Саба? жоспары аза? тілінде М?сіндеу
Мүсіндеу 1-сабақ. Тақырыбы: Күн мен бұлтОқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеу жұмысында қолданылатын материалдармен, құралдармен таныстыру; мүсіндеудің негізгі: жұмсарту, созу, құрастыру, жаю, тегістеу, жалпақтау, домалақтау тәсілдерімен таныстыру; қатырма қағазға бедерлеу тәсілін орындау дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар:Күннің және бұлттың суреттері, бедерлі мүсіннің үлгісі, тақтайша, ермек саз, арнайы кескіш таяқша, қол орамал.
балалар үшін: жұмыс дөптері, тақтайша, көк немесе көгілдір түсті қатырма қағаз ,ермек саз, кескіш таяқша, қол орамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.1.Кіріспе әңгіме:Ұстаз балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының - тақтайша, ермек саз, таяқша, қол орамалдарының ретімен түру керектігін айтады. Үстел үстін, киімін бүлдірмей материалмен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында тақтайшада мүсіндеу үшін қажетті материалды қалай қолдану керектігін түсіндіреді. Ермек сазбен жұмыс аяқталғаннан кейін, қолды орамалмен сүртіп, сабынмен тазалап жуу керектігін ұғындырады. Балалар жұмыс орындарын дайындайды.
2.Түсіндіру:Ұстаз балаларды мүсіндеудің негізгі жұмсарту және есу тәсілдерімен таныстырады. Бүтін ермек сазды жұмсарту, есу қиын болатындықтан ермек сазды кесетін арнайы кескіш таяқшамен бірнеше бөлікке бөліп алып, алдымен алақанға салып жұмсартып, сосын тақтайшада ұзын жіңішке шиыршық пайда болғанша есу керектігін көрсете отырып түсіндіреді. Балалар педагогтың көрсеткені бойынша өздері қайталап мүсіндеу жұмысын орындайды.
3. Балалардың өзіндік жұмысы: Балаларға бедерлі мүсіндеу тәсілімен жұмыс жасау жолын түсіндіру:
Көк түсті қатырма қағазға жай қарындаштың көмегімен күн мен бұлттың суретін салып шығамыз.
Ақ және сары түсті ермек саздың кесегін жұмсартамыз.
Ермек сазды бірнеше бөлікке бөліп алып, әр бөлігін тақтайшаның үстіне салып ұзынша, жіңішке ширатпалар есеміз.
Ширатпаларды сұлбаның өн бойына салып, қатырма қағазға жабыстыра бастырамыз.
Күн мен бұлттың ішін сәйкес түсті ермек сазбен толтырып, бетін тегістеп шығамыз. Жекелеген ширатпалардан күннің сәулелерін жасап шығамыз.
Балалар жұмыс дәптерінің көмегімен өз бетінше жұмысты орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.Жасаған мүсіндеу жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Талдау, бағалау.
Ұстаз дұрыс өрі тиянақты орындалған жұмыстарды атап көрсетеді.
2-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақты алқап.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттарды біріктіріп мүсіндей алу дағдыларын бекіту; оларға мазмұн беру; мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:Саңырауқұлақ суреттері, тақтайша, ермек саз, арнайы кескіш таяқша.
балалар үшін: тақтайша, ермек саз, кескіш таяқша, қол орамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Ұйымдастыру:Кіріспе әңгіме: Балаларға саңырауқұлақ, олардың түрлері туралы түсінік беріп, қайда өсетіні, атауы, оның тамақ ретінде пайдаланатыны, улы түрінің болатыны жайында мағлұматтар береді. Балалардан кімнің саңырауқұлақты өз көзімен көргені, жинағаны туралы сұрау.
2.Түсіндіру:Жұмыс дәптеріндегі саңырауқұлақты мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсете отырып түсіндіреді.
Алдымен ақ және қоңыр түсті ермек саз кесегін екіге бөліп, алақан арасына салып жұмсартамыз.
Қоңыр түсті кесегін алақан арасына салып домалақтап, шарик жасаймыз. Оның ортасын басбармағымызбен басып, саңырауқұлақтың қалпағының пішініне келтіреміз.
Ақ түсті ермек сазды цилиндр - шұжық пішініне келтіреміз, ол саңырауқұлақтың аяғы болады.
Енді екі бөлікті бір-біріне біріктіріп, олардың сырттарын тегістейміз.
Саңырауқұлақты жасыл түске боялған қатырма қағаздың үстіне орнатамыз.
3.Өзіндік жұмыс:Балалар үлгіге қар»ап отырып мүсіндеу жұмысын орындайды. Аяқталған жұмыстардың орындалуына талдау жасап, ең жақсы жасалғандарын атап өту.
Оқу іс-әрекетін қорыту.Жұмыстың орындалу сапасына назар аудару. Балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау.
3-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасбақалар.Оқу іс-әрекетінің гүрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бүтін бөліктен созу тәсілі арқылы тасбақаны мүсіндеуді үйрету; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.
Керекті құралдар шен материалдар: Тасбақа бейнеленген суреттер, ермек саздан жасалған дайын үлгі, тақтайша, ермек саз, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермек саз, тақтайша,таяқша, қол орамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Ұйымдастыру: Кіріспе әңгіме.Балаларға тасбақа туралы жұмбақ жасырады. Балалардың дұрыс жауабынан кейін тасбақаның суретін немесе ойыншық тасбақаны көрсету арқылы оның құрылысына, дене бітіміне назарларын аударады.
Ермек саздың бүтін кесегінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысының барысымен таныстыру.
2.Түсіндіру: үлгіні көрсете отырып, балаларға тасбақаның жасалу жолын көрсетеді.
Қоңыр ермек саз кесегін жұмсартып аламыз.
Үлкен домалақ жасаймыз.
Созу тәсілімен басын, мойнын жөне аяқтарын шығарып аламыз.
Жіңішке ширатпалар дайындап аламыз.
Тасбақаның сауытын ширатпалармен безендіреміз.
3.Өзіндік жұмыс: жұмыс дәптеріндегі үлгіге қарай отырып, тасбақаны мүсіндеуге кіріседі. Көрсетілген созу тәсілін қолдана отырып, жұмысты орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау, талдау.
4-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Киттің балалары.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға ермек саздың бүтін бөлігінен созу тәсілін қолдану арқылы мүсіндеу жұмыстарын үйрету; тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Киттер жөне олардың балалары бейнеленген суреттер, ермек саздан жасалған дайын үлгі, тақтайша, ермек саз , таяқша.
балалар үшін: жұмыс дөптері, ермек саз , тақтайша, таяқша, қол орамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Ұйымдастыру: Кіріспе әңгіме .Балаларға кит, басқа да балықтар туралы жұмбақ жасырады. Балалардың жауабынан кейін киттердің баласының суретін көрсетіп олардың дене мүшесінің құрылысына басы, қанаттары, құйрығының орналасу ретіне назарларын аудартады. Ермексаздың бүтін бөлігінен созу тәсілі арқылы мүсіндеу жұмысын тағы көрсете отырып түсіндіреді.
2.Түсіндіру: Үлгіні басшылыққа ала отырып, киттің баласын жасау жолын көрсету,түсіндіру.
Көк түсті ермексаз кесегін жұмсартамыз.
Үлкен домалақ жасаймыз.
Созу тәсілімен киттің құйрығын шығарып аламыз.
Құйрығының дәл ортасынан тілік жасаймыз да, үшін сүйірлеп, тегістеп, пішінін келтіреміз.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын белгілейміз.
3.Өзіндік жұмыс: жұмыс дәптеріндегі үлгіге қарай отырып, киттің баласын мүсіндеуге кіріседі. Шымшу, созу тәсілдерін қолданып, жұмысты орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастырып, балалар жұмысын бағалап, талдау.
5 -сабақ. Сабақтың тақырыбы: Көкөністер.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын-терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермек сазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар:
Жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермек саздар, тақтайша, таяқша, қол орамал.
