Маша мен аю жа?а жылда І кіші тобыны? жа?а жылды? ерте?гілігі


Тақырыбы: Маша мен Аю жаңа жылда!
Мақсаты: Балаларға сағындырып келіп жеткен қыс ерекшелігімен, жасыл шыршамен тансытыру. Балаларға жаңа ән орындалып, шеңберде жасыл шыршадан айналдырып жүргізіп, еркін ән айтқызып би билеуіне мүмкіндіктер жасау. Мерекені көңілді етіп, есте қалатындай етіп өткізу.
Қатынасатын кейіпкерлер:
Жүргізуші аю
Маша
Аю.
Аяз ата
Қыздар Маша болып киінеді.
Балалар аю болып киінеді.
(музыка әуенімен балалар кіріп калонаға тұрады, көңілді музыкамен би билеп береді.) Музыка әуенімен бірінің артынан бірі жүріп, шыршаның айналасына жарты шеңбер болып тұра қалады.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, балалар, қонақтар бүгінгі «Күншуақ» І кіші тобының «Маша мен Аю жаңа жылда» атты ертеңгілікке қош келдіңізер! Балалар қараңдаршы айналамыз әдемі безендірілген, қандай әдемі шыршамыз, қане бәріміз бүгін жаңа жылымызды тойлайық.
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған,
Міне,сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіңдер.
Тамашаны көріңдер.
Музыка әуенімен залға аю кіреді, қолында мешуре бар.
Аю: Ой мен шаршадым, шыршаны безендіргенше шаршап кеттім. Залды да безендірдім. Самоварды ортаға қойып, шәйді дайындап қояйын. Қазір аяз ата келеді ғой. Екеуміз бірге шәй ішеміз ғой.(аю шүберегін алып қолын сүртеді, сол кезде самовардың қасына жақындайды, қақпағын ашса, су жоқ екенін көреді.)
Аю: Самовардың суы бітіп қалған екен, ал мен су алып келейін.(музыка әуенімен аю залдан шығып кетеді.) (Музыка залына айқайлап, маша жүгіріп келеді.)
Маша: Ой, ой мында ешкім жоқ қой барлығы қайда кетіп қалған. Ого! Қандай әдемі! (шыршаға қарап, секіріп қуанады.)- тамаша, тамаша, жаңа жылды өзім тойлаймын. (секіріп жатқанда аю кіріп қасына тұрады. Маша аюды байқамай қалады да секіре береді).
Маша: Сен кімсің сондай?
Аю айқайлайды.
Аю: Тағы істеші, секірші - дейді.(аю отыра қаладыда)
сен не істеп жүрсің бұл жерде?
Маша: Мен жай ғана өтіп бара жатқан едім.
Аю: Ал сен кімсің?
Маша: Мен ? Балалар мен кіммін? - аю білмейді менің кім екенімді
Балалар: Бұл Маша.
Маша: Сен мұнда не істеп жүрсің?
Аю: Мен мұнда аяз атаны күтіп жүрмін. Қазір өзіде келіп қалар
Маша: Ал ол кім?
Жүргізуші: Балалар Маша білмейді аяз атаның кім екенін, оған аққала туралы өлең, аяз ата туралы тақпақ айтып беремізбе?
Балалар: Ия
Ән: «Аққала»
Жүргізуші: Біздің балалар ән ғана емес , тақпақты да айта алады.
М.Алихан: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Е.Алихан: Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Азира: Төрле,төрле жаңа жыл
Жаңа жыл армысың.
Б.Алан: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Ернұр: Тамаша,тамаша.
Шыршамыз тұр жараса.
Маша: а-а-а бұл аяз атама?
Аю: Міне сағат он екі болды. Жаңа жылда келіп қалды. Аяз ата болса әлі жоқ. Қайда жоғалып кетті?
Аю: Аяз ата жоқ болса, мен ұйықтауға барамын, қыста аюлар ұйықтайды, мен ұйқыға кірісемін.(маша аюға жақындап, аюдың қолын ұстайды.)
Маша: Аю қолыңды берші маған ойын ойнашы менімен (жылайды)
Маша: оянбай жатыр, көмектесіңіздерші аюды оятуға?
Жүргізуші: Жарайды Маша саған көмектесеміз.Қане балалар барлығымыз ортаға шығып аю биін билеп берейік, мүмкін аю ойланар.
Би : «Аюлар» (ұлдар)
Жүргізуші: Балалар аю оянған жоқ, біз оған өлең айтып берейікші.
Ән: «Аю және қуыршақ»
Аю: Бұл не айқай? Бұл не шу? Тыныш ұйқы бермеді ғой, қане бәріңді ұстап алам.
