Ерте?гілік сценарий Жолы? болсын балдыр?ан!
«Жолың болсын балдырған!»
Ертеңгілік
«Бәйшешек» мектепалды даярлау тобы
Тәрбиешісі: Ж.А.Есмурзаева
Шымкент 2014ж
Жолың болсын балдырған!
Мерекеге сай безендірілген залға музыка әуенімен жүргізуші келеді.
Зал ішінде үлкен көлемді қорапша болады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар! Бүгін бізде үлкен мереке,балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр. Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша,
Көңілде мәңгі сақталсын
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Қоштасуға арналған,
Сыйымызды қабыл алыңыз!
Музыка әуенімен қорапша ашылады.
Би « Балдаурен»
Жүргізуші:Ән саламыз бас қоса,Бақшаменен қоштаса.Күніміз тұрсын күлімдеп,Жүрейікші достаса.Көңілді өскен баламыз,Шырқап әнге саламыз.Тойымызға сән беріп,Ән де айта аламыз!
Ән « Бақшаменен қоштасу» (авторлық ән)
Жүргізуші: Өткізіп қызық күндерді
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып тамсанып,
Қимай кетіп барады.
Интерактивті тақтадан видеоролик қосылып, балалрдың тілек, алғыстары айтылады.
1. НұрдаулетБіз бақытты баламыз,Жетіліп ой санамыз.Бақшамызбен қоштасып,Мектепке кетіп барамыз.Бал күндерді қиялдап,Сағынамыз әлі-ақ біз.
2. Іңкәр Ойыншықты жинаймыз,Бөбектерге сыйлаймыз.Оқу білім үйреткен,Өзіңізді қимаймыз.Жеті жасқа толамыз,Қуантып ата-ананы,Мектепке кетіп барамыз!
3. СұңғатБіз сабақты бастаймыз,Қайталаудан аспаймыз.Есептен де қашпаймыз.Жазуды енді бастаймыз.
4. Д.Әмина Оқимыз сауық құрамыз.Қашық емес арамыз,Бақшаға келіп тұрамыз
5. БағжанБалабақшам бесігім,Қайсысын айтып бітейін.Қабыл алшы гүлімді,Сіздерге сыйлап кетейін.
6. БекзатБақша біздің панамыз,Мектеп біздің анамыз.Ұлағатты ұстаздан,Оқып білім аламыз.7. Аянат
Біздер алты жастамыз,Сәбиліктен асқанбыз.Мектеп бізді шақырды,Қош бол,әсем бақшамыз.
8. ДарынҚош балалар бақшасы,Естен кетпес есімің.
Қош балалар бақшасы,Алғаш ашқан есігім
9. Давранбек
Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош сау-бол!
10. Несібелі
Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша,
Көңілде мәңгі сақталсын
11.Қарақат
Бұл екінші үйімізБір туғанбыз бәрімізБіз осы үйдің гүлімізБіз осы үйдің сәніміз
12. Гулмира
Біз балауса баламыз,
Жетелеп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке енді барамыз.
Қош бол балабақшамыз,
Қимай кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап
Сағынармыз әлі біз.
13.Азиза
Үйретіп өнеге тәртіпті
Тәрбие,білімді береді
Ертеңгі оқушы өседі,
Бүгінгі балабақшадан.
14. Ә.Әмина
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Би биледім,ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толып жан-жағым
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
Жүргізуші:Мектепке енді барыңдар,Үлгілі бала болыңдар.Жақсы оқып сабақты,Кілең «бестік» алыңдар.Күллі әлемді шарлаңдар.Ғарышқа да самғаңдар.
Бақшадан алған білімді
Барша жанға сыйлаңдарО,жарандар,жарандар!
ұл-қыздардың билерін есте сақтап қалыңдар.
Би « Қызықты естеліктер» (папури)
(Видео ролик)Балалардың ой-пікірлері «Қызықты сұрақтар»
Жүргізуші:Сөйледі олар тіл бітіп,Небір қызық сырларды.Тыңдай бердім мен жұтыпТіл біткен тақпақ, жырларды.
15. Аз. Жанеля
Орын берген бақшадан,
Меңгеруші-жақсы адам
Сондықтан да біз үшін,
Артық өзі басқадан
Жеткіземіз біз ертен,
Болашаққа даңқынды
Меңгеруші Жеңіс апай
Өзіңізге арнап айтар
Бар баланың алғысы.