балалар үшін: түрді түсті ермек саз , тақтайша, таяқша, қол орамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Ұйымдастыру: Кіріспе.Ойын:«Көкөністер мен жемістерді ажырат» дидактикалық ойынын ойнату. Ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады. Балалардан жылдың қай мезгілі екенін, күз мезгілі несімен басқа жыл мезгілдерінен ерекшеленетінін сұрап білу. Күзде барлық жеміс-жидектер, көкөністер пісіп, оларды жинау науқаны басталады. Күз айларын молшылық, береке, мереке сыйлайтын мезгілге жатқызатынымызды айтып түсіндіру. Бүгін көкөністерді ермек саздан жасайтынымыз туралы айту. Жұмыс барысында қай бала көкөністердің кей түрін жасайтынын айтады. Көкөністің ол түрін жасау үшін ермек саздың қандай түсін таңдайтынын көрсетеді. Көкөністердің пішіндері әртүрлі болатындықтан, балалардан сәбіздің пішіні қай геометриялық фигураға ұқсайтынын, сондай-ақ картоп, қызылша, шалқандардың пішіндері неге ұқсайтынын сұрап анықтау.
Балалар мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолданатынын айту.
2.Түсіндіру: Көкөністердің жұмыс дәптеріндегі жасалу жолын көрсетіп, түсіндіріп береді.Қызыл, күрең қызыл, жасыл, қызыл сары ермек саз кесектерін жұмсартып аламыз.Көкөністің түріне қарай шарик немесе цилиндр пішіндерді мүсіндеп аламыз.
3.Өзіндік жұмыс:Көкөністі жасау.
қызанақ - қызыл домалақталған ермек саздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасау,ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сабағы мен жапырағын орналастыру.
қияр - жасыл ермек саздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;
қызылша - күрең қызыл домалақтанған ермек саздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермек саздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын бекітеміз;
сәбіз - цилиндр пішінді ермек саздың бір ұшын аздап со- зып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермек саздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын біріктіреміз;
бұрыш - жасыл түсті ермек саздың бір ұшын аздап созып, домалақтап тегістейміз, жоғарғы бөлігін саусағымызды батыра басып, шағын ойықша жасаймыз да, оған ермек саздан жасалған жапырақтың сағағын бекітеміз.
Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Дайын болған көкөністердің мүсінін үстел үстіне қойып, «Біздің өнім» атты көрме ұйымдастырады. Балалармен бірге жұмыстарды бағалап, кімнің жұмысы сәтті шыққанын қарап, сабақты қорытындылау.
6-сабақ Тақырыбы: Кеселер
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ширату тәсілі арқылы ыдыс мүсінін жасау тәсілін үйрету; заттың сыртын ою-өрнекпен безендіруді меңгерту; жұмыс барысында өзін дұрыс ұстап, жұмысты тиянақты орындауға дағдыландыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Үлгі ретінде алдын ала дайындалған кесе, ермек саз, тақтайша,таяқша.
балалар үшін: ермек саз, тақтайша, таяқша, қол орамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Ұйымдастыру:
1.Кіріспе : Балаларға ыдыстар туралы жұмбақ жасырады. Балалардың жауабынан кейін ыдыстардың неден жасалатыны туралы түсінік беріп өту.
Үлгі ретінде дайындалған кесені көрсетіп, оның пішінінің ерекшеліктеріне тоқталады. Кесенің өте ертеде жасалып, қолданылып келе жатқаны туралы түсіндіріледі. Мүсін жасау үшін қолданылатын айналып тұратын құрал жоқ кезде адамдар сазбалшықтардан ширатпалар есіп, ыдыс жасаудың оңай тәсілін ойлап тапқандығы туралы айтылады. Педагог жасалу жолын жұмыс дәптерінен көрсете отырып түсіндіреді. Ширату тәсілінің орындалуын еске түсіреді.
2.Өзіндік жұмыс:Бір кесек ақ түсті ермексазды және жарты кесек түсті ермек - сазды илеп жұмсартып аламыз.
Ақ түсті ермексаздың бір кесегі мен түсті кесектің жартысын жұмсартамыз.
Ақ түсті жұмсартылған ермексаздың шағын бөлігін домалақтап, оны алақанға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің дөңгелек түбін жасау.
Ақ түсті ермексаздың қалған бөлігінен есу арқылы орташа қалып тықта ширатпалар жасаймыз.
Тақтайшадағы кесенің түбіне ақ түсті ширатпаларды айналдыра орай отырып, кесенің пішініне келтіреміз.
Кесенің сыртын саусақпен тегістеп шығамыз.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Жасаған мүсіндерді бағалайды, талдау. Кесемен жұмыстың келесі сабақта жалғасатынын хабарлау.
7-сабақ.Сабақтың тақырыбы : Кеселер.
Оқу іс - әрекетінің түрін мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: дайын мүсінделген кесені сәндік ою-өрнектермен безендіруді үйрету; мүсіндеу барысында балаларды өз ісіне ұқыпты және шыдамды болуна тәрбиелеу; шы- ғармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі:Қайталау сабақ
Керекті құралдар мен материалдар:
Алдын ала дайындалған кесе, ермексаз , ою өрнектердің суреті, тақтайша, таяқшалар, қолорамал , т.б.
балалар үшін: жұмыс дәптері, алдыңғы сабақта жасалған кесе, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал, т.б.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Ұйымдастыру: Кіріспе.Балаларға кесені безендіруге болатын ою-өрнек түрлеріне қарауды ұсынады. Ою-өрнектің таныс емес түрлеріне назар аударуды сұрайды.
2. Түсіндіру:Кесені ою-өрнекпен безендіру тәсілін түсіндіреді.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен кесеге ою-өрнек саламыз.
Түрлі түсті ермек саз кесегінен жіңішке ширатпалар жасаймыз.
Жіңішке ширатпаларды кесеге салынған ою-өрнектің үстіне жүргізіп, жайлап бастырып жапсырамыз.
3.Қайталап түсіндіру:Бір кесек ақ түсті ермексазды және жарты кесек түсті ермексазды илеп жұмсартып аламыз.
Ақ түсті ермек саздың бір кесегі мен түсті кесектің жартысын жұмсартамыз.
Ақ түсті жұмсартылған ермек саздың шағын бөлігін домалақтап, оны алақанға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің дөңгелек түбін жасау.
Ақ түсті ермек саздың қалған бөлігінен есу арқылы орташа қалып тықта ширатпалар жасаймыз.
Тақтайшадағы кесенің түбіне ақ түсті ширатпаларды айналдыра орай отырып, кесенің пішініне келтіреміз.
Кесенің сыртын саусақпен тегістеп шығамыз.
4.Балалардың өзіндік жұмыстары.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Сабақты қорытындылау кезінде балалар кесені қандай тәсілмен жасағандарын, жұмыстың орындалу барысын айтады. Бір - бірінің жұмыстарына қарап,бағалайды.
8-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Кірпілер.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға табиғи материалдар мен ермек сазды пайдаланып, кірпінің мүсінін жасауды үйрету; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар: Кірпінің дайын үлгісі, шырша қылқандары, ермек саз, тақтайша,таяқша, қол орамал
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, шырша қылқандары, тақтайша,таяқша, қол орамал, т.б.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.1.Ұйымдастыру:
1.Кіріспе:Балаларға кірпі туралы ертегі немесе әңгіме оқып беріп, оның тіршілігі, немен қоректенетіні туралы түсінік беру. Балалардан кірпі туралы не білетіндерін сұрап, әңгімеге тарту.
2. Түсіндіру: Балаларға кірпінің дайын жасалған үлгісін көрсете отырып, оны ермек саздан мүсіндеу тәсілін көрсетеді. Балалар кірпінің жасалу жолын еске сақтап, өз беттерінше орындайды.
3.Өзіндік жұмыс:Қоңыр түсті ермек саздың бір кесегін жұмсартып, оның кішкене бөлігін үзіп аламыз.
Үлкен бөлігінен домалақ жасаймыз. Созу тәсілімен кірпінің тұмсығын жасаймыз.
Ермек саздың кішкентай бөлігін төртке бөліп, цилиндр тәрізді пішіндер жасаймыз, бүл - кірпінің аяқтары.
Аяқтарын денесіне біріктіреміз.
Кірпінің инелерін шыршаның не қарағайдың қылқандарынан жасаймыз.
Қара түсті ермек сазды домалақтап кірпінің мұрнын, көздерін жасап, оны бас бөлігіне жапсырып біріктіреміз.
