Саба? жоспары Do…While шартты со?ынан тексеретін ?айталау операторы


№21 сабақ
Сыныбы _______Күні_______________Мұғалімі_________________Тексерген_____________
Сабақтың тақырыбы: Do…While шартты соңынан тексеретін қайталау операторы
Сабақтың мақсаты: С++тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторлармен жұмыс жасауды оқып үйрену.
Білімділік:
Қайталау алгоритмімен жұмыс істеуді оқып үйрену.
Қайталау операторларын қолданып есептер шығаруды үйрету.
Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.
Өз ойын білдіре алу қабілетін, логикасын дамыту.
Тәрбиелік:
Жаңа бастаманы жарыққа шығару іскерлігіне тәрбиелеу.
Тиімді пікірлерге іздендіру, оқып үйренген білімін қолдана білуге талаптандыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: Әңгіме – сабақ, дәптерде және компьютерде практикалық жұмыс.
Оқыту әдісі: Көрнекі – түсіндірмелі, практикалық .
Оқыту үлгісі: жеке дара- ұжыммен.
Оқыту құралдары: ДК, интерактивті тақта, Dev C++ жүйесі..
Оқушылар білуі тиіс:
Қайталау операторымен жұмыс жасауды;
Қайталану алгоритмінің блок схемасын құра білуді;
Оқушылар үйренуі тиіс:
Қайталану операторымен шығарылатын есептерді басқа операторлардан ажырата білуді;
Қайталану операторының жазылу форматтарын ;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Журнал толтыру.
Өткен матералды қайталау
Оқушылардың алдында сабақтың мақсатын қою
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты бекіту
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
Өткен матералды қайталау сұрақтары
Қайталану операторы не үшін қажет?
Қайталану операторының қандай түрлері бар?
While циклдік операторының жазылу форматы қандай?
While операторының блок схемасы қандай?
While операторы қандай жағдайларды қолданылады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Do..while цикл операторы
Шартты соңынан тексеретін Do..while циклінің орындалу схемасы:
n-операторШарт
2-оператор
1-оператор

Жазылу форматы:
do{
1-оператор;
2-оператор;
...................
n-оператор;
}
while (өрнек);
Цикл тұлғасы ретінде қарапайым немесе құрама оператор қолданылуы мүмкін. Жақшадағы өрнек цикл тұлғасынан кейін тексеріледі. Сондықтан Do..while цикл тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады. Цикл тұлғасынан кейін жазылған өрнек ақиқат болса, цикл тұлғасы қайтадан орындалады. Ал өрнек жалған болса, цикл аяқталады.
Мысал
Енгізілген сандардың үлкенін табу.
#include<iostream>
#include<cmath>
using namespace std;
int main()
{
setlocale(0,"");
int a,max;
cout<<"\n Сандар максимумын табу";
cout<<"\n Аяктау ушин 0-ди енгиз";
max=-32000;
//алдын ала максимумды киши бутинге тенестиремиз
do{
cout<<"\nСан енгиз:";
cin>>a;
if (a>max) max=a;

}
while (a!=0);
cout<<"Ñàíäàðäûí ìàêñèìóìû="<<max;
}

4. Сабақты бекіту сұрақтары:
Шартты соңынан тексеретін қайталау операторының орындалу схемасы қандай?
Шартты соңынан тексеретін қайталау операторының жазылу форматы қандай?
do… while цикл операторының ішкі тұлғасы бірде-бір рет орындалмауы мүмкін бе?
do… while цикл операторының шарты қатынас таңбаларынсыз жазыла ма?
do… while цикл операторы қай кезде шексіз циклге айналады?
Сабақты қорытындылау.
Бағалау. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу