Ерте?гілік Жа?а жыл мерекесі


Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, кейіпкерлердің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, балалардың шығармашылықтарын дамыту.
(Музыка әуенімен балалар кіреді).
Жүргізуші:Қымбатты қонақтар, ата-аналар, әріптестер балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ бірлік тілейміз!
Балалар, біздер бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.
Жүргізуші: Балалар біздің шыршамыз қандай?
Балалар: Үлкен, биік, әдемі, ойыншықтары түрлі- түсті, қызыл жасыл ойыншықтармен безендірілген.
Жүргізуші: Балалар мынау не?
Балалар: Қоңырау.
Жүргізуші: Бұл жай қоңырау емес, сыйқырлы қоңырау. Егер қоңырауды сыңғырлатсақ ертегі кейіпкерлері қонаққа келеді. Қәне сыңғырлатып көрейікші.
Аққала: Көңілсіз қолмен мұрнын жауып кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе? Сен неге көңілсізсің бүгін?
Аққала: Маған қарандаршы?
Жүргізуші: Аққала сен не мұрнынды жоғалтып алдын ба? Ренжіме Аққала біздің балаларымыз саған көмектеседі. Балалар қалталарынан іздеп көріндерші? Орындықтың астын іздеп көрейікші? Әлде ата-аналар сіздер алдыңыздар ма?
Балалар: Жоқ.
Жүргізүші:Балалар олай болса орманға барып Аққаланың мұрнын іздеп қайтайық. Мен паровоз боламын, ал сендер вагондарым боласындар.
Жүргізуші: Балалалар орманға да келіп жеттік. Мынау кім қорылдап жатқан?
Аю: Кім бұл мені ұйқымнан оятқан, менің орманымда не істеп жүрсіндер?
Жүргізуші:Аюжан бұл біздер мына Аққаланың мұрнын іздеп жүрміз. Сенде жоқ па?
Аю: Менде мына жаңғақтарғана бар. Аққала мына жаңғақты қойып көрші.
Аққала: Жоқ, жоқ бұл маған тұра келмейді бұл менің мұрным емес.
Жүргізуші:Аққала ренжіме сенің мұрнынды іздеп табамыз. Кел, аюмен бірге ойын ойнап көңіліңді көтер.
Ойын «Қорбандаған аю».
Жүргізуші: Олай болса аққаланың мұрнын іздеу үшін енді ұшаққа мінейік.
Қане балалар мына шыршаның жанына келіп қонайық.
(Шырша түбінде қоян отырады).
Жүргізуші: Балалар қарандаршы? Бұл жерде қоян отыр екен. Сәлеметсің бе қоян. Бұл жерде не істеп отырсын?
Қоян: Мен Жаңа жылдық мерекеге достарымды күтіп отырмын. Ал сендер не істеп жүрсіңдер?
Жүргізуші: Біз мұнда Аққаланын мұрнын іздеп келдік.
Қоян: Мүмкін мына менің сәбізім тура келер.
Аққала: (мұрынды киеді) рахмет саған қоянжан, менің мұрным осындай еді, қандай тамаша, алақай, алақай.
Жүргізуші:Аққала енді көңілің көтерілді ме? Олай болса біздің қояндарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Қояндар».
Жүргізуші: Балалар біздің Аяз атамызбен Ақшақар кешігіп жатыр ғой. Қане барлығымыз бірге , Аяз ата Ақшақар, Аяз ата Ақшақар,Аяз ата Ақшақар шақырайықшы.
Аяз ата:Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларын.
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан.
Аталарын сендерге,
Шаршап келді алыстан.
/Балалармен амандасады/
Ақшақар: Аяз ата біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр.
Аяз ата: Балалар мен сендерге бір құпиямды ашайын. Қане барлығымыз аяқтарымызды тарсылдатамыз. (шырша шамдары жағылады).