Жұмыс дәптерден орындалу ретін көрсетіп, жасалу жолын түсіндіру.
4.Дәптермен жұмыс:Балалар өз беттерінше кірпіні мүсіндеу жұмысына кіріседі. Балалардың жасап жатқан жұмыстарын бақылап, қиналған балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар беру.
Оқу іс-әрекетін қорыту.Дайын болған мүсіндерді қарап шығып, жақсы, дұрыс орындалған жұмыстарды үлгі ретінде балаларға көрсетіп, бағалау.
9-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Балықтар.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: кесек ермек саздан созу тәсілі ар- қылы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; әртүрлі әдіс-тәсілдермен балықтың сыртын безендіру; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; бейненің сипатын аша білуге бағыт беру; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар: Аквариумдағы балықтар, әртүрлі балықтардың суреттері, ермек саз, тақтайша, таяқша, қол орамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермек саз, тақтайша, таяқша, қол орамал, т.б.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.1.Ұйымдастыру:
Кіріспе: Балаларға балық туралы жұмбақ жасырып, балалардың балық туралы не білетіндерін анықтау.
Жұмбақ:Қанаты бар,ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.( балық)
Содан соң балаларды аквариумдағы балықтардың қасына шақырып, оның дене құрылысындағы ерекшеліктерге назарларын аударады. Балалар балықтың қандай түрін мүсіндегісі келетінін өздері анықтайды. Жұмыстың орындалу ретін көрсетіп, созу тәсілімен балықтың жүзбе қанаттары мен құйрығын қалай шығарып алуға болатынын көрсету. Әртүрлі тәсілдермен безендіру жолдарын үйретеді.
2. Түсіндіру Көк түсті ермек саз кесегін жұмсартып аламыз.
Ермек сазды домалақтап алып, аздап жаншып, жалпайтамыз.
Созу тәсілін пайдаланып, құйрығы мен жүзбе қанаттарын жасаймыз.
Ермек саздың бірнеше түсін пайдаланып,жіңішке ширатпалар мен домалақтар жасап аламыз.
Балықтың дене бөлігін ширатпалар және домалақтармен әшекейлейміз.
Көздерін мүсіндеп алып, бас бөлігіне бекітеміз.
Таяқшаның көмегімен аузын белгілейміз.
3.Өзіндік жұмыс Балалар жұмыс дәптеріндегі реттік орындау үлгісіне қарап отырып, әдемі балықтарды мүсіндейді.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың жасаған жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырылады.
10-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Көңілді күшік.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды әртүрлі көлемдегі цилиндрді біріктіру арқылы мүсіндеу жұмысын жасауды үйрету; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Күшіктердің суреті мен фотосуреттері, үлгі ретінде жасалған күшік, тақтайша, ермексаз, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме:Балаларға жұмбақ жасырып, жауабын дұрыс тапқаннан кейін, күшіктің суретін көрсетіп, балалармен бірге күшіктің дене құрылысын анықтайды. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын түсіндіру.
2.Түсіндіру:Ермексаздан күшіктің жасалу жолдарын рет-ретімен түсіндіріп көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындайды.
3.Өзіндік жұмыс: Бір кесек ақ ермексазды және жарты кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөліп аламыз.
Ақ ермексаздан домалақтап басын, цилиндр пішінінде мойын, денесін, шүжық пішінінде аяқтарын (4 дана), құйрығын,
сопақша пішінде құлақтарын, түрлі түсті ермексаздан денесіндегі дақтарын мүсіндейміз.
Домалақтап жасалған басын аздап созып, күшіктің тұмсығының пішінін келтіреміз.
Кеудесіне күшіктің мойнын, басын біріктіріп, біріктірілген жігін тегістейміз.
Аяқтарын денесіне біріктіріп, төмен жағын аздап иіп, табанын шығарып аламыз.
Құйрығын жапсырып біріктіреміз.
Денесіндегі дақтарын жапсырамыз.
Қара ермексаздан мұрны мен көзін жасап алып, бас бөлігіне жапсырамыз.
Жұмыс барысында балаларға көмектеседі, жұмыс дәптеріндегі суреттердің орындалу кезеңіне назарларын аударады.
Оқу іс-әрекетін қорыту. Дайын жұмыстарды бадалармен талдап, бағасын беру, кемшіліктерді түзету жолын өздерінен сұрау.
11-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларға ермексаздан ширату әдісін қолдану арқылы ұлттық ою-өрнектерді жеңіл түрдегі бедермен орындауға үйрету; қазақтың ою-өрнектерінің элементтерімен таныстыру; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; ою-өрнектегі түс үйлесімділігін сезінуге, әсемдікті қабылдай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Қазақтың сәндік - қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық ою-өрнектер үлгілері, ермексаз, тақтайша , таяқша.
балалар үшін: ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: балаларға қазақ халқының күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымдарының үлгісін көрсетіп„ олардың ою-өрнектеріне көңілдерін аударады.
Балалар қандай ою-өрнектерді көріп отырсыңдар?
Қошқар мүйіз, қызғалдақ, құсқанаты (балалар білетін ұлттық ою-өрнектерінің атын айтады).
Бұл өрнектер неге ұқсайды?
Құстардың қанатына, гүлге, малдың мүйізіне (жауаптарды тыңдау, түзету).
2.Түсіндіру: балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінде осындай ұлттық оюларды ермексаздан ширату тәсілін пайдаланып, бедерлейтіндерін айту. Бұл сабақ екі сағатқа есептелген, сондықтан бедерлеп мүсіндеудің бірінші кезеңі қалай орындалатынын көрсете отырып түсіндіру.
3.Өзіндік жұмыс:Ақ және қоңыр түсті ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.
Ермексаздың үлкен кесегін алдымен домалақтап алып, содан соң алақанға салып жалпақтаймыз, содан кейін тақтайшаға жапсырып, ою-өрнек салынатын негізгі өң бетін дайындап аламыз.
Саусағымыздың көмегімен ермексазды тегістейміз.
Өң бетіне тіс шұқығыш таяқшамен оюдың үлгісін сызып саламыз.
Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні басшылыққа ала отырып, жұмыстың алғашқы кезеңін орындайды.
4. Қорыту:Сабақ соңында балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, бедерлеп мүсіндеу жұмысы келесі сабақта жалғасатындығын айту.
12-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектер.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ермексаздан ширату әдісін жетілдіру мақсатында балаларға ұлттық ою-өрнектерді бедерлеп мүсіндеуді үйрету; балаларды жұмысты тиянақты, ұқыпты орындауға дағдыландыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар:
Ою-өрнектердің суреттері, ермексаз, тақтайша, таяқша.
балалар үшін: ермексаздар, тақтайшалар, таяқшалар, қолорамалдар.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: балаларға жұмбақтар жасырады. Балалар жұмбақтың жауабын тапқаннан кейін, ою-өрнектердің «өрнек» немесе «бедерлі өрнек» деп аталатынын түсіндіру. Өрнектерді таяқшамен батырып жасауға болады. Бүгінгі мүсіндеу оқу іс-әрекетінде дәстүрден тыс оюларды ермексаздан ширату тәсілімен мүсіндейміз. Балаларға бірнеше ою-өрнектердің элементтерін атауды және оны өрнектеуді ұсынады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма беру.
Қалған ермексаздан жіңішке ширатпалар жасаймыз.
Жіңішке ширатпаларды салынған оюлардың үстіңгі жағына саусағымызбен баса отырып, жапсырамыз.
Бедерлі өрнекті тіс шұқығыш шидің көмегімен әртүрлі таңбалар түсіріп, әшекейлейміз.
2.Балалардың жұмысы: Балалар жұмыс дәптеріндегі бедерлі мүсіндеудің орындалу ретіне қарай отырып, тапсырмаларды орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.Ең жақсы жасалған және өздері өрнектер ойлап тапқан балаларды мадақтап, ерекше атап өтеді, шағын көрме ұйымдастыру.
13-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Көжектер.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден мүсін құрастыру; құрастыру тәсілімен көжекті мүсіндеуді үйрету; тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру; мүсіндеу дағдыларын арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Ойыншық қоян, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, тұзды қамыр, таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме:балаларға қоян туралы жұмбақ жасырады. Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқаннан кейін, ойыншық көжекті көрсетіп, балалармен бірге көжектің дене құрылысын анықтайды. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын айтады. Ермексаздан көжектің жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу тәсілін түсіндіру.
