Таза болса таби?ат аман болар адамзат
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Курмантаева Аягоз Илинтаевна
Тақырыбы: «Таза болса табиғат,аман болар адамзат»Мақсаты: «Табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.Міндеттері: -Табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсініктерін,экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;-Денсаулығын күту іскерлігін дамыту,денсаулығын нығайтуға деген іскерлігін арттыру,-Табиғатты қорғау,сақтау қажеттігі туралы ой,ынта туғызу,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. - Елін,жерін Жер ананы құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: оқушылар шығармашылығы,сөзжұмбақ, арнайы дайындалған слайдтар мен өзеннің, балықтың макеттері.Табиғат – адам.Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,Ауасының шәрбатын - ай, тұнығы - ай!Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде,Адамдарша сөйлейді екен, күнім - ай!Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы есігі, қуатты қонысымен өсіп - өнер мекені. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы.
Бүгінгі біздің сайысымыз айналамыздың қоршаған табиғат туралы болмақ.
Ең алдамен сайысымызды бастамас бұрын топтармен танысып алайық. Әділқазы алқасын сайлап алайық.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады:
1кезең - Таныстыру
2кезең - Дарабоз
3кезең - Сөзжұмбақ шешу
4кезең - Эссе жазу
5кезең - Ребус шешу
6кезең - Айырмашылығын табу
7 кезең - Ұйқасын табу
Таныстыру:
1-топ: Қыран тобы
Ұраны: «Қырандай күшті қанатты,
Біз-өрендер талапты»
2-топ: Тұлпар тобы
Ұраны: «Желмен бірге жарысқан,
Тұлпар қалмас жарыстан»
Дарабоз. 4 қонжықтың тапсырмаларын орындайды.
1-топ Қыран тобына:
Біздің отанымыз қалай аталады?
Президентіміз кім?
Доп сынды келбеті
Онда бар түп-түгел
Әлемнің әлпеті (глобус)
2-топ Тұлпар тобына:
Неше жыл мезгілі бар?
Төрт түлікті ата?
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды (су)
1 топ Қыран тобына:
Біздің Елордамыз қалай аталады?
Біз қазақстанның Қай жерінде тұрамыз?
Әдемі түнде, мен жүрсем,
Жүреді бірге (ай)
2 топ тұлпар тобына:
Қандай жыл мезгілдері бар?
Отбасыға кімдер жатады?
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күннің көзі)
Сөзжұмбақ шешу.
Әр топқа әртүрлі сөзжұмбақтар беріледі. Сөзжұмбақтың тақырыптары
«Жапырақ», «Өсімдік».
Эссе жазу. Оқушыларға табиғат туралы бейнебаян көрсетіледі соған қарап оқушылар табиғат туралы шағын эссе жазуы керек.
Ребус шешу.
Оқушылар берілген ребустарда шешеді. Ребустың жауабы: жемістер және көкөністер болады.
Айырмашылығын табу.
Екі топқа да бірдей сурет беріледі сол суреттің ішінде 10 айырмашылық табуы керек.
VI кезеңде «Ұйқасын тап» деп аталады. Әр топшаға өлеңдерді оқып, ұйқасын таптыру.
«Қыран» тобына:
1.Өзіне ноян,
Қорқақ кім?
2. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен ... (кірпі)
«Тұлпар» тобына:
1.Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді ... (шымшық)
2. Көз алма күнге алыс,
Қарайды ...(күнбағыс)
«Қыран» тобына:
1.Шабақ андып жағада,
Шарқ ұрады ...(шағала)
2. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... (арыстан)
«Тұлпар» тобына:
1.Үні ғажап,
Дүлдүл,
Бақта сайрар ... (бұлбұл)
2. Орыннан-орынға ауысқан,
Ұшқалақ қарала ... (сауысқан)
Әділқазы-алқасы сөз берейік. Ал енді балалар бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы тобы атаңбақ. Олай болса сайысқы келіп қатысқаңыздарға көптен көп рахмет келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!