Тілдер мерекесі 4-сынып. Саба? жоспары. Презентация.


Күні: 25.09.2015
Сыныптар: Қазақ бастауыш сыныптары
Тәрбие сағатының тақырыбы: ҚАЗАҚ ТІЛІ-МЕНІҢ АНА ТІЛІМ!!!
Мақсаты:
1. Оқушылардың ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету;
2. Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру.
3. Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Өткізілу барысы:
Сайыс сабағы слайт түрінде, интерактивті тақтамен өтеді.
Кіріспе сөз: Тілдер мерекесі жайлы .
Бейне-ролик: «Қазақ тілі-менің мақтанышым»
Ақын-жазушылардың тіл туралы пікірлері
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғ.Мүсірепов
Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.
М.Әуезов
Тілдің тірікшіліктегі мәніне қазақ ежелден көңіл бөлген. Сондықтан да “өнер алды- қызыл тіл” дейді.
С.Мұқанов
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б.Момышұлы
1-сайыс: «Бәйге»
Тапқырлар тобына тапсырма:
Өнер алды не?
Ең бірінші бақытым ......
Үш биді ата
Тілдің ең негізгі қызметі
Ашу дұшпан - .........
Тіл туралы заң қашан қабылданды
Алғырлар тобына тапсырмалар:
Сөз анасы ..........
Ал екінші бақытым ...........
Құрғақ сөзінің антонимі .......
Мұсылмандардың қасиетті үйі
Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?
Мұсылман дінінің қасиетті кітабы
2-сайыс: «Өлең сөздің патшасы» Мәнерлеп оқу сайысы
3-сайыс: Мақал –сөздің көркі
4-сайыс: «Полиглот» Жұмбақтардың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айту керек
5-сайыс : «Даналық ойдан дән ізде» Шығармашылық сайыс
Бес жолды өлең құрастыру
Әділқазылардың қорытынды бағалаулары.
Мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наурызбаева Гульжан Қайдаровнаның құттықтау тілегі.
«Жаса-жаса Қазақ тілі » әні
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы «Ушанов орта мектебі» КММ
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Қазақ тілі –менің Ана тілім»
4 «Б» сынып
Сынып жетекшісі: Қасымова Арайлым
Жәмиқызы
2015-2016о.ж.