Ш?к?рім ??дайберді?лы «Е?лік — Кебек»дастаны


Сыныбы:10 «А»
Күні:25.02.14.
Пәні:қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек»дастаныМақсаты:
білімділік: дастанның мазмұнына талдау және идеясын таныту,ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыландыру.дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау,көркем мәтінмен жұмыс істеуді дамыту.
тәрбиелік: ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып, соны болашақтарына жарата білу, жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Кейіпкер
тағдырына ортақтастыра білу, бір-бірінің пікірін дамыта отырып, өзара сыйластыққа үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: пікірталас элементтері қосылған дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: түсіндірмелі –көрнекілік,баяндау,ішінара іздендіру, репродуктивті,
пікірлесу, талдау,проблемалық сұрақтар.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар
Техникалық құрал-жабдық: интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІҮ Мақсат қою кезеңі
VЖаңа материалды түсіндіру кезеңі
V Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу
кезеңі
VIІ Бекіту кезеңі
VІIІ Үйге тапсырма беру
ІХ Оқушылардың білімін бағалау
I Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар түгенделіп, назары сабаққа
аударылады.
ІҮ Мақсат қою кезеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек»дастанының мазмұнына талдау
және идеясын таныту,ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге
дағдыландыру. V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Шәкәрім  қаламынан  туған  үш  дастан.
  Бұл  дастандар  жанрлық  тұрғыдан  алғанда  «Қалқаман-Мамыр»  ─  лиро-эпикалық  жыр,  «Еңлік-Кебек»  ─   әлеуметтік  дастан,  «Нартайлақ-Айсұлу»  ─  махаббат  драмасы.  «Ләйлі-Мәжнүн»  (Физулиден)  дастанын  1907  жылы  жазған,  «Қодардың  өлімі»  дастанын  жазады.  1888  жылы  «Қалқаман-Мамыр»  дастанын,   1891  жылы  «Еңлік-Кебек»  дастанын  жазып,  1912  жылы  жеке  кітап  күйінде  Семейде  «Жәрдем»     баспасында басылып  шыққан. 
1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған "Жолсыз жаза" поэмасы. Ескілікті жақсы білген шежіре ақын Шәкәрім Еңлік - Кебек оқиғасы
1780 жылдар шамасында болды деп дәл көрсетеді.
«Еңлік-Кебек» поэмасы кімнің ақыл- кеңесімен жазылған?
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қасындағы жас өнерпаздарға, шәкірттеріне Абай :
«Осы жалғыз мола осынау елсіз жотаға пайда болғалы, міне жүз рет жадырап жаз, кірбең тартқан күз келіпті. Сол бір ықылымнан бергі көп буындар тіршілігінің үнсіз куәсі осы мола. Бұл мола — ішіне ауыр сыр бүккен мола. Мұнда жатқан бір қыз, бір жігіт. Жігіті — Кебек, қызы — Еңлік аталушы еді,»- деп сол оқиғаны әңгімелей келіп, жас ақын інілеріне осыны жыр етіп жазуды тапсырады. Міне, осылай Абай ағасының тапсыруымен дүниеге келген «Еңлік — Кебек» дастаны бүгінгі жастардың сүйіп оқитын шығармасы, ғашықтарға қойылған мәңгілік ескерткіштей.
Бұл поэманы қандай жанрға жатқызуға болады?
Бейне көрсетілім.
«Еңлік- Кебек» дастаны - адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдыры туралы баяндайды.
Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл»
«Ой шақыру» стратегиясы.
Дастан дегеніміз не?
Дастан ─ (парсы  сөзі  тарихи  әңгіме,  ертегі, батырлар жыры)  Таяу  және  орта  Шығыстың,  Азияның  әдебиеті  мен фольклорындағы  эпикалық  жанр,  өлең  түріндегі  оқиғалы шығарма.
Түсіндірме  сөздік
Барымта ─ жауласқан  екі  рудың  бірінің-бірі  мал-мүлкін іштен  тартып  алып,  кек  қайтаруы.
Ұрын ─ күйеу  жігіт  жеңгелеріне  сый-сияпат  беріп, айттырған  қыздың  ауылына  жасырын  келуі.
Абыз ─ ас  білгір,  білімдар  адам.
