Ш?к?рім ??дайберді?лы «Е?лік — Кебек» поэмасы 10 сынып
Сабақ жоспары
Пәні:Қазақ әдебиеті
Сыныбы:10 Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» поэмасыМақсаты: білімділік. Поэма мазмұны мен идеясын таныту. Ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыландыру.Тәрбиелік. Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып, соны болашақтарына жарата білу, жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.Дамытушылық. Оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген жан - жақты түсінігін аңғарта отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.Түрі: АраласТақырыпты толық меңгерту үшін пайдаланылатын оқыту стратегияларыI Ой шақыруII ТоптастырIII КубизмIV Венн диаграммасыПәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарихКөрнекілік: Ақынның портреті, хронологиялық кесте, плакат, маркер, сабақтың эпиграфы, интерактивті тақтамен жүргізуӨткен істен адамзат бір үлгі алмақ…Естілер көп жазады әңгіменіЖазбайды ермек үшін әлденені,Жирентіп жаманынан, жақсыны ұғып,Алсын деп жазады ғой өнегені.Ш. ҚұдайбердиевЖаңа сабақ1. Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір - бірімен амандасып алады.2. Топқа бөлу сандар арқылы оқушылар екі топқа бөлініп отырадыОй шақыру.Оқушыларға тақырып туралы бірнеше сұрақтар қойылады, сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты оқушылар өздері айтады1) Қазақ әдебиетінде қандай ғашықтық жырларды білесіңдер?2) Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай поэмалар жазды?Олай болса балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаныЕлшілікке баруЕкі топ тақырыпты бөліп алып, өздері ізденіп, оқыған тақырыптарын топтан бір адам шығып келесі топқа әңгімелейді. (10 мин.)Екі жұлдыз бір тілек: екі топ өзара сабақтан алған әсерлерін айта отырып екі тілек бір ұсыныс айтадыМұғалім сөзіШ. Құдайбердіұлы (1858 – 1931 ж.)XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақындардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы.“Еңлік – Кебек ” поэмасы 1912 жылы жазылған, Семейдегі “Жәрдем” баспасында жарық көрген. Оқиғаның болған жері – Шыңғыстау өңірінде болған.ТақырыбыЕскілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған заманның құрбаны болған екі жастың махаббат драмасыИдеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылықЖанры: Эпикалық ғашықтық дастанНегізгі кейіпкер: Еңлік пен КебекӘдеби бағыт: Поэзия (поэма)Өлең құрылысы: 11 буынды, қара өлең үлгісінде жазылғанПоэтикалық тілі: Суреттеу, монолог, диалог, мінездеу, портрет, теңеу, эпитет, метафораМенің пікірім (оқушылар поэма туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады)( Зерделейік, ойлайық, айтайық)І. Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыз?1. Махаббат2. Тарих3. Әлеуметтік өмір шындығы4. Өз ойымІІ. Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?1. Екі ел арасындағы дау-дамай2. Әлеуметтік теңсіздік3. Жер дауы4. Өз ойымІІІ. Екеуінің өліміне кім ( не) кінәлі?1. Кеңгірбай2. Заман3. Салт - дәстүр4. Өз ойымОқушылар пікіріКарабаев Мақсат: Екі жастың өліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше, екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді. Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидің өліміне де себепкер болмас еді.Құдайбергенов Мағжан: Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата - анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады. Ата - анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты. Әрбір адам дүниеге келген соң ата - анасының үмітін ақтап, ризалығын алу керек. Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.Мақсат: Менің пікірімше, екі жастың өліміне ру басылары кінәлі. Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді. Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттың қандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті.Сабақты қорытындылау үшін берілетін сұрақтар:Автор шешімімен келісесің бе? Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?Кубизм стратегиясыТақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызуСуреттеңіз.1. Еңлік пен Кебек бейнесін поэмадан табыңыз, автордың суреттеуі.2. Бейнелі сөздер мен мақал – мәтелдерді табыңыз.Салыстыру.