Көңілді ән айтып жатырсыңдар, бірақ Аяз ата жоқ қой.
Бәріміз бірге: Аяз ата ауу- ауу,ауу- ауу. Музыка әуенімен Аяз ата кіреді.
Аяз ата: Сәламатсыз ба балалар және достарым! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Мен сендерді қатты сағындым.Мені көп күтіп қалдыңдарма?
Ақшақар: Сәламатсыз ба, бүлдіршіндер!Көңіл – күйлерін қалай?
Балалар: Сәламатсызба Аяз ата, Ақшақар ! Ия, сізді көп күттік.Біздің көңіліміз көтеріңкі, біз қуаныштымыз.
Аяз ата: Ал мына шырша неге жанбай тұр? Бұл шыршаға бірдеңе жетіспейді.
Маша: Ура!ура!ура! Шыршаны жандыру үшін меніің кішкентай құрбыларым би билеп береді.
Би : Маша биі (қыздар)
Аяз ата: Маша, оған сиқырлы сөз айту керек. Қане бәріміз айтайықшы: бір, екі, үш шырша шамдары жана түс! (шырша жарқырайды)
Аяз ата: Балалар шырша сіздерге ұнадыма? Қане ендеше шыршаны айналып, өлең айтайық.
Балалар: Ия, ұнады.
Жүргізуші: Ендеше балалар Аяз атаға арнап ән айтайық.
Ән: «Әй –әй , Ата, әй Ата»
Аяз ата: Өлеңді барлығыңыз әдемі айтады екенсіңдер,сендер менің көңілімді көтердіңдер.(балалар орындарына тұрады)
Аю: Ал енді барлығымыз ойын ойнаймыз. Бұл ойын барлығыңызға да ұнайды.Аяз ата, Ақшақар ойынға бізбен бірге сендерде шығындар.
Ойын: «Тондырды,тоңдырды»
Ойын шарты: Аю балаларға тондырдым дегенде балалар қатып қалады, қозғалмай тұруы керек.
Аяз ата: Мен шаршадым, кішкене демалып алайыншы.
Жүргізуші: Ал біздің балалар сізге арнап тақпақ айтып береді,сіз дем алыңыз.
Нұрдәулет: Оранды ақ көрпеге
Ақ таяқты паң ата.
Әли: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Әмина: Оралды өлкеме,
Бізге құтты жол болсын.
Марғұлан: Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Асанали: Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Жасмин: Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны
Санжар: Ата –әже, ата- әже,
Құтты болсын жаңа жыл
Марсель: Әке – ана, әке – ана
Құтты болсын жаңа жыл
Нұрдана: Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып
Эсманур: Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып
Даниль: Аяз – ата ақ сақалды,
Асқар тау , қарлы шың
Жанерке: Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Баян: Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Амир: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Еркеназ: Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Аружан: Оранды ақ көрпеге
Асқар тау , қарлы шың
Ш.Алан: Аяз ата сағынған
Салем берді жұртына
Ұлжан: Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып
Айша: Жапалақтап аұша қар
Жауды күнде қайталап
Аяз ата: Есімде мен қоржынымды осы жерге қойған сияқтымын.Қайда кетті ол? Мүлдем білмеймін.Біздер ән айтып, би билеп жатқан кезде, сыйлықтарымыз қашып кеткен секілді.(Машаға қарап таяқшасын оған қарай сиқырлатады)
Жүргізуші: Балалар сыйлықты тауып алу үшін «Сыйлықтарды жинаймыз» ойынын ойнайық.
Ойын: «Сыйлықтарды жинаймыз»
Ойын шарты: Шашылып жатқан сыйлықтарды қорапшаға тезірек жинау керек.
Аяз ата: Маған сыйлықтарды жинап бердіңдер. Сендерге жаңа жылға арнап сыйлықтарымды берейін.
Маша: Бәрін жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтарын үлестірейіндеп жатыр едім.
Аяз ата: Жарайсың менің ақылды қызым! Міне сыйлықтар беретін уақытта келді.
Жүргізуші: «Күншуақ» І кіші тобының жаңа жыл ертеңгілігі аяқталды, балалар Аяз атадан сыйлықтарыңда алды, жүздеріде қуанышты.Сау болыңыздар.
1. Оралдың өлкеме, 15. Төрле, төрле жаңа жыл Бізге құтты жол болсын Жаңа жыл армысың.
2. Оранды ақ көрпеге, 16. Аяз –ата ақ сақалды, Ақ таяқты паң ата Асқар тау, қарлы шың. 3. Ақ қырауға малынған 17. Тамаша.тамаша!
