Патриотты? т?рбие – т?рбие негізі сыныптан тыс іс? шара


Патриоттық тәрбие – тәрбие негізі Патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін бірден-бір институт —білім мен тәрбие беру мекемелері. Патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді мақсаты — азаматтарды біріктіру, азаматтарға Тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру, оларды мемлекеттік рәміздер мен идеология төңірегіне топтастыру.
Біз патриоттық тәрбие беру шеңберінде азаматтық-патриоттық тәрбие, қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие беру секілді бағыттарды дамытуды көздейміз. Ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты мектебімізде,сыныбымызда көптеген шаралар өткізілді. Бір жылға жоспар құрсаң егін ек,Жүз жылға жоспар құрсаң ағаш ек,Болашаққа жоспар құрсаң баланы тәрбиеле........