Аяз ата: Қане шыршаға қарап алақанымызды жайып үрлейік. (шырша шамдары өшеді).
Ақшақар: Аяз ата олай болса шыршамен бір ойын ойнайық.
Ойын «Шырша».
Жүргізуші: Ой рахмет Аяз ата Ақшақар. Ойын ойнап балаларымыздың көңілдері бір көтеріліп қалды.Ал енді шыршамызды айналып бір ән айтайық.
Ән: «Шырша» хормен.
Жүргізуші: Сіздер алыстан шаршап келген шығарсыздар. Енді балаларымыздың тақпақ, әнін, биін тамашалаңыздар.
Аяжан:Қараңдар мынау шыршаға
Неткен әсем көрікті.
Жаңа жылдық думанға,
Аяз ата келіпті
Нұртас: Келді міне жаңа жыл
Қарсы алайық, бәріміз
Міне, ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз.

Аида: Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны
Абзал: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күткен сағынған
Нурали:Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып
Ақшақар:-Қане менің кішкентай ақшақарларым. Аяз ата мен ақшақарлармен бір би билеп берейін сізге.
Би: «Ақшақарлар».
Жүргізуші:Аяз ата балаларымыздың тағы тақпақтары бар екен соны тамашалаңыз.
Диана: Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
Диас: Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын, жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Айару: Әкелсін жыл ырыс-құт,
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық тамаша
Жаңа жылым тамаша
Олжас: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Раяна: Аппақ, аппақ қар аппақ
Аппақ аппақ дала аппақ
Қырау қырау тал аппақ
Айналаның бәрі аппақ
Арсен: Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті-ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ
Аяз ата: Ой бәрекелді менің кішкентай Ақшақарларым өте тамаша билейді екенсіңдер. Ал енді меніңде сендермен бір ойын ойнағым кеп тұр.
Ойын:«Қатырмақ».
Ойынын шарты:
Аяз ата: Қазір мен қолдарынды қатырамын.
Ақшақар: Қане балалар қолымызды шапалақтайық.
Аяз ата: Енді аяқтарынды қатырамын.
Ақшақар: Қане аяғымызды тарсылдатамыз.
Аяз ата: Ал енді мұрындарынды қатырамын.
Ақшақар: Мұрындарымызды ысқылаймыз.
Аяз ата: Енді құлақтарынды қатырамын
Ақшақар: Енді құлағымызды жасырамыз.
Жүргізуші: Ал енді аяз ата біздің қыздарымыздың биін тамашалаңыз.
Би: «Қуыршақтар».
Аққала: Аяз ата меніңде достарым осында екен менде сол достарымен бір би билегім кеп тұр.
Аяз ата: Ой рахмет балалар мен сендермен ойын да ойнадым, би де биледім мен сондай ыстықтап кеттім, бір салқын су болса.
Аққала: Қазір Аяз ата мен сізге су әкеп беремін. (шығып кетеді).
Жүргізуші: Аяз ата Аққала келгенше бәріміз бір би билейік.
Би: «Буги-буги».
(Аққала шана мен шелектегі суды алып келеді. )
Аққала: Аяз ата міне ішіңіз.
Аяз ата: Рахмет. (Аяз ата су ішейін деп жатқан кезде (саптыаяқ) бір кәмпит түсіп кетеді).
Аққала: Мынау не? Мұнда сыйлықтар бар екен ғой. Аяз ата сіз сыйқыршы екенсіз ғой. Мына шелектегі суды сыйлықтарға айналдырып жіберіпсіз ғой.
Аяз ата:Ия бұл менің балаларға әкелген сыйлықтарым. Қане Ақшақар, Аю, Қоян, Аққала қайдасыңдар мына сыйлықтарды балаларға таратып беріп жолға шығайық. Бізді тағы басқа балалар күтіп отыр . Сау болыңдар балалар, көріскенше.
Жүргізуші: Міне қымбатты балалар, бірлесіп достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!