Тұзды қамырдан цилиндр пішінінде басын, сопақшалап денесін, шұжық пішінінде аяқтарын
(4 дана), домалақтап құйрығын илеп аламыз.
Цилиндр пішініндегі басының жоғарғы бөлігін аздап қысып, жалпитып құлағын шығарып аламыз. Құлақты ортасынан таяқшамен бөліп, екі құлақтың пішінін жасап, саусақтарымызды аздап сулап алып, тегістейміз.
Сергіту: Жалғыз саусақ
Денесін бас бөлігімен біріктіреміз.
Біріктірілген орынды сұйық қамырмен сылап, тегістейміз.
Денесіне аяқтарын біріктіреміз және біріктірген жерді сұйық қамырмен сылаймыз.
Осы тәсілмен құйрығын біріктіреміз.
Қамырдың шағын бөліктерінен домалақтап мұрнын, көздерін жасап алып, басына орналастырамыз.
Қоянның пішіні кепкеннен кейін, оның көзін, мұрнын бояуға болады.
2. Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарап, көжекті мүсіндейді.
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндерді балаларға көрсетіп, бағалау, талдау.
14-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Түлкі.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден түлкі мүсінін құрастыруды үйрету; ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Ойыншық түлкі, түлкінің суреттері мен фотосуреттері, мүсінделген түлкінің үлгісі, ермексаз, тақтайша, қолорамал, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: жұмбақ жасыру.
Өзі айлакер,өзі қу,
Жүрген жері айқай,шу.(түлкі)
Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқаннан кейін, ойыншық түлкіні көрсетіп, балалармен бірге түлкінің дене құрылысын, түсін анықтау. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі ңилиндрлерден мүсіндеуге болатынын түсіндіру.
2.Түсіндіру: Ермексаздан түлкінің жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау. Бір кесек қызыл сары, аздаған көлемде қара және ақ ермексазды жұмсартып аламыз.
Қызыл сары ермексаздан домалақтап басын, цилиндр пішінінде денесін, кішкене цилиндр пішінінде мойнын, шұжық пішінінде аяқтарын (4 дана), шұжық-цилиндр пішінінде құйрығын, үшбұрышты жалпақ пішінде қүлақтарын дайындап аламыз. Ақ ермексаздан қүйрығына дақтар дайындаймыз.
Домалақ басын аздап қысып, созу төсілімен үшы сүйір болып келген түлкінің тұмсығын мүсіндейміз.
Денесін, мойнын, бас бөлігін біріктіріп, біріктірілген жерін тегістейміз.
Аяқтарын денесіне біріктіріп, төменгі жағын аздап иіп, табанын шығарып аламыз.
Құйрығын біріктіріп, құйрығына ақ ермексаздан дайындаған дақты жапсырамыз.
Құлақтарын басына біріктіреміз.
Қара түсті ермексаздың кішкене бөлігінен домалақтап мұрнын, көзін жасап алып, тұмсығына орналастырамыз.
3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, түлкінің дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсінделген жұмыстарды балаларға көрсетіп бағалау, талдау.
15-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Аязата мен Ақшақар.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеуде айқын бейнені конструктивті тәсілмен беруге, әртүрлі өдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ойын жүзеге асыруға қол жеткізу; ой-қиялын, шығармашы- лығын дамыту.
Керекті құралдар мен материалдар:
Аязатаның суреті, дайын мүсінделген жұмыс үлгісі, ермексаз, тақтайша, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дөптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: Жаңа жыл қандай мереке екенін, Жаңа жыл мерекесіне кімдер келетінін сұрау. Жаңа жыл туралы ән айтуды сұрау. Балаларға Жаңа жыл мерекесінің басты қонағы - Аязатаны ермексаздан мүсіндейтіндерін айту.
2.Түсіндіру: ермексаздан жұмыстың жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындалуын түсіндіру.
Көк, ақ және қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.
Көк ермексазды бөліктерге бөліп, үлкен цилиндрден денесін (тон), кішілеу екі цилиндрден қолдарын, домалақтап бас киімін мүсіндейміз.
Цилиндр пішініндегі денесін конус пішініне келтіреміз. Денесінің жоғары жағына қолдарын біріктіреміз.
Домалақ көк ермексаздан бөрігін мүсіндейміз. Домалақты конус пішініне келтіреміз де, төбе бөлігін аздап дөңестеп, тегістейміз.
Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, бес шұжық пішін мүсіндейміз (тоны мен бөрігінің терімен сәнделетін бөліктеріне), аздаған бөлігін мұрты мен сақалына және бетінің ұсақ бөлшектеріне қалдырамыз.
Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып, домалақтап илеп, басын мүсіндейміз, осы ермексаздан домалақтап мұрнын жасау.
3. Өзіндік жұмыс: Толық мүсінді құрастыру:
денесіне басын біріктіру.
басына бөрігі мен мұрнын орнату.
ақ ермексазды ширатып, Аязатаның тоны мен бөрігін сәндеу.
ширатылған ақ ермексаздан сақалы мен мұртының пішінін келтіріп, басына орналастыру.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен Аязатаның көзін салу.
Балалар жұмыс дөптеріндегі мүсіннің орындалу ретіне қарап, Аязатаны жасайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту. Ең жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдары мен шығармашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап өту, мадақтау.
16-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Портрет
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бедерлі мүсіндеуде адамның бет әлпетіне тән ерекшеліктерді бере білу; әртүрлі тәсілмен мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар: Портрет мүсіндердің фотосуреттері, дайын мүсіннің үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша, таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, тұзды қамыр, тақтайша, таяқша, қол орамалдар.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: Балалардың біреуінің бет-әлпетіне сипаттама беріп, кімді сипаттағанын сұрау. Балалар өз достарын мұғалімнің сипаттауы бойынша табады. Осылайша бір-бірін сипаттау негізінде басқа адамның суреті, яғни портреті шығатынын түсіндіру. Суретші адам бейнесін сөз арқылы емес, сурет арқылы береді. Суретшілер майлы бояумен салынған суреттерінде адам келбетін жиі бейнелейді. Әртүрлі портреттерді қарастырады. Суретші адам бейнесін салғанда, оның сезімін және көңіл күйін сурет арқылы бере біледі. Суретшілер салған әртүрлі портреттерге талдау жасалады. Бүгінгі сабақта адамның портретін тұзды қамырдан бедерлі мүсіндеу тәсілін қолдану арқылы орындайтындарын айту. Ол жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма береді.
2.Түсіндіру :Тұзды қамырдан бастың пішінін келтіріп, домалақ немесе сопақша пішін илеп алу.
Домалақтап немесе цилиндр пішінінде мұрынды келтіріп алып, оны бетінің ортасына жапсырамыз, біріктірілген жерін сұйық тұзды қамырдың көмегімен сылау.
Көздерін жасап алып, оны да мұрынды біріктірген төсілмен бетіне орналастыру.
Шағын ширатпа илеп, мұрыннан төмен орналастырып, біріктіру.
Шұжық тәрізді бірнеше ширатпа жасап алып, оларды бастың жоғары бөлігімен біріктіру. Бұл шашы болады.
бастың екі жағына мұрынмен деңгейлестіріп біріктіру.
Жұмысты кептіру.
Дайын болған бедерлі мүсінді гуашь бояуымен бояу.
3. Өзіндік жұмыс :Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретін басшылыққа ала кішкентай шелпектер жасап, құлақ пішініне келтіреді. Тапсырманы орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту. Ең жақсы жасалған портреттерді тақтаға іліп, балаларды мадақтау, ерекше атап өту.
