Ойын саба?ы та?ырыбы: Си?ырлы д?румендер бірінші с?билер тобы



Тақырыбы : «Сиқырлы дәрумендер » (Ойын сабақ)
Мақсаты : Балаларға дәрумендердің пайдасын, қасиетін түсіндіру, тілдерін , дұрыс сөйлеуін дамыту, мейірімді болуға, бір-біріне көмектесуге үйрету.
Қостілділік компонент: әтеш –петух.
Қажетті құралдар: әтеш ойыншығы, жемістер ,(муляждар) себеттер, атрибуттар.
Шаттық шеңбері.
Қолдарынан ұстап бір-біріне жылы сөздер айту, бір-бірлеріне
күлкі сыйлау. Күні бойы көңілді жүреміз.
(орындарына отырады)
Сабаққа көңілсіз әтеш кіреді.
Тәрбиеші : Балалар, бізге әтеш келіпті, онымен амандасайық.
Балалар : Сәлеметсің бе, әтеш, сенің неге көңіл-күйін болмай тұр?
Әтеш : балалар , менің тамағым ауырып қалды, енді бұрынғыдай ән
сала алмайтын болдым.
Тәрбиеші: балалар, әтешке көмектесейік пе, қандай көмек керек?
Әтеш : Маған тек қана бақтағы сиқырлы дәрумендер ғана көмектесе алады.
Тәрбиеші : Жарайды, әтеш біз сиқырлы бақтан дәрумендерді алып келеміз. Біз баққа поездбен барамыз. Кәне бәріміз бір- біріміздің артымызға тұрамыз. «чук-чук-чук, чук-чук-чук» біз кеттік. Міне ,
сиқырлы баққа да келдік. Қане енді сиқырлы дәрумендерді жинастырайық. Бізді әтеш күтіп отырған болар. ( Сиқырлы бақтан дәрумендерді жинастырып алған соң балалар поездға мініп әтешке оралады).
Тәрбиеші: Балалар, сиқырлы дәрумендерді әтешке берер алдында тақпақтарымызды айтайық.
Айзере :
Мынау – жүзім, жаным,
Сөлі балдай шырын.
Тәттілігін біледі,
Ара менен шыбын.
Б.Диляра :
Мынау -өрік, күнім.
Ерте ашар гүлін,
Қара өрік, сары өрік,
Ектім екі түрін.
Т. Диляра:
Мынау – алмұрт, ақылдым.
Күзде жинап алатын.
Әтеш : Балалар, сендерге рахмет, маған барлық дәрумен түрін бердіңдер. Мен енді күндегідей ән салатын боламын. Ку-ка-ре-ку.
Тәрбиеші : әтеш, олай болса сен балалармен бірге «Шөжелерім»
биін биле.
Әтеш : Жарайды, билейік.
Сергіту сәті «Шөжелерім» биі.
Тәрбиеші : Балалар, сендер бүгін әтешке көмектестіңдер. Әрдайым осындай мейірімді болып, бір-бірлеріңе көмектесіп жүріңдер.
Әтеш : Балалар, рахмет сендерге, сау болыңдар.

КМҚК «Дәншік» балабақшасы
«Құлыншақ» бірінші сәбилер тобы


«Сиқырлы дәрумендер»
ойын сабағының жоспары.
Тәрбиеші : Кусаинова С. Г.
Самар ауылы
2015 жыл