Ашы? саба? Ауа, су ж?не жары? мектепалды даярлы? тобы
Бекітемін Оқу ісінің меңгерушісі
Білім беру саласы Таным
Тобы Мектепалды даярлық тобы
Бөлімдер: Қоршаған ортамен таныстыру. Экология негіздері
Тақырыбы: Ауа, су және жарық
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжірбе, ойын.
Мақсаты: Балаларға ауа, су және жарықтың маңызы туралы білімдерін тереңдету.
Ауа, су және жарықтың тіршіліктің көзі екенін, пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Тәжірбие жасау барысында бақылағыштың дағдыларын жетілдіру.
Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Билингвальді компонент Ауа-воздух, су-вода, күн-солнце
Көрнекіліктер Күн, ағаш, суреті, шар, стакан, желпеуіш,, сүт, мұз
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Жылулық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Жүрекке жылу салайық.
Мейірімділік шоғын салайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға шашайық.
-Балалар, қонақтарға амандасайық.
-Сәлеметсіздер ме!
-Здраствуйте!
-Good morning!
-Балалар, осы жақсы көңіл күймен бүгінгі оқу іс-әрекетін бастайық. Балалар шеңбер құрып тұрады да, барлығы бірге қимылмен айтады.
Келген қонақтарға үш тілде амандасады.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі -Балалар, мына тақтада тұрған мозайканың артындағы суретті тауып көрейікші.Мен сіздерге сұрақ қоямын егер сол сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер мозайканың бір бөлігі ашылады.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Әр жыл мезгілінде неше айдан болады, ай аттарын атаңдар?
-Күз мезгілінің нешінші айы, атын атаңдар?
-Балалар, бір аптада неше күн бар, аттарын атаңдар?
-Дұрыс, айтасыңдар бұл күн суреті. Бүгін біздің күніміз күлімдеп, бізге нұрын шашып тұр екен.
-Ал балалар, осы күн бізге не үшін керек?
-Балалар, жарықсыз адамдар, жануарлар, өсімдіктер өмір сүре ала ма?
Тәжірбие: балалар көздерімізді жұмайықшы, көзімізді жұмып отырып айналамызға қарайықшы.
Бір нәрсе көрдіңіздер ме?
-Балалар, күн болмаса ештеңе көрмейді екенбіз.
Сергіту жаттығуы
-Балалар, кәне ортаға шығып сергіту жаттығуын жасайық.
Біздер өсіп келе жатқан гүлдерміз.
Кенет жел тұрды.
Гүлдер желмен бірге шайқала бастады.
Аспанға бұлт төнді.
Жаңбыр жауа бастады.
Гүлдер тоңып бүрісіп қалды.
Бір мезгілде аспан ашылып күн шықты.
Гүлдер бастарын көтеріп үлкен гүл шоғына айналды.
Жұмбақ жасыру
-Балалар, сіздерге жұмбақ жасырамын шешуін шешіңіздер.
-Балалар, ауа көзге көрінеме, қарайықшы.
Күз мезгілі
Әр жыл мезгілінде үш айдан болады. Олар қыркүйек, қазан, қараша.
Күз мезгілінің екінші айы, қазан айы.
Балалар мұқият тыңдап шешуін табады.
Күн жарық, жылу береді.
Күнсіз еш нәрседе тіршілік ете алмайды.
Балалар көздерін жұмып отырып, жан-жақтарына қарайды.
Жоқ ештеңе көрінбейді.
Балалар шеңберге тұрып, қимылмен көрсетеді.
Балалар жұмбақты шешеді
Ауа
-Балалар, көзге көрінбейді,
Жұтсам білінбейді.
Бұл не?
-Балалар, ауа көзге көріне ме, жан-жағымызға қарайықшы?
-Ал енді иіскеп көрейікші, иісі бар ма?
-Балалар,ауаның дәмі бар ма?
-Балалар, ауа көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз, пішіні, яғни көлемі жоқ.
Тәжірбие:Ауаның пішіні бола ма? Тексерейік. Сондықтан дөңгелек шарды аламыз. Шардың пішіні қандай? Шардың ішіндегі ауаны босатайық. Балалар көрдіңіздер ме, шардың нақты пішіні жоқ. Оны бір жерде ұстап тұра алмайсың.
Тәжәрбие: Балалар қолымызға желпеуішті алып бетімізді желпейміз. Не сезіндік. Бетімізге жел тигенін. Демек жел- ауаның қозғалысы.
Д\ойын: «Ауа, су, және жер»
Ауа дегенде құс болып ұшты, жер дегенде қоянша секірді, су дегенде балықша жүзеді.
-Балалар жұмбақ жасырайын шешін табайық.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қырың тек,
Барша тіршілік қурайды.
Бұл не?
-Дұрыс, су.
- Алдымыздағы стакандағы суды иіскеп қарайық иісі бар ма?
-Енді ұрыттап ішіп көрелік дәмі ше,
-Балалар, қазір тағыда тәжірбие жасап көрелік.
Тәжірбие:бір стаканға су, ал екіншісіне сүт құямын, салыстырамыз. Қай стакандағы су мөлдір.
Жайпақ ыдысқа су құямыз, су ағып кетті, өйткен су сұйық.
-Балалар, судың пішіні бар ма?
-Үш түрлі ыдысқа құяйық, су көлемі әр түрлі
Ауа
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Жоқ
Балалар иіскеп көреді, жоқ.
Жоқ
Шарды үріп, желін шығарады.
Қолдарына желпеуішті алып беттеріне қарай желпейді, жел ауаның қозғалысы екенін түсінеді. Орманда демалуға болады. Тақтаға күннің астына ағашты іледі.
Ойынға барлығы қатысады.
Су құйған стакан мөлдір.
Тәжірбие жасауға барлығы қатысады.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі Тыныштық сәті.
Көзімізді жұмамыз. Малдасымызды құрып отырамыз. Мен орманға бардым. Орманнның табиғаты тамаша. Аспандағы күн бізге шуағын шашып тұр. Күн мені жылыты. Орманның ауасы не деген таза. Айналада сарқырап су ағып жатыр. Суға бетімді жудым. Таза судан іштім. (жай ғана құстардың шулаған даусы, судың сылдырап аққан дыбысы жазылған, музыка қосу.) балаларды мадақтап, бағалау. Балалар көздерін жұмып, көз алдарына елестетеді.
Күтілетін нәтеже:
Нені біледі: Ауа, су және жарық оның қасиеттерін тәжірбие жасау арқылы біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Сусыз, жарықсыз және ауасыз тіршіліктің жоқ екенін түсінеді.
Меңгерген дағдылармен іскерліктері: Балалар өздіктерімен жұмыс жасау дағдысын меңгерді.