17-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қысқы ойындар.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: жеке тұлғаларды мүсіндей отырып, мазмұнды композиция құрастыруға үйрету;бірігіп ұжымдық жұмыс жасауға, жасайтын бейнені қимыл-қозғалыс үстінде беру дағдыларын жетілдіру; таяқша арқылы заттың бейнесін айңқындау тәсілін үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар:
Балалардың қысқы ойынын бейнелейтін картиналар, ермексаз, қатырмақағаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, қатырмақағаз, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: Балалармен «Қыс қызығы» тақырыбындағы картиналарды қарастырып, суреттегі әр кейіпкердің қозғалысына, киімдеріне, тұрған тұрысына назар аударады. Қар атысып, аққала жасап жатқан немесе шаңғы теуіп жүрген, шана сүйретіп дөңнің үстіне шығып бара жатқан балалардың қысқы ойындарының суретін тамашалайды. Балалардан өздері қыста аулаға шыққанда қандай ойындар ойнағанды жақсы көретіндерін сұрау.
2.Түсіндіру: Жұмысты бастар алдында балалардың әрңайсысы нені мүсіндейтінін біліп, шешіп алу керек. Бірінші сабақта жұмыстың қандай түрі орындалатынын айтып, мүсіннің орындалу төсілін көрсету.
Әр түсті ермексазды жұмсартып алу.
Ермексаздың бір бөлігінен үлкен цилиндр -денесін (күртеше), басқа бөліктерінен кішірек екі цилиндр - қолдарын, домалақ -басын (шапкасы) дайындау.
Цилиндр пішініндегі денесін конус пішініне келтіру (бас бармағымыздың көмегімен цилиндрдің жоғары бөлігін төменгі бөлігіне қарай аздап жаншу), дене бөлігінің жоғары жағына қолдарын біріктіру.
Домалақ ермексаздан бөрігін мүсіндеу. Ол үшін домалақты конус пішініне келтіру (бас бармағымыздың көмегімен ермексазды аздап жаншу).
Аяқтарын мүсіндеу үшін екі цилиндр пішініндегі ермексазды дайындау.
Екі цилиндрдің төменгі жағын аздап иіп, етігін мүсіндеу.
Ақ және қызыл сары ермексаздарды әбден араластырып, домалақтап илеп, басын мүсіндеу, осы ермексаздан домалақ мұрнын жасау.
3. Өзіндік жұмыс : Балалардың жұмысы.Балаларға жұмысты орындауға кеңес беріп, мүсіндеуде қиналған балаларға көмектесіп, жұмыстарын талқылап отыру .
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалар өздері қалаған бейнені жеке-жеке мүсіндеп орындайды
.
18-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қысқы ойындар.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: жеке тұлғаларды мүсіндей отырып, мазмұнды композиция құрастыруға үйрету;бірігіп ұжымдық жұмыс жасауға дағдыландыру; жасайтын бейнені қимыл-қозғалыс үстінде бере білу; мүсіндеуге деген қызығушылығын арттыру; таяқшалар арқылы заттың бейнесін айқындау тәсілін меңгерту.
Керекті құралдар мен материалдар:
Балалардың қысқы ойынын бейнелейтін үлгі суреттер, ермексаз, тақтайша, таяқша.
балалар үшін: жүмыс дәптері, ермексаз, таңтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: балалармен «Қыс қызығы» таңырыбындағы суреттерді қарастырып, суреттегі әр кейіпкердің ңозғалысына, киіміне, назарларын аударады. Қар атысып ойнап жатқан,Аққала жасап жатқан немесе шаңғы теуіп жүрген, дөңнің үстіне шығып бара жатқан балалардың қысқы киімдерін тамашалайды. Балалардан өздері аулаға шыққанда қандай ойындар ойнағанды жақсы көретіндерін сұрау.
2.Түсіндіру: Бұл сабақта өткен сабақта бастаған жұмысын жалғастырып, жасаған мүсіндерін біріктіріп, мазмұнды композиңия құрастырады.
Денесіне басын біріктіру.
бас киімін кигізіп, мұрнын жапсыру.
аяқкиімін біріне-бірін жабыстырып, біріктіру.
денесін, аяғын біріктіру.тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын саламыз.
шана, конькилерді қатырма қағаздан қиып жасап, мүсінімен біріктіру.
мүсіндерді алдын ала дайындалған қатырмақағазға жапсырып, мазмұнды композиңия құрастыру.
3. Өзіндік жұмыс : Балалардың жұмысы.Балаларға жұмысты орындауға кеңес беріп, мүсіндеуде қиналған балаларға көмектесіп, жұмыстарын талқылап отыру.
Балалар өздері қалаған бейнені жеке-жеке мүсіндеп орындайды
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Ең жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдары мен шығармашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап өту, мадақтау.
19-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұйқыдағы мысықтар.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу. Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндрден құрастыру; мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру; ұқыпты істеуге үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар:
Ойыншық мысық, мысықтың суреттері, мысықтың ермексаздан жасалған үлгісі, ермексаз, тақтайша, таяқша.
Балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша,
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балалармен бірге мысықтың дене құрылысын, түсін анықтау. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын түсіндіру.
2.Түсіндіру:ермексаздан ұйқыдағы мысықтың жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу тәсілін түсіндіру.
Бір кесек қызыл сары және жарты кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, қызыл сары ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алу.
Қызыл сары ермексаздан домалақ - басын, цилиндр - мойнын, цилиндр - денесін, шұжық аяқтарын (4 дана), цилиндр - құйрығын, үшбұрышты кішкентай шелпек - құлақтарын дайындау.
Қоңыр ермексаздан жіцішке шұжық пішінді жолақтар жасап алу.
Денесін, мойнын, басын біріктіріп, біріктірілген жерді саусақтың көмегімен тегістеу.
Аяғын денесімен біріктіру.
Құйрығын біріктіру.
Жолақтарды жапсыру.
Қара ермексаздың кішкене бөлігінен домалақтап мұрнын жасап алып, басына біріктіру.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын салу.
3. Өзіндік жұмыс : Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, үұйықтап жатңан мысықтың дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген мысықтарын балаларға көрсетіп, бағалау, талдау.
20-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қой.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бедерлі мүсіндеу жөне тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілдері бойынша алған дағдыларын жетілдіру; қойға тән ерекшеліктерді (жүнінің көлемі, сыртқы келбеті) бере білуге үйрету; шығармашылық белсенділігін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Ойыншық қой, дайын мүсіннің үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша,таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, тұзды қамыр, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балаларға төрт түлік мал туралы, оның ішінде қойдың қасиеттері жайында түсінік беру. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп бұрынғы аталарымыз айтып кеткендей қойдың пайдасы өте көп. Қой бағатын адамды шопан деп атайды. Қойды жазда жайлауда, қыста қыстауда бағады. «Ауылға барғанда аталарыңның үйінен кім қойды көрді?» деп, жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тарту. Қойдың суретін көрсетіп, дене мүшелерінің орналасу ерекшеліктеріне, түстерінің әртүрлі болатынына мән береді. Қойдың жүнінен киім тігетінімізді, терісінен аяқкиім жасалатынын айтып кету.
2.Түсіндіру: қойды тұзды қамырдан мүсіндейтіндерін айтып, онымен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіру. Қойдың жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау тәсілін көрсету.
Тұзды қамырдан тіктөртбұрышты негізін дайындап алу.
Тұзды қамырдан цилиндр - басын,цилиндр - денесін, 4 шұжық - аяқтарын домалату тәсілімен жасап алу.
Цилиндрден денесінің пішінін келтіріп жалпақтап, негізге жапсыру.
Цилиндрден бастың пішінін жасап, денесінің жоғарғы бөлігіне сұйық тұзды қамырдың көмегімен біріктіру.
Басына құлағы мен кекілін біріктіру.
Аяқтарын денесіне сұйық тұзды қамырдың көмегімен біріктіру.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен тұмсығын белгілеп, денесіндегі, кекіліндегі жүннің түрін келтіру.
3. Өзіндік жұмыс : Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, жұмысты орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген қойларын балаларға көрсетіп, бағалайды, талдайды. Ең жақсы жұмысты таңдап алып тақтаға іліп көрсетеді. Шағын көрме ұйымдастырады.
