«Жа?а жыл о?и?асы» атты ерте?гілігі
Музыка ойналып, залға жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
«Қош келдің жаңа жыл қазағыма» әні ойналады, балалар залға кіріп билейді
Жүргізуші: Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне балақай, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Достардың барлығы,
Үлгерді ме, санашы.
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге,
Кел Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын, деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз біргеКәне шырша таңырқатШамдарыңды жарқырат!- деп айтайық.
(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).
Жүргізуші: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Жаңа жылдың, шыршаның құрметіне ән шырқайық!
Ән: « Жаңа Жыл» (Балалар отырады)
(Вивальди «Зима») Гуілдеген боранның дауысы естіледі. Залдың шамы өшеді де екі бұрқасын айналып ұшып келеді, Қар ханшайымы кіреді
Қар ханшайымы: Қалың қар басқан, сүңгі мұзбен қоршалған мұз сарайында тұратын Қар ханшайымы мен боламын. Бұл не деген шу, бұл не күлкі. Сендер аяздан қорықпайды екенсіңдер ғой. Көңілденіп, шаттанып жүрсіңдер. Мен балалардың көңілді болғанын қаламаймын. Бүгін сендерде мереке болмайды. Балаларды жақсы көретін кәп-кәрі Аяз ата деген шалды, мен Мұз патшалығына тығып қойдым. Шамдары жарқырап тұрған шыршаларыңды да қатырып,
шамдарын да мұзға айналдырамын. Шырша, шырша қатып қал, шамдары тез мұзға айнал. Ха-ха-ха!
(Шыршаның шамдары сөнеді, Қар ханшайымының таяғынын басында шам жанады. Гуілдеген желмен бірге ұшып кетеді. )
Жүргізуші: Балалар, енді не істейміз? Шыршамыз сөніп қалды, қараңғы болып кетті. Енді біз Аяз атаны шақыру үшін қар патшалығына қалай барамыз? Кім бізге енді көмектеседі екен? (Қардын сықырлаған дыбысы шығады.)
Жүргізуші: Бізге біреу келе жатқан секілді, мүмкін ол бізге көмектеседі.
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Мында не болды? Сендер неге қараңқыда отырсыңдар? Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Шамдары неге жанған жоқ?
Жүргізуші: Бұл бәрі Қар ханшайымның ісі. Ол бізге Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға тыйым салды. Біз оны тыңдамасақ бәрімізді қатырып тастайтынын айтты. Біз қорқып кеттік, енді не істерімізді білмей отырмыз. Мүмкін сен бізге көмектесе аласың?
Ақшақар: Зұлым Қар ханшайымын балалар, достық қана жеңе алады, Аяз атаны құтқаруға мен достарымды көмекке шақырамын. Бірақ алдымен мына сұлу шыршаның шамдарын жағайық, маған жұлдыздардың көмегі керек.
«Жұлдыздар» биі (билейтін қыздар тобы)
Шыршаның шамы жанады, Балалар қуанып алақандарын соғады.
Жүргізуші: Рахмет саған Ақшақар, рахмет сендерге жұлдыздар. Ал енді Ақшақар өзіңнің көмекшілеріңді шақыр.
Ақшақар ысқырауықты алып ысқырады, Көңілді әуенмен бір бірімен төбелесіп залға екі аққала жүгіріп кіреді. Неше түрлі қимылдар жасап, балалардың көңілін көтереді.
Аққалалар: Сәлеметсің бе, Ақшақар, сәлеметсіңдер ме, балалар! Таныс болайық: біз ағайынды екі егізбіз, менің атым –Қыраубек, менің атым – Боранбек. (топтағы егіздерді көріп қуанады). Ақшақар, бізді неге шақырдыңдар ?
Ақшақар: Зұлым Қар ханшайымы Аяз атамызды өзінің қар патшалығында тығып койыпты. Сендер білесіңдер ме ханшайымның патшалығы қайда екен?
Аққалалар: Білеміз, білеміз. Құтқарамыз Аяз атаны. Мұнаймамаңдар, балалар, болады сендерде мереке. Жүріңдер біраз ойнайнап билейік, ал содан соң біз жолға шығайық.
Би «Ледяные ладошки»
Аққалалар: Балалар, айтыңдаршы біздерді неден жасайды, дұрыс, дұрыс, онда қар лақтырысып ойнайқ па?
«Қар лақтыру» ойыны
Аққалалар: еді біз сендердің мергендіктеріңді тексереміз (қар лақтырып болған соң, балаларды екі топқа бөліп екі шелектің ішіне дәлдем тигізуге ұсынылады)
Аққалалар: Біз кеттік, кешікпей аяз атаны ертіп келеміз.
Қар ханшайымы: Сендер мені тыңдамай, тағы шаттанып жатырсыңдар ма! Барлығында қазір қатырып мұзға айналдырамын. Шыршаның шамдары да жағып алыпты. Кім жақты. А-А сен бе, Аяз атаның немересі. Сені де қатырып тастай аламын Мені ешкім жеңе алмайды.
Ақшақар: Балалар қорықпаңдар. Мен айттым ғой, Қар ханшайымын достық жеңе алады деп.
