Е?бекке баулу : Папье-маше. Ыдыс жасау. (3 сынып)
Еңбекке баулу 3 «а» сынып Сабақтың тақырыбы: Папье-маше. Ыдыс жасау.Жалпы мақсаттар: Ыдыс-аяқтардың пайдаланылуы, айырмашылықтары туралы және оның түрлеріне тоқталу. Оқушылардың жан-жақты білімдеріне бағыт беру. Папье-маше тәсілімен ыдыс жасалу жолдарын үйрету.Сілтеме: Еңбекке баулу 3 сынып оқулығы, «Мектептегі технология» журналы Оқу нәтижесі: Ыдыс-аяқтың пайдаланылуы, айырмашылықтары туралы және оның түрлерін біледі. Папье-маше тәсілімен ыдыстардың жасалу жолдарын үйренеді.Негізгі идеялар: Әр түрлі материалдан ыдыс жасауға болатынын біледі. Папье – машеде тәсілімен ыдыс жасауды біледі.Әдісі: Диалогтық оқыту, формативті бағалау, постермен жұмыс, ассоциация, «Серпілмелі сұрақ » әдісі , анықтау кестесін толтыру. Тапсырма көздері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмаСабақтың көрнекілігі:Еңбекке баулу 3 сынып оқулығы, ыдыс-аяқ түрлерінің суреттерінен слайд, қауіпсіздік ережелері, интербелсенді тақта;Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық дайындық. а) Сынып оқушыларының ынтымықтастық атмосферасын қалыптастыру.ә) Ыдыс-аяқтардың түрлерінің суреттері арқылы топқа бөлу.Торсық, күбі,тостаған, шәйнекҮй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырма: Папье – маше.Ыдыс жасау.«Серпілмелі сұрақтар» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау1.Папье-маше деген қандай жұмыс?2.Папье –машенің орындалу тәсілі қандай?3.Папье –маше тәсілімен ыдыс жасағанда қандай құралдар қажет?4.Папье-маше дегенді қалай түсінесің?Жаңа сабақОй қозғау. Бейнефильм «Ұлттық ыдыстар»- Қолөнермен айналысатын адамдарды кім деп атаймыз?- Ұста - Зергер- Ісмер- ШеберҰста – қару – жарақ, ер – тұрман, сауыт – сайман жасаумен айналысатын адам.Зергер – алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адамШебер – ағаштан ойып әр түрлі бұйымдар жасайтын адамІсмер – ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам- Топқа бөлінген кезде құрастырған суретімізде не бейнеленген?Торсық – су, сусын құятын шағын тері ыдысКүбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдысТостаған – ағаш аяқтың шағын түрі.Шәйнек – жезден, мыстан жасалған құманның бір түрі.Оқушылар алдарындағы суретте не бейнеленгені жайлы өздерінің ойларын айтады, пікірталасқа қатысады.«Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланады.Бейнебаян (Алдыңғы сабақтағы оқушылардың сарамандық жұмысы)Папье - машемен тәсілімен жұмыстың орындалу реті:1. Ыдыс жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз.2. 50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып, желім дайындап аламыз.3. Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып, ыдысқа қажет газет қиындылары жабысып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.4. Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдейміз. 5. Осылайша 4-5 рет қабаттап, ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.6. Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз. 7. Дайын кесеге ою-өрнекті түсті қағаздан қиып алып желімдейміз, акварель бояуымен алуан түрлі гүлдердің суретін салып немесе ою -өрнекпен безендіреміз. Сергіту сәті.Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.Қылқалам, желім, қайшымен жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау.Сарамандық жұмыс: Жұмыстың орындалу реті: берілген шаблондар арқылы ою өрнекті сызып,қиып алып, ыдысқа жапсырмалайды.Папье – маше түрінде жасалған кәсе, тарелкені үлгілері бойынша ою-өрнекпен әсемдеу.1-топ: орыс халқының өрнектері2 -топ: қазақ халқының өрнектері3-топ: корей халқының өрнектері4-топ: өзбек халқының өрнектері«Ынтымақ-адамдар арасындағы татулық дегенді» қалай түсінесіңдер?Оқушылардың жауаптары тыңдалады.2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.Топтық тапсырма орындау. Постермен жұмыс1-топ: Ыдыстар неден жасалғанын анықтап,сәйкестендір2-топ: Кәсе туралы 5 жолды өлең құрастыру3- топ: Металдан жасалған ыдыс-аяқтар сәйкестендіру4- топ: Пластмассадан жасалған ыдыс-аяқтардың пайдасы мен зияныБағалау «Екі жұлдыз бір ұсыныс»Сабақты бекіту Анықтау кестесін толтырур/с Тапсырмалар Оқушы жауабы1 Ыдыстар неден жасалады? 2 Тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмас үшін қандай ыдыстарды пайлаланған дұрыс? 3 Папье-маше тәсілімен жұмыс жасаудың маңызы неде? 4 Папье-маше тәсілімен тағы қандай бұйымдар жасауға болады?«Бағдаршам» арқылы бағалау Кері байланыс
Үйге тапсырма: ыдыс жасау