Ыбырай Алтынсарин «?зен» ?ле?і


Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңіСабақтың мақсаты:Білімділік: Өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін, шығармашылық қабілетін жетілдіру.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, адамзат ауасын жұтып, сусын ішіп отырған табиғат - ананы қорғап, аялауға үйрету.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтастыру, СТО әдістеріСабақтың көрнекілігі: өзен, көлдің суреттері, сызбалар, кеспе қағаздар, АКТСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылармен сәлемдесу;ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеруІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Кубизм» әдісі1 - топ. Зертте: «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің тақырыбы қандай?2 - топ. Суретте: Әңгімеде Антон бейнесі қалай бейнеленген?3 - топ. Салыстыр: «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін «Әке мен бала» әңгімесімен салыстыру.4 - топ. Қолдан: Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?IІІ. Жаңа сабақТабиғатсыз адамзаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші табиғат пен адам егіз ұғым. Адам өз тіршілігіне қажеттіліктің бәрін табиғаттан алады. Өз кезегінде табиғатқа да көмегін тигізіп отырады. Ағаштар отырғызып, орман тоғайларды табиғи өрттен құтқарып, жан - жануар, құстарға қамқорлық көрсетеді.(Экологиялық тәрбие беру.)Бүгінгі сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысатын боламыз.(Тақтаға жазу)Суретпен жұмыс.- Сурет бойынша не айта аламыз? Суретте не бейнеленген? (Экологиялық тәрбие беру)(Оқушылардың жауабы)- Суретте аспанмен тілдескен биік таулар, ақбас шыңдар, таудан сарқырап ағып жатқан өзен, көк майса, өрлей өскен шыршалар, табиғатқа ерекше көрік сыйлап тұрған әсем гүлдер. Өзен жағасында маржан тастар бейнеленген.- Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады?- Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?IV. Шығармашылық тапсырмаа) «Табиғат және адам» тақырыбында не айта аламыз?(Ауызша әңгіме құрастыру)ә) Концепцуальды карта(Оқушылардың шығармашылық ой - өрісін дамыту)б) Өлеңді мәнерлеп оқу (Мәнерлеп оқуға үйрету)- Бұл қандай шығарма?- Поэзиялық шығарма.- Шығарманың өзге қандай түрлерін білеміз?- Проза, драма, роман т. бв) Сөздік жұмысы ( Сөздік қорын байыту)Қынарда - жағасындаЖанабында – маңайындаАлуан - алуан – әр түрліV. Өлеңді сатылай кешенді талдауАвторы: Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы - педагог, ұлы ұстазТақырыбы - өзеннің сұлулығын суреттеу.Жанр түрі - поэзия (өлең)Идеясы - табиғатты қорғауШумақ саны - 4 шумақтыТармақ саны - 18 тармақтыБунақ саны - 2 - 3 бунақтыБуын саны - 11 буынды өлеңҰйқас түрі: қара өлең ұйқас түріне құрылған.Әдеби - теориялық ұғымдар - эпитет, теңеуТүсіндірме сөздік: Өксіген - шөлдеген мақсатында,Қынарда - жағасында, маңында,Жай - орын, қонысЖанабында - жанында, маңындаТәрбиелік мәні - табиғатты аялай білуге үндейді.VI. «Топтастыру» әдісі.