Бақсы ─ пірге,  аруаққа  сиынып,  ауруды  ұшықтап емдейтін  тәуіп.
Жамағайын ─ аздаған  жақындық,  алыс  туыстық.
Жасы ─  көңілі  босау,  мұңаю,  қамығу,  беті  қайту.
Сабаз  ─  біреудің  іс-қылығына,  мінез-құлқына, кеңпейілділігіне риза  болғанда  айтылатын  көтерме  сөз.
Тапалдау  ─  аласалау,  кішілеу,  тәпелтектеу.
«Еңлік-Кебек» дастанындағы оқиға өрісіне байланысты тірек сөздер жасау.
Дастанның мазмұнын талдау
Кебектің Нысан Абызға бал аштыруы.
Ақын Абыздың динамикалық, жанды кескінін қалай суретейді? Абыз қимылының нақты картинасын көзге елестеткендей болады.
Хан,Шыңғыс бөктері,Хақан өзені дәл осы тұста неге айтылады.Еңлік пен Кебек қай кезде, қандай жағдайда кездеседі?
Поэманың ең көркем тұсы - Кебек пен Еңліктің арасындағы сырласу эпизоды. Араларында не туралы сөз болады? (слайд)
Әй, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай,
Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай.
Көрінгенге көз сүзген көрсе қызар,
Әдепсіз қыз дейсің-ау әлдеқандай,- деген өлең жолдарын Еңлік не мақсатпен айтты? (Диалогты әрі қарай жалғастыру , Еңлік пен Кебектің кездескен тұсынан монолог оқу тапсырылады)
Нышан жоқ бет-ауызда, сақал мұрттан,
Бұрын да естуші едім жайын сырттан.
Түн болса ұйқыдан бас көтермейді,
Күндіз асық іздейді ескі жұрттан,-деген өлең жолдарында кім туралы айтылады?
Соғысқа сылтау таппай отырғанда,
Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны, - деген үзіндіде Кебек нені айтқысы келді?
Бірі Матай қызы болса, екіншісі - Тобықты ұлы. Қалың малын беріп, бүгін-ертең алып кетем деп отырған күйеуді қайтпек. Ез де болса, қор да болса, оның артынан ерген руы, намысын күйттер ағайыны бар. Сонда Еңлік пен Кебек арасында ұзақ тірлік, ерлі-зайыпты баянды өмір мүмкін бе? Екеуі қандай шешімге келеді? (Кімнің көзі жетеді күні ертеңге, Теңін тапқан сені мен жалғыз мен бе. Ел шабысып кетті ме соның бәрі, Алып қашып алды ғой талай пенде.
Жұмбақ шешуі.
Елші (үнтаспа) Ру  адамдары  неліктен  екі  жасты  өлімге  бұйыратынын  дәлелде. Найман неге бітімге келмейді?
«Әнет бабаң емес пе менің атам,
Бірақ ондай қабыл ма менің батам?
Көшсем қоныс, отырсам көмегім жоқ,
Көрсетемін, қайтейін тыныш жатам» -кімнің сөзі және қай оқиғаны айтып тұр?
Тобықты Еңлік пен Кебектің тығылған жерін айтуға неге мәжбүр болады?
Бейне көрсетілім. «Еңлік-Кебек» пьесасы
Жас қой деп жаны ашыған бір адам жоқ...,
Кейбіреуі таспенен атпақ болды,
Кейбіреуі дарға да аспақ болды.
Аяғында мойнына арқан тағып,
Атқа байлап сүйретіп шаппақ болды.
Көп Найман екеуіне тұр анталап,
Бейне бір соятұғын малға балап...
Сол кездегі қоғам туралы ойың?
Поэма қалай аяқталады?
Менің пікірім ( зерделейік, ойлайық, айтайық) 1. Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыз? ( Махаббат, тарих,
әлеуметтік өмір шындығы)
2.Шәкәрімнің осы поэма арқылы айтпақ ойы не ?
3. Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды? (Екі ел арасындағы дау-
дамай,әлеуметтік теңсіздік, жер дауы) V Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі
Іздендіру тапсырмасы.
"Еңлік - Кебек" аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасын талдау.
1-нұсқа "Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз" деген атпен
1892 жылы "Дала уалаяты" газетінің 31-39 сандарында жарияланды.
