Классный час Отбасында?ы ?арым — ?атынас
Тақырыбы: Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі Орындаған: Какиева Л.У. Ақпарттық: Оқушыларға отбасы - әр адамның жанына жақын, ең қымбат байлық екенін, отбасы бірлігі – бақыттың кілті екенін түсіндіру; Коммуникативтік: Отбасында жағымды қарым – қатынас жасау, отбасының жарастығы, татулығы туралы түсінік ала отырып, жаман әдеттен аулақ болуы керектігі туралы білімдерін кеңейту; Проблеманы шешу: Бала мен отбасы арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты, олардың бойындағы ұнамды және ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, қиын жағдайлардан дұрыс жол табуға әдеттендіру; Сабақтың типі: Аралас сабақ Оқытудың әдіс-тәсілдері, технологиясы: АКТ, білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту, түсіндірмелі-иллюстративті, практикалық, Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ана тілі,бейнелеу, информатика Оқыту құралдары: проектор, оқулық, компьютер Сабақтың кезеңдері Ұйымдастыру бөлімі Үй тапсырмасын тексеру Жаңа материалды түсіндіру Жаңа білімді бекіту Өткен материалды қайлатау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық Табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс Үйге тапсырма, қорытындылау Біз бүгінгі сабақта отбасы туралы әңгімені жалғастырамыз. Әрбірің өз отбасыңа жақсы тілек айтып шығыңдар. Қазір қай мезгіл? Адамдар ауылда және қалада қандай қызметтер жасайды? Ауа райы қандай? Жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болып жатыр? Өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болып жатыр? №1 Тапсырма Ата заңда “Неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады” деп жазылған. Сен осы заңды қалай түсінесің? Отбасы туралы алған ақпараттарынды естеріңізге түсіріп, төмендегі сұраққа жауап беріңіз. №2 Тапсырма Қазақ отбасында қандай дәстүрлер сақталған атап, сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталатыны туралы әңгімелеп бер. №3 Тапсырма Алтын ұяң - әйелің қымбат,Құт – береке – атаң қымбат.Айналайын анаң қымбат,Мейірімді ағаң қымбат. Даналық сөзді оқып, оның мағынасын түсіндір. Отбасының берекесі Өз отбасың туралы әңгімелеп бер Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ ұлдар туралы, екінші топ қыздар туралы материалдарды оқиды. Ұлдар қыздар туралы не оқығанын, ал қыздар ұлдар жайлы оқығанын айтып береді. Отбасындағы қарым - қатынас Табиғат бүкіл адамзатты еркек пен әйелге, ұл мен қызға бөлген. Ер адам мен әйел адамның дене құрылысы, киім киісі, мүдделері жағынан бір – бірінен айырмашылығы бар, бұл – жыныстық белгілер.Ұлдар қозғалыс ойындарын жақсы көреді. Жолдасымен күш сынасудан, төбелесуден қашпайды. Нағыз еркек бала кіштентайларға қамқор болады, қыздарды ренжітпейді.Әке, отағасы – отбасындағы әйелі мен балаларына қамқорлық жасап, үйдегі ең ауыр жұмысты өзі атқаруы керек. Өйткені табиғат ер адамдарды мықты, төзімді және табанды етіп жаратқан. Ұл әкені сыйлап, бүкіл отбасының ісінде жәрдемшісі болуы керек. Әйелдер мен қыздар адамзаттың екінші жартысын құрайды. Әйелдерді әдемілікке теңеу етеді. Өйткені табиғат әйелге маңызды міндет - әйел және ана болу міндетін артқан ғой.Әйел ежелгі кезден – ақ отанасы болған. Ол тамақ дайындаған, балаларды тәрбиелеген, үй шаруасымен айналысқан. Қазіргі әйелдер ел тұрмысына белсенді араласады: бар салада жұмыс істейді, спортпен айналысады, ғылыми жаңалық ашады, тіпті ғарышқа да ұшады. Дегенмен, қамқорлық, ізгілік және нәзіктік әйелдің ең маңызды сапалары ретінде сақталған.Отбасында әйел де, еркек те бірін – бірі сүйіп, біріне – бірі қамқорлық жасауы керек. Отбасын қазақтар екінші сөзбен “жанұя” деп те айтады. Отбасы туралы халықта осындай жылы сөз бар.Өмірде шешуі қиын мәселелер көп туындайды. Оларды бүкіл отбасы болып, бірігіп шешкен жөн. Егер біреу ауыра қалса, отбасының басқа мүшелері оған дәрігер шақыру, дәрі сатып әкелу, тамақтандыру және сусын беру сияқты қамқорлық жасауы тиіс.Өз отбасын құрып, жеке тұрып жатқан ересек балалар қарт ата – аналарына көмектесуі керек. Оларды туған күнімен құттықтап, үйіне қонаққа шақырып, айрықша маңызды күндерді бірге бойлауы тиіс. Ата – анаға тірек болу және қолдау – балалардың борышы. Халық “Ата – анаңа не істесең, алдыңа сол келеді” деп бекер айтпаған. 1 2 3 4 Мақсаты: оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым – қатынастарын дамыту. Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінеді.Ұлдарға: “Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?”.Қыздарға: “Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?” деген сұрақтарға жауап береді. Әр топ өз ойларын ақ плакат бетіне түсіреді. Анасы ұлынан еденде жатқан қағазды жинапалуын сұрады. Ол менің қағазым емес деп, баласы қағазды көтермеді. Мұндай жағдайда не істеу керек?2. Егерде саған бір сиқыршы жолығып, саған отбасыңыздағы бір мүшесімен орныңды ауыстырамын десе, сен кім болғанды қалар едің? Не себептен ол кісінің орнында болғың келеді? Және өз отбасыңды бақытты ету үшін не істер едіңіз? Жаңа материалды бекіту: О Ы Т С Б А Сұрақтары: “Әйел” сөзінің баламасы.“Әке” сөзінің баламасыАта-анаға тірек болу және қолдау.“Отбасы” сөзінің баламасыЕр адам мен әйел адамның бір – бірінен айырмашылық белгісі.“Татулық – табылмас ...” Қайталауға арналған сұрақтар: Отбасында еркектер қандай міндет атқарады?Отбасында әйелдер қандай міндет атқарады?Балалардың ата – ана алдындағы борышы қандай? Бұтағы – бабасының,Ұрпағы – атасының,Шуағы - әжесінің,Тұяғы - әкесінің,Тілегі – анасының,Тірегі – ағасының,Түлегі – даласының,Дарытқан бар асылынМен – қазақ баласымын!Жерінде – бабасының,Елінде – атасының,Көңілінде - әжесінің, Қолында – анасының,Жолында – ағасының,Төсінде – даласының,Тапқан өз жарасымын,Мен – қазақ баласымын!Е.Өтетілеуов Үйге тапсырма:Өз отбасың туралы әңгіме жаз. Сау болыңыздар! Назар аударғаныңыздарға рахмет!