21-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәрелке.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қағаз немесе пластик ыдыстарды ұлттық ою-өрнекпен безендіруді үйрету; безендіру дағдыларын бекіту; ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін қалыптастыру; тия- нақтылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Ыдыс түрлерінің суреті, дайын жұмыстың үлгісі, ою түрлері, ермексаз, тақтайша, таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме : алдын ала қағаздан немесе пластиктен жасалған табақ түрлерін балаларға көрсетеді. Олардың құрылысы, қандай тамақ ішкенде қолдану керектігін, түстерін сұрайды. «Осы табақтарға не жетіспейді, не істеуге болады?» деген сұрақтармен балаларға ой тастайды. Балалар ою-өрнектермен безендірілген ыдыстардың әдемі көрінетінін айту керек.
Ою-өрнек элементтерін еске түсіреді: құс қанаты, бұғы мүйіз, қызғалдақ, қошқар мүйіз. Оларды ширату тәсілі арқылы жасауды, иіп өрнекке келтіру жолдарын және ыдысты әшекейлеуде қандай бөлігіне орналастыру қажеттігін айтып, бағыт-бағдар беру.
2.Түсіндіру: балаларға тәрелкені ою-өрнекпен безендіру әдіс-тәсілдерін көрсету.
Тәрелкенің бет жағына қарындашпен ою-орнек салып алу.
Түрлі түсті ермексаздан ширатпалар жасап алу.
Жіңішке ширатпаларды ою-өрнек салынған суреттің бет жағына орналастырып, аздап саусақпен жапсыра басу.
Бедерлі ою-өрнекті түсті жалпақталған ермексазбен толтыру.
Ою-өрнекті сәндік элементтермен толықтыру.
3. Өзіндік жұмыс : Балалар мүсіндеуді өз беттерінше орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап бағалау, талдау.
22-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тышқандар.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қаңқасы фольга болатын тышқанды тұзды қамырдан жасауды үйрету; тышқанның пішінін және дене мүшелерін дәл беруге үйрету; шығармашылық белсенділі- гін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар: Тышқанның суретінің үлгісі, дайын жұмыстың үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша, кескіш таяқша.
балалар үшін: тұзды қамыр, фольга, жүмыс дәптері, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: балаларға тышқан жайында жұмбақ жасырады. Өзі кішкентай,бірақ одан піл қорқады.Ол не? (тышқан)
Жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, тышқанның суретін көрсетіп, түсіне, дене құрылысына назарларын аударады. Балалардан тышқанға байланысты қандай ойындар, ертегілер білетіндерін сұрап, балаларды әңгімеге тарту.
2.Түсіндіру: тұзды қамырдан тышқанның жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау.
Тұзды қамырдан дайындамалар жасап алу. Умаждалып домалақ пішінге келтірілген фольганы тұзды қамырдан жасалған шелпекке орап, дене жасау. 4 шүжық пішінді ермексаздан аяқтарын, дөңгелектенген екі пластинкадан құлақтарын жасап алу.
Құйрығын терінің кішкене бөлігінен немесе жіптен жасаған дұрыс.
Цилиндр төрізді денесінің жоғарғы бөлігін аздап қысып, тұмсығын келтіріп аламыз және саусақпен аздап сулап алып, тегістеу.
Аяқтарын денесіне сұйық тұзды қамырдың көмегімен біріктіру.
Құлағы мен құйрығын біріктіру.
Қамырдың шағын бөлігінен домалаңтап мүрнын, көзін жасап алып, басына орналастырамыз.
Тышқан кепкеннен кейін, гуашь бояуымен бояуға болады.
3. Өзіндік жұмыс : Балалар өз қалаулары бойынша (жұмыс дәптерінде көрсетілгендей) тұзды қамырдан ірімшікті жасауына болады.
Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, тышқан мен ірімшікті жасап шығады.
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген тышқандарын балаларға көрсетіп бағалату, талдау, қорытындылау.
23-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдегі арулар.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ұлттық киім үлгісімен балаларды таныстыруды жалғастыру; ұлттың киім киген ңыз баланың дене бітімін мүсіндеу тәсілін үйрету; мүсіндеуде адамның сырт келбетін, сымбатын бере білуге дағдыландыру; шығармашылығы мен ой-қиялдарын дамыту.
Керекті құралдар: ұлттық киімдердің суреттері, қыздың үлгі суреті, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша.
Балаларға керекті құралдар: ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамалдар.
Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: балалардан ұлттық киімдерге нелер жататынын, «ұлттық киім» дегенді қалай түсінетіндерін сүрау
Ұлттық киімдердің аттарын сұрау, толыңтырып атап беру. Шапан, сәукеле, бешпет, тақия, мәсі.
Қыз балалар, аналарымыз, апаларымыз қандай киімдерді көбірек киіп жүреді?
2.Түсіндіру: ермексаздан ұлттың киімдегі қыздың жасалу жолдарын рет-ретімен түсіндіріп, көрсете отырып мүсіндеу жұмысын орындау.
Түрлі түсті ермексаздардың кесектерін жүмсартып алу.
Негізгі түске таңдалған ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алу: үлкен цилиндр - денесі, екі кішілеу цилиндр - қолдары.
Денесін саусаұтың көмегімен жоғары жағынан төменге қарай ығыстыра мүсіндей отырып конус пішініне келтіру, екі жанына қолдарын біріктіру.
Шағын домалақ жасап алып, аздап жалпайтыңқырап бөркін жасау. Шағын домалақтан бөріктің жоғарғы бөлігін конус формасына келтіріп жасап алып, жоғарғы жағын дөңестеу етіп тегістеп бөріктің орта бөлігіне орналастыру.
Ермексаздың бір кесегін жалпайтып илеп, сопақшалап, көйлегіне біріктіру (камзол).
Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып домалақтап илеп, басын мүсіндеу, осы ермексаздан домалақ мұрнын жасау.
3.Өзіндік жұмыс:Мүсінді құрастыру.
денесіне басын біріктіріп орналастыру, басына мұрнын біріктіру, ңара түсті ермексазды жалпақтап жүмсартып алып, шашын мүсіндеп басына жапсыру, содан кейін бөрігін орнықтырып, оған қоңыр ермексаз жолақшаларынан тері жасап біріктіріп, бөрікті сәндеу, үкісін де осы ермексаздан жасап біріктіру.
Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, қызды және киімін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, ұлттық үлгідегі киім киген қыздарың мүсінін балаларға көрсетіп, талдау жұмысын жүргізу.
24-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жылға.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеудің «ермексазбен сурет салу» тәсілімен таныстыру; ермексаздың әртүрлі түсін араластыру арқылы жаңа түс алуды үйрету; тақырыптың түсін және түс айқындығын бере білуге үйрету; балалардың шығармашылық талпынысын қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Табиғатты бейнелейтін картиналар мен фото- суреттер; дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, қатырмақағаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: балаларға аспан, су туралы өлең тақпақтар оқып беру, мағынасынан не түсінгендерін сұрау. Судың пайдасы туралы не білетіндерін анықтау
2.Түсіндіру: Балаларға жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма беру.
Қатырмаңағазға жай қарындашпен табиғаттың көрінісін салу.
Түрлі түсті ермексаз кесектерін жұмсартып, дайындап алу, кейбір жетпей тұрған түстерді екі түсті араластыру барысында алуға болады (мысалы, ашық көгілдір түсті алу үшін, ақ және аздап көк түсті араластыру).
Ермексаздың кішкене бөліктерін шымшып алып, суреттің үстіне жағындылар түрінде жапсыру.
Суретті қосымша - гүл, жапырақ, тастармен сәндеп толықтырамыз.
Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарап, тапсырманы орындау.
3. Балалардың жұмыстары: балаларға түстерді дұрыс таңдап, «ермексазбен сурет салу» тәсілін дұрыс орындауларына көңіл бөледі, саусақтың көмегімен тегістеу тәсілінің орындалуын, қалай орналастыру керек екенін айтып,ескертіп отыру .
Оқу іс-әрекетін қорыту. Ең жақсы жасалған жұмыстарды тақтаға іліп, орындалу барысын талдау.
25-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсе.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: адам денесін мүсіндей алуға және ертегі кейіпкерінің бейнесін бере білуге үйрету; еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар: Алдаркөсе мүсінінің үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: балаларға үнтаспадан Алдаркөсенің «Мен Алдармын, Алдармын» әнін тыңдату. Балалар Алдаркөсенің кім екенін, ол туралы қандай ертегі естігендерін айтады. Алдаркөсенің жағымды немесе жағымсыз кейіпкер екенін, оны неге елдің бәрі жақсы көретінін сұрау. Балалардың айтқандарын толықтырып айтып, тереңірек мағлұматтар беру.
