Ерте?гілік: Хош бол, Балдыр?ан! (даярлы? топ)


«Қош бол балдырған»
Музыка әуенімен екі тәрбиеші шығады.2 жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,Мұндай күй болған сірә, қаншаңыз да.Қол соғып, қошеметтеп шақырайықБалапан бүлдіршін түлектерін.
1ж: - Ендеше балабақша түлектерін қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:
2 ж Балапан тобының биші қыздары - Адия, Азалия. 1ж: - Топтың еңбек десе ерінбейтін еңбекқор қыздары - Анель, Данеля. 2ж: - Тобымыздың күміс көмей әншілері – Айназ,Аяжан,Айдана.1ж: - Топтың кербез де ерке қыздары - Қаусар, 2ж: - Тобымыздың сүйкімді де сүйікті ұлдары - Нұрдаулет, Асылхан, Абушахман, Естай,Ділнар,Нұрымхан,Данияр,Ералы,С.Нурсултан,Нүралы,Мансұр,Ерасыл,Алтынбек,Әділхан,Мейрамбек,Т.Нұрсултан.
Балалар ортаға шығып, жылы лебіздерін айтады:- Бүгін біз үшін мереке! Данияр- Біз үшін есте қалатын күн! Азалия- Біз балабақша түлектеріміз! Нуралы- Біз білімді балаларымыз! Анеля - Біз өнерлі балапандармыз! Ділнар- Біз Қазақстанның болашағымыз!Естай - Балабақшамызды қимай барамыз. ЕрасылЖүрг: Құрметті қонақтар! Бүгін өте салтанатты күн. Біз өз тәрбиеленуші бітірушілерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз. Уақыт зымырап алға қарай жылжиды, балалар мектеп, сонан соң институт бітіріп, дәрігер, мұғалім, әртіс, инженер болады. Бірақ біз оларды балабақшаны, тәрбиеші апайларды және бүгінгі алғашқы кешті ұмытпайды деп үміттенеміз!(Есік сыртынан күлген баланың дауысы естіледі. Тәрбиеші арбаға салған қорапты әкеледі, ішінен аузында соска, алжапқышы бар кіші топ баласы шығады)Жүрг:Өтті қызық көп күндер,5 жасқа енді жеттіңдер.Барасыңдар мектепке,Бір белестен өттіңдер.Өсті ақыл - ойларың,Өсті міне, бойларың.Қуанышқа ортақпыз,Құтты болсын тойларың!
ӘнБи: « »
Жүрг: Сіздер де балабақшаға келгенде осындай тәп - тәтті сәби едіңдер. Ал қазір есейіп мектепке барғалы тұрсыңдар. Сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма? (иә).Ән: «Балабақша мекенім»Мақта қыз кіреді.АдияМақта қыз: Саламатсыңдар ма, сүйкімділерім менің! Мұнда не істеп жүрсіңдер ?Балалар: Біз мектепке бара жатырмыз.Мақта қыз: Рас па? Ендеше балалар әдепті сөздерді біле ме екен, ол сөздер мектепте өте қажет.«Не деу керек?»
Апаң сенің базардан Ерасыл
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек? Рахмет апа деу керек 
Балалар жүр көшеде Абушахман
Естіледі шу айқайСенде шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай
Мұндайда не деу керек? Кешіріңіз деу керек
 
Осы келген бетіңде Мейрамбек
Допты қудың, жарыстың
Көшенің сол шетіндеКезікті бір танысың
Ұмыттың сен не деуді? Салеметсиз бе деу керек
 
Үй артында қоқысты С.Нурсултан
Жатқан көптен үйіліпТазалайды қарт кісіБелі зорға иіліпНе дегенің жөн еді? Көмектесейін деу керек
 
Әжең сенің түскі асқа Естай
Қант пен кәмпитті салды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа
Ай шай жоқ салдың қол
Жөн еді не айтқаның? Рұқсат па деу керек
 