Венн диаграммасы арқылы “Еңлік – Кебек ” пен “Қалқаман – Мамыр ” поэмасын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен даралығын зерттеңіз.1. Поэманың шығу тарихы, оқиға қашан және қай өңірде болған? Кімнің ақыл – кеңесімен жазылған?2. Поэмада қандай жер атаулары мен тарихи тұлғалар есімі берілген?Венн диаграммасыҚызжібек Ортақ ЕңлікСабақты қорытуСмайлик арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды, (қызыл – 3, сары – 4, жасыл – 5)Кері байланыс парағыҮйге тапсырма.«Еңлік ─ Кебек» ─ ғашықтық трагедия» атты шағын шығарма жазып келу.Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген ой – пікірлерін жазу.Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: « Қаратпа сөздерге қойылатын тыныс белгілерін қайталау»
Сыныбы: 9Сабақтың мақсаты:Қаратпа сөз және оның тыныс белгілері туралы алған білімдерін қайталау, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер екенін ұғындыру,саналы меңгерулерін тексеру. Ой өрісін, сөз байлығын дамыту,өз бетінше талдау дағдысын тұрақтандыру.Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.Ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалануға, ұшқырлыққа,ойлылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: қайталау сабағыПәнаралық байланыс: әдебиет, тарихСабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, зерттеу, түсіндіру, Блумның токсономиясы, INSERT стратегиясы.Сабақтың жабдығы: слайд, үлестірме қағаздар.Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі1. Оқушыларды түгендеу;2. Сабаққа дайындықтарын бақылау;3. Ашық сабақ екенін айтып өту;ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Қайталау-білім анасы»дегендей, сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеруОй шақыру.1. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата. 2. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады? (ерекшелеуші)3. Қаратпа сөз дегеніміз не?4. Үтір қандай жағдайларда қойылады?Мұғалім: Біз бүгінгі «Қаратпа сөздердің арасына қойылатын тыныс белгілерін қайталау» сабағымызда Блумның токсономиялық әдісінің 6 бағыты арқылы жұмыс жүргіземіз. Ендеше бүгінгі сабаққа ат салыса қатысуларыңды сұраймын.Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасыБөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол — ақынның білімсіз бишарасы, – бұл қай ақынның өлеңінен алынған үзінді?I.Суретте. 3 қатарға сауалдар беру. Ұлы хакім Абайдың өлеңдерінен мысал келтіру 1-қатарға – Қаратпа сөз сөйлем басында келген жағдайда?1. Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, одан кейін үтір, не леп белгісі қойылады.Леп белгісі қаратпа сөз ерекше сезіммен айтылғанда қойылады: Жанар, қолыңды жу. Жолдастар! Бейбітшілік сақталсын!2- қатарға- Қаратпа сөз сөйлем ортасында келген жағдайда?2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында тұрса, екі жағынан үтір қойылады: Жарайды, Серік, көмегіңе рақмет!3- қатарға- қаратпа сөз сөйлем соңында келген жағдайда?3. Қаратпа сөз сөйлемнің соңында тұрса, алдынан үтір қойылады: Оқып жүрмін, ата.II. Салыстыр. Қаратпа сөздерді одағай, қыстырма, оңашаланған айқындауыш мүшемен салыстыру, тыныс белгілерін айқындау, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айту. Ойбай, білсем Құдай ұрсын, - деп Зейнеп те әзілдей жауап берді. Әли, менің ойымша, мемлекет отбасынан басталады. Үлкен ұлы, Асаны, еңбекқор азамат еді.III.Ойыңызбен байланыстырыңыз. Кітаппен жұмыс жасату. 170- жаттығу.Тапсырмасы: Қаратпа сөздердің орнын ауыстырып жазу.Қандай тыныс белгісі қойылады?Әр қатарға екі сөйлемнен беріледі.1. Ойбай-ау, ағатай-ау, екі-үш айға бір-ақ төлеп едік қой.2. Ата-ау, неғып жүрсіз қараңғыда?3. Ақсақал,баяғыны қоя тұрыңыз. Ол ескіліктің қалдығы.4. Апыр-ай,апай – ай, қалай шаршамайсыз?5. Жалғыз сен ғана емессің ғой, қалқам.6. Ол жағына қам жеме, інішек, өзің де сақ бол!IV.Қолдану. Берілген сөздерді қаратпа етіп алып, төмендегі тақырыптарға эссе жазу.• «Атам туған ауылда»• «Армысың, атамекен!»• «Армысыңдар, дарқан мінез бауырларым»Керекті сөздер: бауырым, құлыным ,қарағым, апа, әже, атамекен, жасыл жайлау ,шырағым, ауылым ,кіндік қаным тамған жер,ыстық мекен, сағынышым ,балалық іздерім.V.Зертте. Қаратпа сөздерді зерттеу.1- қатар «Тарихшылар»2- қатар «Тілшілер»3- қатар «Әдебиетшілер»VI. Талдау. Бекіту Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз.А) Кеше жаңбыр жауды.
