Ыбырай Алтынсарин ?зен ?ле?і


Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: қазақ әдебиеті Мектеп: №8 шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: 10.01.2017 Мұғалімнің есімі: Досалиева Гулшат
Сынып: 5 Қатысқандар саны: 18 Қатыспағандар саны: -
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. «Өзен» өлеңі
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Әңгіменің идеясы арқылы халқымыздың дана сөздері туралы түсінік қалыптасады.Әңгімені  талдау, салыстыру арқылы оқушы қиялының дамуына жол салу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Жазбаша ойларын білдіреді. Өз ойларын ашық айта алады;
Оқушылардың басым бөлігі:
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімдерін дамиды, жүйелейді;
Кейбір оқушылар:
Бірлескен іс-әрекетте білімдерін өмірде қолдана алуға бейімделеді
Күтілетін нәтиже Тақырыппен жұмыс жасау арқылы танымдық қабілеттерін арттырады
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Абайдың өмірімен байланыстырады
Жазылым бойынша ұсыныстар: өлеңді құрылысына қарай талдайды.
7 модульдің қолданылуы АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, сұрақ-жауап, салыстыру кестесі, эссеҚолданылатын ресурстартақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары, ноутбук
Алдыңғы оқу Өтілген тақырыппен байланыстыру
Жоспар
Жоспарланған уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар
Басталуы
(5 мин)
Білім
Қызығушылықты ояту
Түсіну
15 мин Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал орнатып аламын.
Сабақтың эпиграфы:Кіршіксіз таза сақтаңдар,Қазақтың тілін ғаламат.Ананың тілі - ардақтыАманат, саған, аманат.
Үйге берілген М.Өтемісұлының «Соғыс», «Қызғыш құс» өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Тест тапсырмалары:
1. М.Өтемісұлы қай жылдары өмір сүрген?
А) 1803-1846
2. Жалынды жауынгер ақын кім?
А) М.Өтемісұлы
3. «Соғыс» өлеңінде қандай оқиға бейнеленеді?
А) Исатаймен соғыста болған кезеңі
4. Ақын «Қызғыш құс» өлеңін кімге арнады?
5.Ақынның өлеңдері ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады? Мұғалім берген тапсырмасын орындау арқылы, оқушылар сұрақтарға жылдам, әрі шапшаң жауап береді.
«Қызғыш құс» өлеңін композициялық талдау жүргізеді Бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ынтымақ
тастықта болу.
АКТ
Сұрақ-жауап арқылы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашып аламын. 1841 жылы дүниеге келген ақын? Балғожа кімнің атасы? Төрт жасында әкесінен айырылған кім? Ол:
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) Оқушылардың мұндағы мақсаты қолдарындағы қағазды мыжғылайды және қарша боратып бір-біріне атқылайды.
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Ортасы
Қолдану
10 мин
Мағынаны ажырату
Талдау
5 мин
Жинақтау
5 мин -Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
(Иә, әдебиет өміртану құралы. Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып, адамды тәрбиелейді).
Өлеңді құрылысына қарай талдайды
Әр топқа салыстыру парағы таратылады, сол арқылы салыстырады нәтижесін тақтаға шығып көрсетеді
Тақтаға 2 оқушы шығып, талдап көрсетеді АКТ
(ноутбук).
Үлестірме қима қағаздар, қиындылартаратылады әр топқа.
Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады,
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады... Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя,талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?
Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?
Қоршаған орта
Табиғат
Халық қазынасы
Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек. Өлеңнің басталуы-
Байланысы-
Дамуы-
Шарықтау шегі- Аяқталуы
3 мин
Үйге тапсырма:
2 мин Критерилері:
Үй тапсырмасы бойынша;
Өмірі бойынша
Шығармасын талдау бойынша;
Ой қозғау бойынша; Өзін -өзі топпен бағалайды
Оқушылар алдарына берілген бағалау парағын толтырады. Бағалау қағаздары
Стикерлерді толтыру. Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі Ұсынылған стикерді толтыру Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы оқу. Өз өлкеңнің табиғаты туралы шағын шығарма – суреттеме жазу. Өлеңдерден көркемдегіш құралдарды табу. Берілген тапсырмаларды оқиды Қосымша ақпарат:
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Оқушылардың қабілетіне қарай, тақырыбына байланысты тапсырманы күрделендіремен. Әсіресе, әдебиет пәні болғандықтан талдау, талқылау, дәлелдеу, қорғау жұмыстарын ұйымдастырамын. - Орыс тілі, қазақ тілі пәндерімен байланыс бар;
- Интерактивті тақта, ноутбук пайдаланамын;
- Тәрбиелік мәні жоғары.