Сақалы да мұрты да. Шыршамыз тұр жараса
4. Жарқыратып шамдарын 18. Басында әсем жұлдызы.
Шырша келді ортаға Көз тоймайды қараса 5. Безендіріп шыршаны 19. Жылдың әнін бастайын,.
Жыл қуантты баршаны. Аяз- Ата кеп қалды
6. Аппақ тонға оранып, 20. Оралдың өлкеме,
Базарлықты мол алып. Жаңа жыл армысың
7. Келді алыс сапардан, 21. Оранды ақ көрпеге,
Аяз ата оралып. Асқартау, қарлы шың.
8. Аяз Ата ойды қырды 22. Ақ қар жапты даланы
Аралап жүр түгел шолып. Ақ жамылды айнала
9. Қарсы алғалы жаңа жылды, 23. Аяз ата сағынған,
Ол да көптің бірі болып. Сәлем бepді жұртына
10. Қайда қызық болса думан,  24. Аппақ тонға оранып,
Аяз Ата сонда болды.  Базарлықты мол алып 11. Тілеймін мен бар әлемге 25. Келді алыс сапардан,
Дос көп болсын жаңа-жыл Аяз ата оралып.
12. Ата-әже, ата-әже 26. Жапалақтап ақша қар Құтты болсын жаңа жыл Жауды күнде қайталап
13. Әке – ана, әке – ана
Құтты болсын жаңа жыл
14. Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
***
Жылдың әнін бастайын,Аяз- Ата кеп қалды.Майысады жас қайың,Көтере алмай көп қарды.Бақша іші мереке,Ойын күлкі асқақ ән.Жақсы әпкелер жаңа кеп,Мерекені бастаған.Жаңа жылды қарсы алдың,Мініп алып күймеге.Мен де бүгін ән салдым,Араластым биге де.Оралдың өлкеме,Жаңа жыл армысың.Оранды ақ көрпеге,Асқар тау, қарлы шың.Ақ қырауға малынғанСақалы да мұрты да.Аяз ата сағынған,Сәлем бepді жұртына.Безендіріп шыршаныЖыл қуантты баршаны.Той-маскарад басталды,Аяз оны басқарды.Аппақ тонға оранып,Базарлықты мол алып.Келді алыс сапардан,Аяз ата оралып.Қалып едік сағынып,Kүтіп алдъқ жабылып.Жолын қойдық жарық қып,Шыршаларға шам іліпАяз Ата ойды қырдыАралап жүр түгел шолып.Қарсы алғалы жаңа жылды,Ол да көптің бірі болып.Қайда қызық болса думан, Аяз Ата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен, Балалармен бірге болды.Тілеймін мен бар әлемгеДос көп болсын жаңа-жылАта-әже, ата-әжеҚұтты болсын жаңа жылЖаңа жылым мол болсынБасқан қадам оң болсынТөрле, төрле жаңа жылБізге құтты жол болсын.
***
Аяз –ата ақ сақалды,Ақ таяқты паң ата,Асып өтіп асқар таудыЖеттің бізге таң атаЖапалақтап ақша қарЖауды күнде қайталапҚырға шықты балаларШаңғыларын арқалап.Қайда қызық думан болса,Аяз ата сонда болды.Балалармен бірге ойнапБалалармен бірге қонды.Аяз келді қаһарлыАйналаны қар жапты.Ақ тон киіп орман тұрДәл атамдай салмақты.
***
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
***
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүрЖаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Аяз ата келіп тұр,
Бизге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз 
Көптен күтіп сағынған.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліпАяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан, 
Аяз ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.
Тақырыбы: Маша мен Аю жаңа жылда!
Мақсаты: Балаларға сағындырып келіп жеткен қыс ерекшелігімен, жасыл шыршамен тансытыру. Балаларға жаңа ән орындалып, шеңберде жасыл шыршадан айналдырып жүргізіп, еркін ән айтқызып би билеуіне мүмкіндіктер жасау. Мерекені көңілді етіп, есте қалатындай етіп өткізу.
Қатынасатын кейіпкерлер:
Жүргізуші.
Маша
Аю.
Аяз ата
Қыздар Маша болып киінеді.
Балалар аю болып киінеді.
Ортаға 1 бала 1қыз шығады. Жаңа жылға арналған тақпақтарын айтады.
1бала.
1.Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
2 бала.
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын жарқын ән салып
Жалғасады жылға жыл
Екеуі бірге құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл.
(музыка әуенімен балалар кіріп калонаға тұрады, көңілді музыкамен би билеп береді.). Екі жаққа ашылып, ортаға бес тақпақ айтатын балалар шығады. Музыка әуенімен бірінің артынан бірі жүріп, шыршаның айналасына жарты шеңбер болып тұра қалады.
Жаңа жыл, жыл жыл
Күтеміз асығып
Тілек бұл-бала жыл
Билейміз ән салып,
Тақпақтар жар салып
Көтеріп көңілді
Өзіңнен нәр алып (Адина)
Көрсетіп сый-құрмет
Жасайық кәдені
Қонақ бол кел төрлет
Киініп әдемі.(Милана)
Ақшақар ала кел
Атаны қолтықтап
Күтіп жүр барлық ел
Балдары ән шырқап.(Жанат)
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.(Ильнара)
Жүргізуші.
Музыка әуенімен залға аю кіреді, қолында мешуре бар.
Аю: Ой мен шаршадым, шыршаны безендіргенше шаршап кеттім. Залды да безендірдім. Самоварды ортаға қойып, шәйді дайындап қояйын. Қазір аяз ата келеді ғой. Екеуміз бірге шәй ішеміз ғой.(аю шүберегін алып қолын сүртеді, сол кезде самовардың қасына жақындайды, қақпағын ашса, су жоқ екенін көреді.)
Аю: Самовардың суы бітіп қалған екен, ал мен су алып келейін.(музыка әуенімен аю залдан шығып кетеді.) (Музыка залына айқайлап, маша жүгіріп келеді.)
Маша: Ой, ой мында ешкім жоқ қой барлығы қайда кетіп қалған. Ого! Қандай әдемі!(шыршаға қарап, секіріп қуанады.)-здорово (секіріп жатқанда аю кіріп қасына тұрады. Маша аюды байқамай қалады да секіре береді). Маша: Сен кімсің сондай?
Аю айқайлайды.
Маша тағы да істеші
(аю отыра қаладыда) сен не істеп жүрсің бұл жерде?
Маша: Мен жай ғана өтіп бара жатқан едім.
Аю: ал сен кімсің?
Маша: Мен? Балалар мен кіммін?-аю білмейді менің кім екенімді
Балалар: Бұл Маша
Маша: сен мұнда не істеп жүрсің?
Аю: мен мұнда аяз атаны күтіп жүрмін. Қазір өзіде келіп қалар
Маша: ал ол кім?
Жүргізуші: Балалар Маша біллмейді аяз атаның кім екенін, оған аяз ата туралы өлең айтып беремізбе?
Балалар: айтып береміз.
Жүргізуші: ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып, ән салайық.
Маша: а-а-а бұл аяз атама?
Аю: аяз ата
(Маша шыршаны айналып, айтпаймын, айтпаймын)
Маша: Ой бұл не?(үстелдің үстінде тұрған фейевер)
Маша: ал менің қолымда шырпы бар(қолын қалтасына салып, шырпы алып шығады.)(фейеверді жандыруға тырысады. Фейевердің үстіне отырып, залдан шығып кетеді.)
Аю: ой тентек қыз, қараңдаршы балалар сағат қалай тықылдап тұр? (сол кезде ортаға сағат киімін киген балалар сағат биін билеп береді).
Би: сағаттар.
(аю мұңайып тұрады)
Аю: Міне сағат он екі болды.Жаңа жылда келіп қалды. Аяз ата болса әлі жоқ. Қайда жоғалып кетті? (сол кезде маша ұшып кіреді)
Маша: айтпаймын, айтпаймын
(сол кезде аю ашуланып, ұйқыға кіріседі.)
Аю айтады: аяз ата жоқ болса, мен ұйықтауға барамын, қыста аюлар ұйықтайды, мен ұйқыға кірісемін.(маша аюға жақындап, аюдың қолын ұстайды.)
Маша: аю қолыңды берші маған ойын ойнашы менімен(жылайды)
Маша: оянбай жатыр, көмектесіңіздерші аюды оятуға?
Жүргізуші: жарайды көмектесеміз Машаға
Жүргізуші: Қане балалар барлығымыз ортаға шығып ән айтайық, мүмкін аю ойланар.
Тақпақтар:аю туралы немесе жаңа жыл туралы.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті басы аққырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.(Бекзат)
Қонақтарды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып (Ерасыл)
Жауып жатыр қар аппақ
Дала, қала бәрі аппақ
Табиғаттың шашуы
Жапалақтап, қонақтап. (Гулбақыт)
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата,әже,ата,әже,
Құтты болсын жаңа жыл.(Ернат)
Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт, жаңа жыр
Әке,шеше аға, апа,
Құтты болсын жаңа жыл.(Сабина)
Қош келдің, жаңа жылым
Қош келдің,жаңа күнім
Айқара құшақ ашып
Қарсы алды дала бүгін.(Расул)
Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О,алақай Аяз атай
Келе жатыр алыстан.(Абылайхан)
Жүргізуші:Балалар аю оянған жоқ, біз оған өлең айтып берейікші.