Қар ханшайымы: Ха-ха-ха. Достық дейсіңдер ме? Сендерде қандай достық. Мен күнде терезелеріңнің алдында ұшып жүремін. Бір-біріңді ренжітіп,
ойыншыққа таласып жатасыңдар. Сендерде достық жоқ!!! Сендер қандай дос екендеріңді қазір көреміз. Мына менің сыйқырлы таяқшамды жай адамдар ұзақ ұстап тұра алмайды. Ұзақ ұстап тұрса мұзға айналады. Сендер сыйқырлы таяқшамды тез бір-біріңе берулерің қажет.
Ойын «Сыйқырлы таяқшаны бір-біріне беру»
Балалар таяқшаны шеңбер бойымен бір-біріне береді.
Қар ханшайымы: Сендер өте епті және шапшаң екенсіңдер. Бірақ бәрі-бір мені жеңе алмайсыңдар. Мен де көмекшілерімді шақырайын. (Сыйқырлы таяқшасын сілтеп қалады).
Эй, мұз сүңгілерім келіңдер,Желмен бірге ұшыңдар,
Айналаның бәрін қармен басыңдар
Жүргізуші: Ал, балалар! Біз қандай дос екенімізді көрсетейік. Тұрайық та ән шырқайық.
«Шырша жыры» әні орындалады
Қар ханшайымы: ах, мына балалардың достығы мықты екен. Мені тағы жеңіп кетті. Ой-ой, мен еріп барамын. Еріп барамын!!!
(Қар ханшайымы ұшып залдан шығып кетеді. Шамдар жыпылықтап, сөніп – жанады) Осы сәтте Ысқырған дауыс естіледі.
Ақшақар: Аққалалар белгі берді, Аяз атада солармен шығар. Шақырайық оларды.
Балалар: Аяз-ата, аяз-ата, Аққалалардың аттарын атайды.
Аяз ата: Қарашы, біз тойға келдік!
Қәне, балалармен амандасайын.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Біз сізді асыға күтіп отырмыз.
Аққалалар: Айттық қой шақырып әкелеміз деп.
Аяз ата: Рахмет, сенденрге аққалалар, немере қызым, балалар! Мені Қар ханшайымының сиқырынан құттқарғандарың үшін.
Ақшақар: Балалар Қыс ханшайымын өзерінің достығымен жеңді.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата жолдан шаршады. Қар патшалығында отырып тонған да болар. Енді біз ән жырдан шашу шашайық
Ән «Жаңа жыл келді»
Жүргізуші: Аяз ата, деміңізді алдыңызба? Біздің балаларымызбен ойын ойнаңызшы.
Аяз ата: Жарайды, қазір біз «Қарлы мүсін» деген ойын ойнаймыз. Ал бастайық:
Аяқтарды – топылдат!
Соқ қолыңды – шапалақ!
Бастарыңды шайқалтып,
Соз қолыңды аспанға.
Отыр бүгіп тізеңді,
Қайта секір түзеліп.
Жүгір шеңбер бойымен!
Үшке дейін санаймыз!
Қарлы мүсін жасаймыз!
Бір, екі, үш!
(Балалар бір орында мүсін жасап тұрып қалады)
«Қарлы мүсіндер» ойыны
Жүргізуші: Аяз ата, сіз балабақшаға жаяу келдіңіз бе?
Аяз ата: Иә, балалар мен жаяу жүргенді жақсы көремін, ол денсаулыққа пайдалы есес пе.
Жүргізуші: Онда, Аяз ата, біздің балаларымыздың орындауында «Жаяу» әнін қабыл алыңыз, балалармен қөңілді билеңіз.
«Жаяу» әні орындайтын Айзере, Қымбат, Фариза
Ақшақар: Ата, балалармен тағы бір ойын ойнатып, біз дайындаған кедергіден қалай өтетіндерін тексерейік пе.
«Мұзды арқадан өтіңдер» ойыны
«Аяз ата сыйлығы» әні
Жүргізуші: Біздің балалар би де билей алады, сізді де Аяз ата өнерлі деп айтады, бізбен бірге би билеңіз.
Би «Коко джамбо»
Жүргізуші: Кел балалар тақпақты,
Тақылдатып айтайық.
Аяз ата таң қалсын,
Сыйлық алып қайтайық.
Аяз ата: Тыңдайын, тыңдайын тақпақтарыңды, бірақ менің құлағым нашар естиді, қаттырақ айтыңдар.
(Балалар тақпақтарын айтады)
Ақшақар: Ата, балалар бәр өнердерін көрсеткен секілді, енді сыйлық күтіп отыр.
Аяз ата: Мен сендерге сыйлық дайындағанмын. Оны Аққалалар алып келеді. (Аққалалар шанамен мөшек сүйретіп алып келеді)
Аяз ата:Мереке тамаша өтті,көп рахмет сендерге балалар.Өнерлерің үстем болсын.
Сендерге арнап әкелген сыйлықтарымды таратайын.
Ақшақар:Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсы үміт.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
Аяз ата: Қадамдарыңа нұр бітсін,
Заманыңа гүл бітсін.
Дұшпандарың болмасын,
Аруақтар қолдасын.
Жаңа жылда бақ қонсын,
Жолдастарың көп болсын!
Барлығы Аяз ата мен Ақшақарды, Аққалаларды шығарып салады (қолдарын бұлғап )
Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
КМҚК «Дәншік»
«Айгөлек» ересек тобы
«Жаңа жыл оқиғасы» атты ертеңгілігі