В) Сенің атың қалай, балам?
С) Қап, әттеген-ай!
Д) Асқар, бүгін күн жылы ма?
Е) Оян, қазақ!
2. Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.А) Ол, сірә, бүгін келмейді.
В) Кел, балалар, оқылық!
С) Мен дүкенге бардым.
Д) Піскен алма жерге түсті.
Е) Паһ, шіркін!
3. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді табыңыз.А) Бәйтерек- өте биік ағаш.
В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет.
С) Қарағым, қашан келдің?Д) Бүгін сабаққа дайынсың ба, Абай?
Е) Әжем сандықты ашты.
4. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған үтірді көрсетіңіз.А) Уа, туған жер, аша бер құшағыңды.
В)Уа туған жер аша бер, құшағыңды.
С) Уа туған жер,аша бер құшағыңды.
Д) Уа туған жер, аша бер, құшағыңды.
Е) Уа, туған жер аша бер, құшағыңды.
5.Сөйлемдерден қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын анықтаңыз. A) Алмас, екеуіміз баққа барайық.
B) Алмас екеуіміз баққа барайық.
C) Алмас екеуіміз, баққа барайық.
D) Алмас екеуіміз баққа, барайық.
E) Алмас екеуіміз! баққа барайық. Дұрыс жауап: А
6.Қаратпа сөздің анықтамасын көрсетіңіз. А) Аяқталмаған ойды білдіреді. В) Заттың атын білдіреді. С) Біреудің назарын өзіне қарату мақсатында айтылатын сөздер. D) Айтушының көңіл-күйін, әртүрлі эмоциясын білдіретін сөздер. Е) Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының түрлі көзқарасын білдіретін сөздер. Дұрыс жауап: С
7. Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз. Апа, қазір кино басталады, теледидарды қосайыншы. А) Қазір. В) Басталады. С) Теледидарды. D) Қосайыншы. Е) Апа. Дұрыс жауап: Е
8. Орыс тіліндегі баламасын табыңыз. Қаратпа сөз. А) Прямая речь. В) Диалог. С) Слова автора. D) Обращение. Е) Прилагательное. Дұрыс жауап: D
9. Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын анықтаңыз. A) Сөйлемнің тек басында тұрады. B) Сөйлемнің тек соңында тұрады. C) Сөйлемнің басында, ортасында және соңында тұрады. D) Сөйлемнің тек ортасында тұрады. E) Жеке сөйлем болып тұрады Дұрыс жауап: С 10. Қаратпа сөз бар сөйлемде қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз. A) Нүкте. B) Сұрау белгісі.C) Сызықша. D) Үтір. E) Тырнақша. Дұрыс жауап: DНе білеміз? Не білдік? Нені білгіміз келеді?Қорытындылау. INSERT стратегиясы арқылы оқушылар алдарындағы үлестірме қағаздарды толтырып, қорытындылайдыБағалау.Үйге тапсырма: 172 – жаттығу