кім екен?
2. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?
Оқушылардың білімін бағалау:
Оқушыларды сабаққа қатысуына қарап бағалаймын.
Үйге тапсырма: Перфокартада берілген мәтінді, тиісті әріптерін қойып, толықтырып көшіріп жазыңдар.
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ.
Өткізген: Каримова Б.О.
2016 ж.