Сыныптан тыс ж?мыс: «Ертегілер ?лемінде»


Береговая жалпы білім беру орта мектебі.

Сыныптан тыс жұмыс.

«Ертегілер әлемінде»
Ағайынды Гриммдер ертегісінің желісі бойынша «Үйшік» көрінісі.
Мақсаты: оқушыларды өнерге баули отырып, сөздік қорларын байыту, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, әдеби шығармаларға қызығушылығын ояту, оқушылардың білім деңгейлерін өсіру. Оқушыларды кішіпейілділікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті оқушылар мен қонақтар! Бүгінгі біздің көрінісіміз әйгілі ағайынды Гриммдердің «Үйшік» ертегісі бойынша өтеді. Кейіпкерлер: Жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, жантайғыш аю.
Жүргізуші:
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды.
Тышқан:
Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Жүргізуші:
Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады. Секіріп бақылдауық бақа келді.
Бақа:
Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
Тышқан:
Мен, жертесер тышқанмын. Ал сен кімсің?
Бақа:
Мен – бақылдауық бақамын.
Тышқан:
Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:
Екеуі бірге тұра бастады. Секектеп секек қоян келді.
Қоян:
Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
Тышқан мен Бақа:
Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?
Қоян:
Мен – секек қоянмын.
Тышқан мен Бақа:
Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:
Олар үшеу болды. Жүгіріп жылмаң түлкі келді.
Түлкі:
Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
Тышқан, Бақа және Қоян:
Біз- жертесер тышқан, бақылдауық бақа және секек қоян, ал сен кімсің?
Түлкі:
Мен – жылмаң түлкімін.
Тышқан, Бақа және Қоян:
Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:
Олар төртеу болды. Үйшікке аю келіп, есік қақты.
Аю:
Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
Тышқан, Бақа, Қоян және Түлкі:
Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, ал сен кімсің?
Аю:
Ал мен – жантайғыш аюмын. Үйшігіне жантая кетсем – бәрің жаншылып қаласыңдар!
Жүргізуші:
Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты! Ал жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды.
Мұғалім: Осымен біздің көрінісіміз аяқталды. Ал еңді балалар сұрақтарға жауап беріңдер.
Үйшікті кім болып бірінші тапты?
Секек қояннан кейін кім келді?
Тышқаннан кейін кім келді?
Үйшікті қиратқан кім болды?
Назарларыңызға көп рақмет!