Ашы? саба? Г?л алатын ??мыра


Күні
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлім : Мүсіндеу.
Тақырыбы. Гүл алатын құмыра.
Мақсаты:Бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру.
Ермексазды дұрыс қолдану, ширатуға,сопақшаны созуға үйрету.
Мүсіндеуге деген қызығушылықты арттыру.
Әдіс- тәсілдер: көрсету, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер: суреттер, ермексаздар
№ іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті Жағымды жағы Жағымсыз жағы
1.
2.
3.
Мотивация.
ізденіс- ұйымдастыру
Рефлексия
Жылулық шеңбері
Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша Ендеше, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп, бір-бірімізге жақсы сөздер айтайықшы.
Суретпен жұмыс.
Суреттен нелер көріп тұрсыңдар? -Бөлме гүлдері не үшін керек?
Д. Ойын.Бөлме гүлдерін ата.
-Балалар, енді біз гүлдерге арнап, құмыра мүсіндейміз.қуыршаққа мойынорағышты мүсіндейміз.Ол үшін мына үлгіге қарап,ермексазды жұмсартып, сопақша қалыпқа келтіреміз.
Саусақ жаттығуы.
-Қане, ең алдымен саусақтарға жаттығу жасап алайық.
Балалардың еңбектері.
Сұрақ- жауап.
-Құмыра не үшін керек?
-Оған не саламыз?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қанат қағып жаяйық,
Ұшақ болып,ұшамыз.
Орнымызды табамыз.
-Бүгін нені мүсіндедік ?
-Құмыра неге ұқсайды ?
-Өте жақсы.Біз енді құмырамызға гүл салып қоятын боламыз..

Мадақтау.
Балалар жылулық шеңберін орындайды.
Балалардың жауаптары.
Ермексазбен жұмыс.
Балалардың жауаптары.
Балаларды мадақтау Күтілетін нәтиже: Ермексаздан құмыра жасауды үйренеді.
Ермексаздың әртүрлі ерекшелігін игереді.
Берілген тапсырманы ұқыпты орындауды меңгереді