Открытый урок Біз мектепке барамыз даярлы? тобы
МКҚК №18 балабақша
Ашық сабақ
Даярлық «Б» тобы
Тақырыбы «Біз мектепке барамыз»
Қалалық семинар
Тәрбиеші: Ж.Т. Омышева
Ақсу қаласы 2014 жыл
Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін бекіту
Міндеттер:
Балалар жыл бойы алған білім, біліктерін қорытындылау
Балалардың қайталау арқылы сөзді ести білу және еске сақтау алу қабілеттерін, тіл байлығын, ой-өрісін, логикалық ойлауын дамыту
Ұқыптылыққа , тазалыққа тәрбиелеу
Керекті құралдар: Атрибуттар, сандар, ребустар, текшелер, жолақшалар, карточкалар, әріптер, есептер.
Шаттық шеңбер: Балалар шеңберге тұрып қонақтарға қарап айтады:
Кел, қонақтар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек
Күліп өмір сүрейік
Балалар өздерін таныстырады аттарын айтып және сол есімдерді қай дыбыстан басталатынын айтып кетеді, және дауысты, дауыссыз екенін анықтайды.
Содан соң орындарына барып отырады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге қонаққа мектеп мұғалімдер келді, олар сендерге жыл бойы алған білімдерін көргілері келеді. Олай болса сабағымызды бастаймыз.
Мына тақада бес түрлі кітаптар ілініп тұр. Сендер қай кітап ұнайды соны таңдап аласындар. Сол кітаптын ішіндегі сұрақтарға жауап бересіңдер. Сендер дайынсындар ма? Ал онда бастайық.
Математика
1-ші кітап математика сұрақтар:
Сан құрамы
Графикалық диктант
Санамақтар
Бос дөңгелекке тиісті сандарды жаз
Ребус шешеді
Сауат ашу
2-ші кітап сауат ашу сұрақтар:
Талдау. Балалар орындарына отырып карточкалармен сөз талдайды.
Оқу. Сөз құрастыру
Схема арқылы сөйлем құрастыру
Ребус шешеді
3-ші кітап тіл дамыту сұрақтар:
Төрт мезгіл ертегісі (Сахналау)
Балалар сонымен бір жылда неше ай бар? Бір жылда неше мезгіл бар? Бір мезгілде неше ай бар?
Тақпақтар көктем туралы
Қазір қай жыл мезгілі? Кім маған тақпақ айтып береді?
Сергіту: Тоғайда көк тоқылдақ
Арнайы сұрақтар: Шығармашылық бөлім
Ол орманда өседі
Ол жаңбырдан қорғайды
Онымен ұшақтан секіреді
2) Осы шаршыны бір сызықпен бөлсек қандай пішін пайда болады?
Қорытынды: Сандар арқылы балалар бағалайды өздерін.
Балалар сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Қазір кім қай бағаға жауап берді сол бағаны өздеріне қойғанда дәлелдейсіңдер.