2-нұсқа "Дала уәлаяты" газетінің 1900 жылғы 46-санында жарияланған нұсқа "Қазақ тұрмысынан хикая" деп аталды.
3- нұсқа – Мағауия Абайұлының "Еңлік - Кебек" поэмасы. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы архивінде сақталған қолжазба бойынша 1960 жылы "Дастандар" жинағында басылды.
4- нұсқа - 1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған "Жолсыз жаза" поэмасы. Ескілікті жақсы білген шежіре ақын Шәкәрім Еңлік - Кебек оқиғасы 1780 жылдар шамасында болды деп дәл көрсетеді.
VIІ Бекіту кезеңі
Төрт нұсқаны салыстыра отырып, қандай байламдар жасауға болады?
Оқушылар тапсырманы орындап жатқанда Роза Рымбаеваның «Еңлік-Кебек» әнін тыңдатамын.
"Еңлік - Кебек" дастанының
варианттарындағы оқиғалар "Еңлік - Кебек" дастанымен ұқсастығы
Кебек – батыр Еңлік - асқақ махаббат иесі Кеңгірбай - опасыз Нысан Абыздың бал ашқандағы сөзі, Еңлік портреті Бүркіт салу суреті Шыңғыстау, Орда, Хан, Доғалаң, Ащысу Жаулар үстерінен түскендегі қашу сәті Кебек мойнына арқан тасталуы. Еңліктің үш тілегі жөргекте зар қағып қалған бала Қараменде, Көбей, Кенбайлар Барлық нұсқа Еңлік пен Кебектің өлімімен тынады Кеңгірбайдың екі жүзділігі Тобықты, Найман руларының тасбауырлығы, «Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?» деген тақырыпта пікірталас
жүргізу .   Оқушылар екі топқа бөлініп,дұрыс деп тапқан жауаптарын қорғайды. Қалыс қалғандар  “білмеймін” деген  жауапты   қорғайды. 
- Ру басылары кінәлі- Екі жастың өздері кінәлі
– Сен Кеңгірбай болсаң қандай шешім қабылдар едің?
-Еңлік-Кебек өмір сүрген заман мен қазіргі ХХІ ғасырдағы жастар өмірін салыстыру.
Ой толғаныс
1. Жас жаңылады, үлкен кешіреді. Мақал. 2. Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл. Абай 3. Адасқанның алды жөн, арты соқпақ. Абай. 4. Алтын жығаң болса да, жаға мен жең керек. Асқан батыр болсаң да, ағайын мен ел керек. Мақал. 5. Жүрекке әмір жүрмейді. 6. Бейқамдық сәтсіздікке бастайды, оның аяғы қолайсыздыққа ұрындырады. Сабақты қорытындылау үшін берілетін сұрақтар:
Автор  ретінде  поэманы  ары    қарай  өрбітіп  көр. 
Автор шешімімен келісесің бе?
Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?
Дастанды оқи отырып қандай ой түйдің?
Үйге тапсырмасын беру .
Эссе “Дастаннан кейінгі ой”
Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген пікірлерін жазу.
ІХ Оқушылардың білімін бағалау
«Алдыңғының соқпағын артқы түзер»Ш.Құдайбердіұлы да өмірді, халқымыздың қиын да қилы тағдырын шынайылықпен бейнеледі. Біз ащы шындықты тани отырып, өмірде жақсылықтың жанында үнемі жамандық еріп жүретінін, адалдыққа арамдық қарсы тұратынын, ал мейірім, қайырымның қас жауы қатыгездік екенін ұқтық. Біз оларға жанымыз ашып, ішкі жан-дүниемізбен қосыла қайғырдық. Қаталдыққа іштей қарсыластық. Жанымызбен ізгілікке ұмтылдық.
─ Жігіттер! Бұл  өлеңді  жазған  мәнім,
Емес  қой  жастықпенен  салған  әнім.
Қас  қайсы,  қаза  қайсы,  таза  қайсы?
Аларсың,  көп  ғибрат,  байқағаның,─  деп, Шәкәрім  ақын  өз  дастанында  өз  ойын  осылай  түйіндеген  екен. Осымен  мен  де  өз  ашық  сабағымды  қорытындылаймын.