Добын апар Назардың! Ералы
Деді ағаң бармадың
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың
Сен қай сөзді айтпадың? Жарайды мақұл деу керек
Ән: « »
Адия- Мақта қыз: Сендер өте әдепті әрі әдемі балалар екенсіңдер. Жолдарың болсын!
Алдар Көсе кіреді.Нуұрымхан -Алдар Көсе: Сендер қайда бара жатырсыңдар?Балалар: Біз мектепке бара жатырмыз. .Алдар Көсе: Қызық екен. Ендеше мен сендердің есепті қалай шығаратын тексерейін.
Жұдырықта неше саусақ бар?
Анасының мысығы, иті, қызы бар.Анасында неше бала бар?
Дүкеннен анам 4 бұрышты 2 доп алып келді, оның біреуін ініме берді. Менде неше доп қалды?
Дұрыс айтасыңдар балалар доп 4 бұрышты болмайды.
4 бұрышты не болады?
Қонжық екеу,табаны нешеу.(8)Үш қоянда қанша құлақ бар? (6)
Алдар Көсе: Жарайсыңдар, балалар! Сендер мектепке дайын екенсіңдер. Сендерге сәттілік тілеймін. Жолдарың болсын!
Қоңырау кіреді.
Әділхан-Қоңырау:Балалар сендер портфельде не болу керек екенін білесіңдер ме?
Бал-р:Ия.
Көрініс Портфель. Портфельдің суретіме салынған үйшік тұр.Жүргізуші - Айдана Биік те емес аласаБір портфель тұр жараса.Қызыққандар кіре алмайСыртында жүр таласа.Сонда бұны кім алғанІшіне оның не салғанҚұлпын ашып көрейікНелер барын білейікДанеля: Түк, түк, түк.Кіреуіме бола маӘлде біреу тұра маӘрине ешкім тұрмайдыТұрса үнсіз болмайды.Әне пенал келедіСөзімді сол жалғайды.Пенал - Данияр:Пай пай пайТүсім бе әлде өңім беЖай портфель емес тегіндеБолса болар тек қанаЕртегілер елінде.Жақынырақ барайынІшіне көз салайын.Кім тұрарын портфельдеЖайлап біліп алайын.Түк түк түкБолар ма екен кіруге?Кім тұрарын білугеЖауапсыз қалды сұрағымОнда өзім тұрамын.(Ішіне кіріп кетеді)Жүргізуші - АйданаЕнді әліппе келедіПортфельді ол да көредіӘліппе - МансурАшық екен есігіІшіне жайлап кірейінКімдер барын білейінЖақсы достар болса егерБірге өмір сүрейінЖүргізуші - ДанеляЕсікті ашып осы сәтПанел шықты ақылдыӘліппені өзіменБір тұруға шақырды.Пенал - ДаниярКір Әліппе бас қосайықБірге тұрып достасайық.Жүргізуші - АқботаЖүгіріп дәптер келді деКіргісі келіп ішінеҚарады ол да телміреДәптер - НұрдаулетЖазу жазар болса кімОнда мен де керекпін.Кіргізіңдер мені де.Бірге тұрайық демекпін.Жүргізуші - ДанеляӘліппе де жөн көргенАдал достыҚатарына дәптердіЖедел қосты.Әліппе - МансурКел дәптерім келіңізПортфеліме кіріңізОқушы үшін әрқашанКерекпін деп біліңізЖүргізуші - АйданаТүгелдесіп бір бірінеДостар күтіп алаңдарКеліп жатты жүгіріпТүрлі түсті қаламдарПайда болды 4 - тік теКөп ұзамай 5 - тік те.Айтып жатты жарысып.Өз ойларын естірте.5 - Тік - АсылханОқушының бәрі деМені жақсы көреді.Портфельдің дәл төріненМаған орын береді.4 - Тік АлтынбекЖақсы оқитын балалар4 пен 5-ті аладыҰқыпты өзі ынталыТәрбиелі болады.Қызыл қалам -ӘділханӘрине, әрине!Керексіңдер бәрің деКөңіл сыйса сыямызТар болса да ұямыз.Көк Қалам -КәусарТәртібінен сабақтан«4» «5» Алып жарыссынКіріңдер жақсы бағаларОқушылар таныссын.Жүргізуші - ДанеляМіне осылай портфелдіңЛезде іші толып кеттіАрттарынан жүгіріп2 лік пен 1 де жетті2 лік АйназПортфелім мені қалдырмайКіргізіп ал ішіңеЖалқауларға жайлымынЖалынбаймын үшіңе.1 лік АяжанЖалқаулардың жалдап аламАңқауларын алдам алам.Көшпей қалса сыныптанДосым үшін мен де қалам.Жүргізуші - АйданаСұрланып босағаданПенал шықты.Ұрысып «1» « 2»- ніЖерге тықты.Пенал - ДаниярСөздеріңді жөн көретінБізді аңқау кім деп едіңБалалардың досы мықтыСендерсіз ақ күн көретін.Еңбек етпей ерінсеОл оқушы бола маДостарымыз 4 пен 5Кетіңдер бізге жоламаЖүргізуші - ДанеляКіргізбей 1 мен 2 ніСарт етіп есік Жабылды.Оқушы екен иесіМіне өзі табылдыОқушы қыз Арай жүгіріп шығады.Ән
