Конспекты мектепалды даярлы? топ


 
Ақмола облысы
Степногорск қаласы
№1 Ақсу орта мектебі


Өзін – өзі тану 1-2 сынып
Дайындаған: Шапейқызы.Ж
Дөңгелек үстел тақырыбы: Отбасы жарастығы
Ата-аналар: 1-2 сынып
Пәні:Өзін-өзі тану
Мақсаты: Ата-анаға баланың жан дүниесін түсіне білуге кеңестер беру. Ұлттық тәрбиенің маңызы зор екенін айтып, этнопедагогикаға назарын аударту.
Шаттық шеңбері
-Қайырлы күн, ата-аналар!Сіздермен танысу мақсатында біз қазір «өрмекшінің торы» ойынын ойнаймыз. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты-жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті берімін. Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз. Қарасаңыздар, өрмекшінің торы шықты. Енді кері қайтарамыз, ол үшін сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттірен айтасыз.
-Құрметті ата-аналар, біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Отбасы жарастығы». Отбасы – әр адамның шағын отаны, қоғамның бір бөлшегі. Тбасы дегенімізде бірінші үйдегі бала, бала тәрбиесі деген сөзді қолданамыз. Сол себепті де бүгінгі тақырыбымыз бала жайында өрбімек.
         Бала тәрбиесі қашанда кезек күттірмейтін, күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек. Бала үшін отбпсы – басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды. Сөйтіп бала өзінің ең жақын адамдары арқылы өзін қоршаған дүниені танып біледі.
         Қарым-қатынастың ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Ата-ана тарапынан балаға бақылау мен талаптарды орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау, мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады.
Жағдаяттарды талдау1. Бала өте қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бірауыз жыылы сөз естімеді.
         Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?
         Сіз балаңызды осылай болып өскендігін қалайсыз ба?
2.Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.
         Анасының іс-әрекеті дұрыс деп құптайсыз ба?
         Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?
Сұрақтар легі:
-         Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
-         Отбасы жарастығының сыры неде?
-         Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесіз?
-         Балаңыз бір оғаш нәрсе жасап қойды делік. Сіз мұндай жағдайдан өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?
-         Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі ақылдасып отырасыз ба?
-         Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
Тыныштық сәті:
  - Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар. Біркелкі демалуға тарасыңыздар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                          
Сергіту сәті. 1. «Сиқырлы таяқ» ойыны.
         Әр ата-анаға тек қана жақсы қасиеттерді айтамын құлақтарына, ортадағы таяқшаны ұстап тұрып, бір қасиетті айтамын, сонда сол адам таяқшаны құлатпай ұстап қалу керек.
Ер жүрек, батыл, қайсар, табанды, сенімді, мейірімді, адал, шыншыл, шыдамды, өжет, талапты, қайратты, әдепті, бауырмал, әділетті, қамқоршы, қайырымды, дарынды, талантты, жауапкершілікті, инабатты, тәрбиелі.
Дәйексөз
«Баланы 5-ке дейін патшадай тәрбиеле,
15-ке дейін еңбекке құлындай тәрбиеле,
15-тен кейін ақылшың ретінде ұста» деген керемет ұлағатты нақыл бар.
 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».
Жүректен жүрекке
Бүгінгі әсерлеріңіз қандай? Бір-бірлеріңізге шаттық, көңіл-күй, жақсылық тілек білдірейік!