2. Түсіндіру:балаларға жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма беру.
Әр түсті ермексазды жұмсартып алу.
Бір кесек ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып, денесі үшін үлкен цилиндр, қолдары үшін екі кішілеу цилиндр дайындап алу
Денесін саусақтын, көмегімен ермексазды жоғары жағынан төменге қарай ығыстыра мүсіндей отырып, конус пішініне келтіру. Екі жанына қолдарын біріктіру.
Домалақ ермексазды конус пішініне келтіріп, илеп алу. Жоғары жағын дөңгелектеп, бөріктін пішініне келтіру.
Шағын екі цилиндрден аяқтарын жасау.
Шағын цилиндрлер жасап алып, бір жағын бүгіп, етіктерін мүсіндеу.
Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып илеп, осы ермексаздан домалақтап басын мүсіндейміз. Шағын бөлігінен домалақ мұрнын жасау.
Денесіне басын біріктіріп орналастыру.
Басына бөркін біріктіріп, қоңыр ермексаз жолақшасынан тері жасап, етегіне жапсыру.
Аяғы мен аяқкиімін бір-біріне біріктіру.
Бас, дене, аяқтарын біріктіру.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын салу.
Қатырмақағаздан кішкентай домбыра қиып алып, Алдаркөсенің денесіне бекіту.
3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптерлеріндегі үлгіге қарап, ретімен тапсырманы орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.Жасалған жұмыстарға балаларды қатыстырып, талдау жұмысын жүргізу.
26-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сиырлар.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеу кезінде төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін бере білу; әртүрлі пішіндегі цилиндрлерді мүсіндей білу дағдыларын бекіту; жекелеген пішіндерден мазмұнды композиция құрастыра білуге дағдыландыру.
Керекті құралдар мен материалдар: Ойыншық сиыр, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балаларға төрт түліктің бірі сиыр жайында жұмбақ жасыру.
Жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, сиырдың суретін көрсетіп, дене құрылысына, түр сипатына назарларын аудару. Төрт түлік малдардың пайдасы, олардың адам өмірінде маңызды орын алатыны жайында әңгіме жүргізеді.
2.Түсіндіру: Бүгін осы сиырды мүсіндейтіндерін айтып, мүсіндеу тәсілін түсіндіру.
Ермексаздан сиырды мүсіндеу тәсілін ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау. Балалар бірге ілесе отырып жасайды.
Бір кесек ақ және жарты кесек қара ермексазды жұмсартып алу. Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөлу.
Ақ ермексаздан домалақ - басын, домалақ - тұмсығын, цилиндр - мойнын, цилиндр - дене бөлігін, шұжық - аяқтарын (4 дана), жіңішке шұжық - құйрығын, сопақша шелпек - құлақтарын дайындау.
Қара ермексаздан шағын шелпектер жасаймыз. Бүл денесін- дегі дақтар болады. Осы ермексаздың бір бөлігінен мүйізін жасай- мыз.
Домалақтап жасалған басының бір жағынан аздап жалпақтап, тұмсығын орналастыру. Басына мүйізі мен құлақтарын бекіту.
Денесіне мойын және басын біріктіріп, біріктірілген жерлерін саусақтармен сипап тегістеу.
Аяқтарын денесіне біріктіру.
Құйрығын бекіту.
Денесіне дақтарын жапсыру.
Қара ермексаздың шағын домалақтарынан мұрны мен көзін жасап, сиырдың тұмсығына орналастыру.
3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, сиырдың дене мүшелерін ермексаздан илеп, біріктіреді, толық мүсінді жасап шығады.
Оқу іс-әрекетін қорыту.Балалар сабақ соңында жасалған мүсіндерді бір жерге жинап, бір-бірімен салыстырады, орындалған жұмыстарды талдау, пікірлерін айту.
27-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қойлар.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеу кезінде төрт түлік малдың өзіне тән ерекшеліктерін бере білу; әртүрлі пішіндегі цилиндрлерді мүсіндей білу дағдыларын бекіту; жекелеген пішіндерден мазмұнды композиция құрастыра білуге дағдыландыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Ойыншық қойлар, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балаларға төрт түлік мал, оның ішінде қой жайында жұмбақ жасыру.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айландырып киген тоны бар.(қой)
Жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, қойдың, ешкінің суретін көрсетіп, дене құрылысына, түр сипатына назарларын аударады, екеуінің бір-бірінен қандай айырмашылығы барын айту. Балаларға қойдың пайдасы, олардың адам өмірінде алатын орны туралы әңгімелеп береді. Бүгінгі сабақта осы қойды мүсіндейтіндерін айтып, мүсіндеудің қандай тәсілі қолданылатынын анықтау.
2. Түсіндіру: ермексаздан қойдың жасалу жолын ретімен түсіндіріп, көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау.
Ақ ермексаздың бір кесегін жұмсартып алу.
Ақ ермексаздан цилиндр-басын, жұмырланған цилиндр- ценесін, шұжық - аяқтарын (4 дана), жіңішке шұжық - құйрығын, сопақша шелпек - құлақтарын, цилиндр - мүйізін дайындау.
Цилиндр пішінді басының бір жағын аздап жалпақтап, денесіне біріктіру.
Басына құлағын, кекілін, мүйізін біріктіру.
Дөңгелек немесе сопақша шелпек тәрізді пішіндерді жүнінің реңіне келтіріп, жапсыру.
Аяқтарын денесіне біріктіру.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын, мұрнын белгілеу.
3.Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу іетіие қарап, қойдың дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді, мазмұнды композиция құрастырады.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, қойдың мүсінін балаларға көрсетіп, талдау.
28-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тауық және оның балапандары.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі домалақ пішіндерден мүсіндеу жұмысын жасауды үйрету; мүсіндеу кезінде бейненің өзіне тән ерекшеліктерін, оған қатысты көлемін беру дағдысын бекіту; мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, пішінін және дене мүшелерін дәлірек беруге үйрету; шығармашылық белсенділігін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Ойыншық тауық пен балапандары, дайын жұмыстың үлгісі,ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: ермексаз, жұмыс дәптері, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: Балалар үнтаспадан «Шөжелерім» әнін тыңдап, қосылып ән салып, қимыл- қозғалыстарды орындап, би билеу.
Тауық пен оның балапандарының суретін көрсетіп, дене құрылысына, түр-түсінің сипатына назарларын аударады, олардың айырмашылықтарының неде екеніне көздерін жеткізу.
Ермексаздан тауық пен балапандарының жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау.
Сары және қоңыр ермексаз кесектерін жұмсартып алу.
Тауықтың мүсінін жасау үшін бір кесек сары ермексаз бен жарты кесек қоңыр ермексазды араластырып илейміз. Одан домалақ - басын, жұмырланған цилиндр - денесін, жалпақ шелпек - қанатын және қызыл ермексаздан сақалы мен айдарын мүсіндеп алу.
Балапанның мүсіні үшін бір кесек ермексаздың үштен бір бөлігін жұмсартып аламыз. Одан домалақ - басын, жұмырланған цилиндр - денесін, жалпақ шелпек - қанатын жасаймыз. Аяқтарын жасау үшін тіс шұқығыш шидің бөліктерін пайдалану.
Шетін сәл созыңқырап құйрығын жасап алау. Денесінің бір шетін сәл созыңқырап құйрығын жасап алу.
Домалақ басын денесімен біріктіру.
Денесіне қанаттарын жабыстыру.
Балапанның аяқтарын денесіне біріктіру.
Тұмсығы мен көздерін мүсіндеп, басына орналастыру. Тауықтың басына айдары мен сақалын жапсыру.
3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, тауық пен оның балапандарын өз қалаулары бойынша бөліп алып, дене мүшелерін ермексаздан илеп,біріктіру, мүсіндеу, мазмұнды композиция құрастыру.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген жұмыстарын балаларға көрсетіп, талдау. Қорытындылау.