16. Розалинна
Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам боп шығармыз
Қабылданыз мың алғыс.
Әдіскер Гүлжан апайымыз
17. А. Жанел
Тәтті тамақ пісірген,
Айран,сүтті ішкізген
Аспазшы апайларымызға
Айтарымыз мың алғыс.
18. Әлихан
Көрсе егер баланы
Мейірлене күледі,
Дәруменін береді
Сондықтан медбике Асель мен Гүлбану апайларды
Балалар жақсы көреді.19. МухсинбекТамылжытып ән салдыртып үйреткен,
Жүгіріп,жүріп талай билер билеткен
Жібек апай, сізге алғыс айтамыз
Мың қайтара сәби бала
20. Нурали
Шынығамыз, ойнаймыз
Бір сәт барсақ тынбаймыз
Каратэні де үйретіп
Ептілікке үйретті
Сізге де біз айтамыз Серғазы ағайымыз,
Шын жүректен мың алғыс!
21. М.Мерей
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын табамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтағаҮлгілі бала боламызЖүретіндей мақтана.
Жүргізуші:
Аққудай өрнек салған көл бетіне,Гүлмира билеп кетті тербетіле,Бұралып тал шыбықтай тұла бойы,Шаттық пен күлкі үйірілді келбетінде .
Би « Аққу»
Жүргізуші:Баулап баптап өсірдің,Балалық етсек кешірдің.Ұмытпаймыз өзіңді,
«Ай- Керім» балабақшасы.
22. Г.Ширин
Метепке енді барамыз,Үлгілі оқушы боламыз.Жақсы оқып сабақты,Кілең бестік аламыз.
23. Феруза
Қоштасып мен бүгін балалықпен,
Қоштасамын сиқырлы балабақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен,даналықпен.
24.Ерболат
Тәрбие берген ұямызТәртіпті бала боламызҚоштасып балабақшаменБіз мектепке барамыз
25. Сава
Сен үйреттің сөйлеудіСенде ойым есейдіМектепке барам мен ендіБалабақшам қош енді
26.Сымбат
Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін
Есімізде сақтаймыз
Бақшамызды ұмытпай,
Келіп-кетіп тұрайық.
Сондай кезде апайлар,
Қалады ғой қуанып.
Жүргізуші:Айналайын, балаларАлда мектеп ана барӨздеріңнен өседіӨнерпаздар, даналарӘн « Мектепке кетіп барамыз»
Жүргізуші:Алуға терең білімді,Мектепке енді кеттіңдер.Өсті міне бойларың,Өсті ақыл ойларың.Озат болып оқыңдар,Ойға білім тоқыңдар.
Би «Оқушымыз біз енді»
Жүргізуші:Айналайын гүлдерім,Ақ шуақты күндерім,Ерекше қызық тілдерің,Естен кетпес үндерің.Сәтті болсын жолдарың,
Құтты болсын тойларың!
27. Гулжаухар
Әрқашан өзі тынбайтын
Мейірлене қарайтын
Жарқын жүзді жақсы адам,
Біздің сәби жүректен
28. Нұрдаулет.
Біздер үшін тіл үйреткен шаршамай
Гүлбану апай көрікі болған бақшамыздың әрқашан
Тілері бүлдіршін балалардың өзіңізге
Ғұмырыңыз шат көңілге толы болсын
28. Н.Мерей
Тәрбиеші Жазира апайымыз
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып,билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен,суретпен
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығармыз.
Таза сәби жүректен,Қабылдаңыз мың алғыс.
29. Мұхамедали
Әлпештеп бізді баптаған,Ардақтап бізді мақтаған.Сондықтанда біз үшін,Артық өзі басқадан.
Таңшолпан апай сізге мың алғыс!
Жүргізуші:Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында.
Қуаныш кернеп бойымды,
Еске түссе сол кездер
Балалардың ой-пікірлері «Қызықты сұрақтар»
Жүргізуші:Толқимыз толқып тұрсыз,баршаңызда
Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда
Қол соғып,қошеметтеп шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді.
Би « Тамаша»
Жүргізуші:
Бақшамыз біздің сүйікті
Айтамыз саған тілекті
Тек биіктен көрініп,
Асқақтай бер алысқа
Ән « Алғысымыз шексіз біздің бақшамызға!» (авторлық ән)
Жүргізуші:
Көңілдің ақ тілегін көл етемізТілектермен нығайсын берекемізБаршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,Осымен аяқталды мерекеміз!