Жыл мезгілдері ашы? саба? мектепалды даярлы? тобы


Жыл мезгілдері
Тақырыбы: Жыл мезгілдеріМақсаты: Балаларыа табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білугетәрбиелеу.Көрнекі құралдар: Табиғат бейнеленген сурет, жыл мезгілдері мен ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер, бояулар, ақ қағаз қайшы, желім, түрлі - түсті қағаз.әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пәнаралық байланыс,Сабақ барысы:Психологиялық сәт:- Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.- Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?- Қыс айларын білеміз бе?- Жақсы, бүгін біздің сабағымыз осы жыл мезгілдері туралы болады.- Бәріміз орнымызға отырайық.- Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып алыңдар.Шанамен зырлап желетін,Шаңғы, коньки тебетін,Аққала жасап ойнайтын,Қай мезгіл деп ойлайсың?(Қыс)(Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)Балаларға қыс туралы сұрақтар қою.- Қыста қандай өзгерістер болады?- Қыс мезгілі ұнай ма?- Сендер қандай ойын ойнайсыңдар?- Қыста қандай мереке бар?- Қыс туралы кім тақпақ біледі.(1 - 2 бала тақпақ айтады)- Жақсы, енді келесі жұмбақ - өлеңді тыңдаңдар.Бұлтты айдай желдеткен,Нөсерлеткен, селдеткен,Шалшық кешіп ойнайтын,Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)(Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)- Көктем мезгілінің айларын кім атап береді?- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?- Көктемде қандай мерекелер бар?- Көктем туралы кім тақпақ біледі.(1 - 2 бала тақпақ айтады)- Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.(Музыкамен сергіту жаттығу)- Енді келесі өлеңді тыңдаймыз.Қойының толы жеміске,Көк майсалы егісте,Көбелек қуып ойнайтын,Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)- Қараңдаршы балалар, суретте не көріп отырсыңдар?- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?- Жаз айларын кім біледі?\Балалардың жауаптары\- Ал енді соңғы жұмбақ.Жиып - теріп болатын,Қамбаға астық толатын,Қызыл қырман ойнайтын,Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)(Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)- Ал күз айларын кім біледі?- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?- Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?(1 - 2 бала тақпақ айтады)«Тірі және өлі табиғат» ойыны.- Балалар, сендер жыл мезгілдерін таптыңдар, енді «Тірі және өлі табиғат» деген ойын ойнап жіберейік. Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.- Қарлығаш.(Қол шапалақтау)- Тау.(Аяқпен топылдату)- Ағаш. (Қол шапалақтау)- Күн. (Аяқпен топылдату)- Қоян. (Қол шапалақтау)- Су. (Аяқпен топылдату)- Ал енді балалар біз екі топқа бөлініп өзімізге ұнайтын жыл мезгілдеріне байланысты 1 топ жапсырамыз, ал 2 - топ сурет саламыз.- Балалар мына жерде алдын ала боялған қағаздар бар, қыс және көктем мезгіліне көкшіл қағаз, күз мезгіліне сарғыш қағаз, ал жаз мезгіліне жасылдау қағазды таңдаймыз.Музыка ақырындап ойнап тұрады.(Балалардың жұмыстары)(Балалардың салған және жапсырған суреттерін тақтаға ілу)Дидактикалық ойын «Жыл мезгілінің бөлігін тап»Балалар шашылып жатқан бөліктерін құрау арқылы 4 жыл мезгілін шығарады. Кім қандай жыл мезгілін құрағанын айтып береді.- Балалар тақтада сендердің салған, жапсырған суреттеріңді іліп қойдық.- Қане қай сурет ең әдемі шыққан, өздерің айтыңдаршы. Балаларға талдату.(Кімнің салған суреті, қай жыл мезгілін салған, жапсырғанын сұрау, мақтау)