29-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ыдыстар.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ұжымдық жұмысқа баулу, бір-бірімен келісімге келу дағдыларын қалыптастыру; өздерінің қалыптасқан іскерлік дағдыларын жаңа затты мүсіндеуде пайдалану; қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту; ұлттық өрнектерді тұрмыстық заттар ауқымында дұрыс орналастыра білу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Қазақтың ұлттық ыдыстары немесе фотосуреттері, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: ермексаз, жұмыс дәптері, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балалармен бірге «Дастарқан» әнін тыңдау, әннің мағынасын түсіндіру, қазақтың дастарқаны туралы балалардың білімдерін толықтыру.Суреттерді көрсете отырып, дөңгелек үстел үстіндегі ұлттық ыдыстарды көрсетіп, аттарын атап таныстырады. Ыдыс-аяқтардың адам денсаулығына зиян келтірмес үшін, пайдалы материал- дардан жасалатынын түсіндіріп, айту. Қазақ халқының тұрмыс-тіршіліине қолдануға ыңғайлы, сәнді етіп жасалған ыдыс түрлерімен таныстырады. Ыдыстар ағаштан, теріден, қыштан жасалатындығы туралы мәліметтер беріледі. Оны шеберлер жасайтынын атап өтіп, сол шеберлер тәрізді бүгін ыдыстарды мүсіндейтіндіктерін айту.
2.Түсіндіру: Кесе жасау үшін: Бір кесек ақ және жарты кесек басқа түсті ермексазды жұмсартып аламыз. Ақ ермексаздың кішкене бөлігін домалақтап алып, алақанымызға салып жалпақтап, тақтайшаға қойып, кесенің түбін жасап алу.Ақ ермексаздан орташа қалыңдықтағы ширатпалар, ал түсті ермексаздан жіңішке ширатпалар дайындау. Ыдыстың түбінен бастап, ақ ермексаздан жасалған ширатпаны кесенің пішініне келтіре айналдыра орап, біріктіру.Саусақпен пиаланың сыртқы тегіс емес жерлерін тегістеу.
Қымыз құятын табақ жасау үшін: Бір кесек қоңыр жөне жарты кесек түсті ермексазды жұмсартып алу. Ақ ермексаздың кішкене бөлігін домалақтап алып, алақанымызға салып жалпақтап, тақтайшада ыдыстың түбін жасап алу. Қоңыр ермексаздан орташа қалыңдыңтағы ширатпалар, ал түсті ермексаздан жіңішкерек ширатпалар дайындау.Ыдыстың түбінен бастап, ңоңыр ширатпаны табақтың піші- ніне келтіре айналдыра орап, біріктіру. Саусақпен қымыз құятын табақтың сыртын тегістеу.
Торсық жасау үшін: Бір кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, екі бөлікке бөлеміз. Үлкендеу бөлігі - негізгі бөлігі, кіші бөлігі - мойны. Үлкен болікті домалақтап, алақанымызға салып жалпақ- таймыз, ал кіші болігінен ширатып, шүжың дайындау.Торсықтың негізгі болігін таңтайдың үстіне орнатып, мойнын біріктіріп, сыртын тегістеу.Кескіш таяқшаның көмегімен торсықтың негізгі бөлігінің жоғары жағынан мойнын біріктерген жерден аздап кесіп, ұшын иіп, торсықтың пішініне келтіреміз.
3.Өзіндік жұмыс: жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарай білетін торсық, кесе, ожау, ыдыстарды жасау. Торсықтың сыртын ермексаздан жасалған ою-өрнекпен сөндеу.
Оқу іс-әрекетін қорыту Балалар жасаған әртүрлі ыдыстарынан мазмұнды композиция құрастырып, көрме ұйымдастыру.Балалардың мүсіндеген жұмыстарын тексеріп, балалардың өздеріне талдату, бағалату.
30-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі геометриялық денелерден адам денесін құрастыруды үйрету; кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын бере білу; мазмұнды композиция құрастыру дағдыларын бекіту.
Керекті құралдар мен материалдар:
Толық тұлғасы бейнеленген адамдар суреттері, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балалардан өз отбасы туралы айтып, әңгімелеп берулерін сұрайды. Отбасында неше адам тұратынын, үлкен отбасында кімдер болатынын, олардың туыстық атауларын атап берулерін, бір-бірімен қандай қарым-қатынаста өмір сүріп жатқандарын әңгімелету. Әр баланың өз отбасы туралы айтқан ойларынан кейін , бүгін ермексаздан осы отбасы мүшелерін мүсіндейтінімізді айту. Алдыңғы сабақтарда («Қысқы ойындар», «Алдаркөсе», «Ұлттық киімдегі арулар») адам денесін қандай тәсілмен мүсіндегендерін естеріне түсіру.
2.Түсіндіру: балаларға адамның дене құрылысын ермексаздан жасау жолдарын көрсетіп, жұмыстың орындалу ретімен таныстыру.
Ер адамның мүсіні: Ермексаз кесегін бірнеше бөлікке бөліп алу.Түрлі түсті ермексаз бөліктерін жұмсартып алу. Цилиндр - кеудесі (күртеше), екі шағын цилиндр - қолдары.
Кеудесін жасау үшін, ермексаздың көбірек көлемін бас бармақтың көмегімен төмен қарай ысырып, конус пішініне келтіру. Кеуденің жоғарғы екі жақ жанына қолдарын орналастырып, біріктіру.
Екі шағын цилиндрден шалбар киіп тұрған аяғын жасау.
Екі шағын цилиндрден аяқ киімін жасау.
Ақ түсті ермексазды қызыл сары ермексазбен түсі дене түстес болғанға дейін жақсылап илеп, араластыру. Алынған ермексаздан домалақтап басын, мұрнын жасап алу.
Кеудесіне басын, басына мұрнын орналастыру. Қара түсті ермексазды жұмсартып, шаштың түріне келтіріп, басына жапсыру.
Аяқтарына аяқ киімін жабыстырып, бекіту.
Басын, кеудесін, аяқтарын біріктіру.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын бейнелеу.
3.Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретімен, тәсілімен танысып, өздерінің отбасындағы адамдарды ермексаздан жасауға кіріседі.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың мүсіндеген жұмыстарын тексеріп, балалардың өздеріне талдату, бағалату.
32-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.
Қайталау, пысықтау кезеңі, жұмысты қорытындылау.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Сабақтың мақсаты: әртүрлі геометриялық фигуралардан адам денесін құрастыру дағдыларын жетілдіру; кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын, көңіл күйін бере білу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Толық түлғасы бейнеленген адамдар суреттері, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балалардан отбасы мүшелері, олардың аты-жөндері , олармен араларындағы қарым-қатынас жөнінде әңгімелеу. Балалардың әңгімелерінен кейін отбасы мүшелерін мүсіндеуді жалғастыратындықтары туралы айту.
2.Түсіндіру: жұмыстың орындалу барысын көрсетіп, әйелдердің денелерін мүсіндеудегі айырмашылықтарды түсінліру.
Әіел адамның мүсіні: Түрлі түсті ермексаз бөліктерін жұмсартып аламыз.Ақ түсті ермексазды қызыл сары ермексазбен қосып,түсі дене түстес реңге дейін жақсылап илеп, араластыру. Алынған ермексаз домалақтап басын, мұрнын жасап алу, цилиндр пішінінде қолдарын жасау.
Негізгі түсті (көйлектің түсі) ермексаз кесегін бірнеше бөлікке бөліп алу. Үлкен бөлігінен ңилиндр жасау. Цилиндр пішінді ттермексаздың көбірек көлемін бас бармаңтың көмегімен төменкарай ысырып, конус пішініне келтіру. Бұл кеудесі болады. Қалған бөліктерден жалпақтап, көйлектің жеңдерін жасау. Түсті ермексаздан кішкене цилиндрлер илеп, туфлиін жасау.
Мүсінді толық құрастыру:кеудесіне басын біріктіру;басына мұрнын жапсыру;
Кара түсті ермексазды жұмсартып, шаштың түріне келтіріп,басына жапсыру;
кеудесіне қолдарын біріктіріп, дайын жеңдерді орналастыру. Денесіне аяқтарын, аяқтарына туфлиін біріктіру; киімін әртүрлі тәсілмен безендіруге болады;тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын бейнелеу.
3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс тәртібімен танысып, мүсіндеу жұмысын орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Ед жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдарымен айырмашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап , сабақты қорытындылау.