Папье — маше ?дісімен ыдыс ая? жасау
№2 Сарамандық жұмыс
Папье - маше әдісімен ыдыс аяқ жасау
1. Жұмыстың мақсаты:
Оқушыларға ыдыс- аяқ жасалу технологиясы туралы ақпарат бере отырып түсінік қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін артыра отырып, әрбір жеке тұлғаның ақыл- ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай- жасау.
2. Теориялық бөлім
Папье - маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс.Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипс және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады. Папье - маше шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін, алдымен сазбалшықтан керекті ыдысымыздың мүсінін жасап алуымыз керек.
Мүсіндерді орындауда әр түрлі ережелер бар. Қалай болса солай сомдамайды. Жануар болсын, адамды болсын сомдағанда оның өлшемдері, пропорциясы сақталуы керек. Ол заттардың жеке - жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді.
Осыны жетілдіре түсті атақты мүсінші Поликлет өзінің бірінші рет «Пропорциялық заңдылық» еңбегін жазды және бірінші рет бейнелеу өнерінде адамның ішкі пластикалық қимыл – қозғалысын (психологиясын) мінез - құлқын көрсеткен. «Дорифор» мүсінін өмірге келтірді. Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін. Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.
Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.Бедерлі мүсіннің екі түрі болады, олар: барельеф және горельеф. Егер де мүсіндегі тұлғалар кеңістіктен өз қалыңдығынан жарым - жартылай шығып тұрса, ондай мүсінді барельеф деп атайды.Ал мүсін өз қалыңдығынан жарым - жартылайдан гөрі көбірек шығып тұрса горельеф дейді.
Папье-маше қағаз массасынан желім, гипс араластырылып жасалынған қатты нағыз бұйым. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағына білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Материалды кептіру де ұзақ уақытты алады. Папье машеден әр түрлі қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға болады.
Қеректі құрал-жабдықтар
қағаздар немесе газет;
су;
ұн;
өзіңе ұнаған кез келген ыдыс (шәйнек, кесе);
қайшы.
4. Жұмысты орындау әдістемесі
1.Ыдыс жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз. 2.50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып, желім дайындап аламыз. 3.Таңдаған ыдысыңызды төңкеріп қойып, ыдысқа газет қиындылары жабысып қалмау үшін вазелин майын жағамыз. 4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдейміз. 5.Осылайша 4-5 рет қабаттап газет қиындысын жабыстырып, ыдысты бөлме температурасында кептіреміз. 6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз. 7.Дайын ою- өрнект түсті қағаздан қиып алып желімдейміз немесе акварель бояуымен алуан түрлі гүлдердің суретін салып безендіреміз.
5. Нәтижелерді дайындау
Оқушылардың жасаған жұмыстарын өз қалауларынша безендіріп, жұмыс барысын және де қосымша тапсырмаларды орындап қорғауға дайындайды.
6. Сұрақтар
1. Қағаздың түрлері?
2. Оригами қағаздың өнделу тарихы?
3. Қатырма қағаздың негізгі түрлері?
4. Қағаз қалдықтарынан не жасауға болады?
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.- А., 2003.
2. Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения.-М.,2005.
3. Выгонов В.В. Практикум по трудовому обучению. - М.,1999.
4.Конышева Н.М. Методика трудового обучения младших школьников. -М.,1999.
2-қосымша
1-сурет. Жұмысқа керекті құрал жабдықтар
2-сурет. Ыдыстардың сыртының бірінші қабаты.(Бірнеше қабатпен қабаталады)
3-сурет. Қалыбынан шығарып аламыз.
4-сурет. Беткі қабатын ақ қағазбен қабтаймыз( ұн қосылған клейді пайдаланамыз).
5-сурет. Кепкенен кейін сырлауға кірісеміз.
6-сурет. Папье-машеден жасалған ыдыстар.