Таза болса таби?ат, аман болар адамзат
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Сынып жетекшісі: Ұ.Орынбаева
Күні: 12.11.2015 ж
Мақсаты : Табиғатты қастерлеу, жасыл даланың көркемдігін сақтау, табиғатқа жанашырлық пен қарау, сонымен бірге табиғатты қорғауға, қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Ой шақыру Табиғат дегеніміз не? • Табиғат→ жер, ауа, су, күн, ай, топырақ, жануарлар әлемі, өсімдік Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме» «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. Өлең жұмбақтардың шешуін тауып,табиғат мезгілдеріне сай қандай қамқорлық жасауға болатынын айтып беріңдер”деген немесе “Абай табиғат суретшісі”деп жылдын 4 мезгіліне жазған өлеңдерін жатқа сұрау тапсырмаларын беру. Жұмбақтар:Қ.Баянбаев. Қар кетіп,қыр көгерді, Дала тегіс сарғайды, Қыс қиқуы көбейді. Шаруа қысқа қамданды. Жерге дән сеуіп, Қыс қысқара бастады, Қорадан жас төл өрді. Тауға тұңғыш қар жауды. Күн ысып,су жылынып, Сұлық жатыр ақ дала, Егін басын тұр иіп. Сирек жортқан аң ғана. Жеміс тердік бақшадан, Көтеріп бір аяғын, Жеңімізді түрініп. Қыздарым тұр аулада. Шешуі: Көктем,жаз,күз,қыс А. Құнанбаев 1845 жылы 22 тамызда Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Туған жылы – жылан. Абайдың шын аты – Ибраһим.Топқа бөлу • 1-топ «Сулы жер – нулы жер» • 2-топ « Ағаштарға қамқорлық» • Жүргізуші: Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана. • Оқушылар топқа бөлінеді. • 1 – топ: «Сулы жер – нулы жер» • Ұраны : «Су – табиғат айнасы» • 2-топ: «Ағаштарға қамқорлық» • Ұраны: «Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ» 1. Сөзжұмбақ шешу "табиғат" 2. “Мақал - сөздің мәйегі” (әр топ) 3.“Табиғатты аялайық!” ( сурет салу әр топтан 1 оқушы салған суреті бойынша) ойын айту. 4. ”Құлақтан кіріп, бойды алар” (өнер көрсету) 5. Шығармашылық жұмыс: “Табиғатқа тіл бітсе” 6. Жұмбақтар (ауызша) 7. Сұрақтарға жауап беру 8 Көрініс 9 Ойын : “Кім тапқыр?” Сөзжұмбақ сұрақтары • 1. Аң патшасы • 2. Қазақстанны әсем қаласы • 3. Қазақтың қарт ақыны • 4. Қазақтың батыр қызы • 5 . Қазақстанның көмір өндіретін жер • 6. Ай аты • 7. «Медеу» спорт кешені қай таудың беткейінде орналасқан ? • 1-топ «Сулы жер – нулы жер» Би: Саржайлау • 2-топ « Ағаштарға қамқорлық» Күй: Тепең көк Шығармашылық жұмыс: “Табиғатқа тіл бітсе” 1-сұрақ. Егер сен ақын болсаң... 2-сұрақ. Егер сен суретші болсаң... 3-сұрақ. Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе? 4-сұрақ. Ауаға, суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе? 5-сұрақ. Жануарларға -құстарға байланысты тыйым сөздерді білесің ? 1-топ «Сулы жер – нулы жер» 1-сұрақ. Марат үйден шығып, мектепке сабаққа келе жатыр. Жолдың шетінде бір торғай ұша алмай жатыр екен.Ол қасына барып, торғайды қолына көтеріп алды. Оның қанаты жараланып қалыпты.Марат торғайды алып, қайтадан үйге келеді. Ол торғайдың жарасын таңып, алдына су, жем берді. Марат торғайға қамқор болып жүргенде қоңырау соғылып, сабақ басталып кеткен кез еді.Ол сабаққа кешігіп келді.
2-топ « Ағаштарға қамқорлық» 2-сұрақ Арман Айманның туған күніне не сыйларын білмей ойланып тұрғанда, аулада өсіп тұрған гүлге көзі түсті.Ол қуанғаннан барлық гүлді жұлып алады да, Айманға сыйлайды. -Өз пікірлерің? • Көрініс: • 1-топ «Аңшы мен бала » • 2-топ « Ағаштарға қамқорлық» Үй құстары : Дала құстары: Тауық Торғай әтеш қарлығаш түйе тауық үкі балапан тоқылдақ үйрек, қаз сауысқан Қорытындылау Таза болса табиғат – Аман болар адамзат, - деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Таза болса табиғат – Аман болар адамзат Табиғат , сен – тіршілік, тұнып тұрған, Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан, Сен – көлсің, Сен – ормансың, Сен – бұлбұлсың,