Аю: бұл не айқай? Бұл не шу? Тыныш ұйқы бермеді ғой, қане бәріңді ұстап алам.
Аю: көңілді ән айтып жатырсыңдар, бірақ Аяз ата жоқ қой.
Жүргізуші: менің ойымша, бізге орман аңдары көмектеседі.(балалар тақпақтары.қоян, аю, түлкі, қасқыр)
Жүргізуші: (бір дыбыс естілгендей, Аяз атак еле жатқан болар)
Ортаға би «Гномдар»
Жүргізуші: Балалар қарайықшы, олар Аяз атаға ұқсайдыма?
Балалар: Жоқ ұқсамайды
Жүргізуші: Олар кішкене аяз аталар, қарайықшы қолдарында не бар екен?
Балалар: Шам.
Жүргізуші: Аяз атаның қолында шам болама, балалар?
Балалар: Жоқ, аяз атада сиқырлы таяқша болады.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, олардың сақалдары да кішкентай екен.Ал біздің Аяз атаның сақалы қандай болады?
Балалар: Сақалы ұзын
Жүргізуші: Дұрыс балалар.
Шаттық жыр, шаттық жыр
Дидарында шаттық нұрАяз ата ортада
Арқасында қапшық жүр. (музыка әуенімен Аяз ата кіреді)
Аяз ата: Сәламатсызба балалар және достар! Мені көп күтіп қалдыңдарма?
Балалар: Сәламатсызба Аяз ата! Сізді көп күттік.Біз сіз туралы ән білеміз.
Ән: Аяз ата.
Аяз ата: барлығымыз бірге айтайықшы. Жаңа жылдарыңызбен!
Аяз ата: Ал мына шырша неге жанбай тұр? Бұл шыршаға бірдеңе жетіспейді
Маша: Ура!ура!ура! шыршаны жандырамыз менде шырпы бар.(тағыда қалтасынан шырпыны алып шығады.)
Аяз ата: Маша сен не деп тұрсың? Шыршаны шырпымен жағама, онда мына шырша қазір өртеніп кетеді. Мына жерде балалар бар. Оған сиқырлы сөз айту керек. Қане бәріміз айтайықшы: бір, екі, үш шырша жана түс!(шырша жарқырайды)
Аяз ата: Балалар шырша сіздерге ұнадыма? Қане ендеше шыршаны айналып, өлең айтайық.
Ән: «В лесу родилась елочка»
Аяз ата: Өлеңді барлығыңыз әдемі айтады екенсіңдер,сендер менің көңілімді көтердіңдер.(балалар орындарына отырады)
Аю: Ал енді барлығымыз ойын ойнаймыз.Бұл ойын барлығыңызғада ұнайды.Аяз ата ойынға бізбен бірге сенде шық.
Ойын: Қатырып тастау.
Аяз ата: Сендер аяздан қорықпайсыңдарма? Сақтаныңдар, сақтаныңдар
Қане қолдарыңды көрсетіңдер
Казір мен біреуді қатырып тастаймын.
Аяз ата: Ал балалар сіздер ойынға құмар екенсіңдер.
(Маша аяз атаның биялайын тығып тастайды.)
Маша: Аяз ата ал сен еш нәрсеңді жоғалтқан жоқсыңба?
Аяз ата: Менің биялайым жоқ. (деп айқайлайды)бер менің биялайымды?
Маша: Бермеймін. Менің артымнан қуып жет.
Ойын: Шеңбер ортасындағы аяз ата.
Аяз ата: Ой балалар, балалар қандайсыңдар сіздер? Маша саған қыс аязын шақырамын, ол саған суық әкелсін.
Ән: Қыс.
Аяз ата: Мен шаршадым, кішкене демалып алайыншы.
Жүргізукші: Ал біздің балалар сізге арнап тақпақ айтып береді.
Аяз ата: Есімде мен қоржынымды осы жерге қойған сияқтымын.Қайда кетті ол? Мүлдем білмеймін.Біздер ән айтып, би билеп жатқан кезде, сыйлықтарымыз қашып кеткен секілді.(Машаға қарап таяқшасын оған қарай сиқырлатады)
Маша: Бәрін жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтарын үлестірейіндеп жатыр едім.
Аяз ата: Жарайсың менің ақылды қызым! Міне сыйлықтар беретін уақытта келді.