1 - ж: - Келесі кезекті «Балапан» тобының ұлдарына берейік. ( Ұлдардың тақпақтары)С.Нурсултан: - Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Алыс емес арамыз, Сіздерге келіп тұрамыз.Анеля: - Мен де кітап аламын,
Мен де оқуға барамын.
«Жаман» бала дегізбей, Жақсы оқитын боламын.
Асылханқараңдаршы кітаптарда ,қаламда ,көп болатын ағамда .менде бұрын жоқ еді ,әкелді анам мағанда .Ділнар:Қараңдаршы !Тазалап жуып басымды ,Тарап қойдым шашымды,Бола қалдым лезде ,Мержан ағам секілді.Нұралыәркез аман бол деймін әкем менен шешемді ,енді ертіп келмеймін .жыламаймын енді мен, сабақтанда қалмаймын,ата-ана үмітін ,әрмен қарай жалғаймын. Мейрамбек :қызық күндер өткіздік ,Даярлықтың бағында Көп оқыдық, көп білдік ,Ел менен Отан жайында ,Мектепке енді барамыз,Мұңаймаңыз сағынып.Қашықта болса арамыз,Топқа келіп тұрамыз.Азалия:Сәлем саған мектебім ,Сәлем білім ордасы,Жасыл бақты көктемімЖастық шақтын ордасы.
Алтынбек.Мектепке енді барамыз,Оқимыз сауық құрамыз.Қашық емес арамыз,Бақшаға келіп тұрамызМансур.Балабақшам бесігім,Қайсысын айтып бітейін.Қабыл алшы гүлімді,Сіздерге сыйлап кетейін.
Тәрбиеші: ал енді балалар болашақта өз армандарын сендерге айтып берсін.Күнге күліп, күй шерткен АбушахманАйға әнін тыңдатқанАқын жырын жырласаТаң шолпанын қуантқанҰшқыш болғым келедіҰшқыш болмай неменеҚуат бітті денемеҚанатым бар қайыспасҰшқыш болғым келеді.Адия: Мен дәрігер боламынАқ халатты киемінАппақ болып жүремінӨзім жақсы сүйемінДәрігермін мен деймінКәрі әжемді емдеймінКөп-көп ішіп дәрініКәрілікті жең деймін.Нұрдаулет: Аспан, аспан арайлымСаған жиі қараймынСені көзбен шоламынМен ғарышкер боламынБоламын десем боламын.Кәусар: Ғажап қой сырлы сөйлегенҚазақтың қара өлеңіАтамды тыңдап кейде менАқын болғым келедідемекші біздің Балдаурен орекстрі ортаға шақырайық.Тәрбиеші: Ал қазір балалар өздерінің алғыстарын айтады.Айназ: Жайдары жүз, ай қабақ Жүреді бізді аймалапТобымызға жиі кепБілгеніңді сұрайтынАқыл айтып тұратыпДинара Серікқызына көп рахмет.Ерасыл: Ағылшын тілім білсін депҮйреткен бізді Мақпал апайҚоштаспай біз қаламызМектепке іздеп табамыз.Ералы: Әрбір күні Бір-бір баладайСапқа бәріміз тұрамызСекір десе секіріпАйтқан тілін аламынБолды бізге Айшагүл апайАрайлап атқан ақ таңдайСалауатты өмір кешіпСамғаймын алға қырандайНұрымхан: Үйренгеміз өнер біз Шетімізден шебермізБал татыған әндердіМың бұралған билердіҮйреткен Медергуль, Гүлжан апайларға мың алғыс.Айназ: Жазу жазып үйреткен Әріптерді оқытқанСанамақты жаттатыпСанауды бізге үйреткенЖақсы болсақ қуанғанҚате болсақ кешірген Нағима Мадиқызына,Сұлушаш ЗаркешқызынаАйтамыз мың алғыс.7. Темірлан: Бізді баптап қараған Күлімдеген жақсы адамАқ төсекке жатқызғанБасымыздан сипағанБақыт апайға көп рахмет.
Балаларға арнап тәрбиешілері ән орындап береді. Сыйлықтар тарату.
Ән2 - ж: - Балабақша – бесігім, Тағы бір той жасайық. Ашып мектеп есігін, Өзіңмен қоштасайық.1 - ж: - Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Сау болып тұрыңыздар жолыққанша, Осымен концертіміз аяқталды!
Қоштасу вальсі.