Биология — химия Таза болса таби?ат, аман болар адамзат


Таза болса табиғат, аман болар адамзат (биология, химия апталығының ашылу жиыны )Мақсаты:Оқушылардың ізденімпаздығы мен танымдық әрекеттерін шығармашылыққа бейімдеу. Халықаралық химия жылы, Қазақстан өндірісінің дамуы туралы оқушыларға кеңнен насихаттау, сонымен бірге экологиялық тәлім – тәрбие беру.Көрнекіліктер:Биология, химия, экология туралы бейне материал, слайдтар.1. Апталық жоспарымен таныстыру2. Пәндер туралы оқушы тақпақтарыТабиғаттың құпиясы тұңғиық,Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,Білген сайын сырын оның жүремізЖүректерге өшпес жалын нұр құйып.(Аружан)Табиғаттың қадірлеп қасиетінӘділдікке әрқашан бас иетінАтаңнан мал қалғанша тал қалсын депХалқың айтқан орынды өсиетін.(Зарина)О, табиғат сырың да терең екен,Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.Қанымдағы қасиет сенен екен,Недеген керемет ең, керемет ең!(Ануар)Ей, замандас ең алдымен досыңды ұқ,Досың жер, су, таза ауа, өсімдік.Ала жүріп осылардың сыйлығын,Осыларды қорлау деген не сұмдық?Жер ешкімге жазбайды деп арызды,Барын сарқып сала беру парыз ба?Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер.Не берсе де беретіні қарызға.(Досбол)Ғалымдар жайлы: (Ч.Дарвин, И. Вавилов, Тимирязев).Химияны оқу парыз әркімге,Оқиды оны барлық елде, әр тілдеХимияның оқыңдар әр бөлімін.Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.Химияны оқиық біз көңілмен,Кездесер ол күнделікті өмірден.Ақылымыз химияны біліңдер!Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.(Арай)Ғажайып нәрсе химия,Тұңғиық сыры әр алуан.Жоғалып бір зат зым-зияЖаңалап бірі жаралған.Қысылып кейде ертеңненСүлдерім қалды аз өлмей Химия келіп ертеңменБолысты сонда әжемдей.(Күміс)Жүрмейсің мұны білсең қате басып, Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.Бар элемент таңбасы осында тұр,Сап құрап массаға сай қатарласып.Кестеден түрлі-түстер көрінеді,Бәрі де деңгейге сай өріледі.Заң ортақ, период ортақ, топ та ұқсас,Заңдылық зарядтармен бөлінеді.(Гүлім)Әрбір топ өз алдына бір-бір дастан,Ғылымның дамуына үлес қосқан.Алпыс үш элементтің сырын біліп,Кейбірін Менделеев болжап ашқан.Табылып сан элемент тізбекте өсті,Бұл күнде бар элемент жүзден асты.Барлық зат осылардан жаралады,Ғалымдар мұның-дағы сырын ашты.(Аружан)Ой кемесімен саяхат:ОттекКездесемін ауаның құрамындаҚосылыстар менсіз сап құрады ма?Тұрақты элементпін қарапайымБелок, май, көмірсу құрамында.АзотБілесіңбе кереметті,Азот деген элементті.Танымасан танысалық,Мен азотпын ең қажеттіПолоний Ақ күміс түсті жұмсақ металмын. Мені 1898 жылы Пьер және Мария Кюри Складовскаялар ашқан. Ойлаңдаршы мен қандай элементпін.СеленАлғашқы буыным тасқын су, екінші буыным мал құлағына салатын белгі. Мен қандай элементпін? Мені швед ғалымы И. Берцелиус ашқан.ФосфорСу астында нұр жайнап жарқырап тұрамын, одан алып шыққанда, ызаға шыдай алмай лап етіп жанамын, көп кешікпей жалт етіп сөнемін, айтыңдаршы мен қандай элементпін.3. Бейне материалдар