?ажайып жетілік (5-6 сынып) білім сайысы


Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, математиканың негізгі ұғымдары мен түсініктерін қайталау және есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру, оқушы білімін шыңдай түсу, қандай да бір істі бірлесе отырып, жұмыла кірісуге, өз ойын айта білуге тәрбиелеу;Сайыстың формасы: топтықСайыстың көрнекілігі: интерактивті тақта слайдтары, диск, баклашка, бос қорапша, конфет қағазы, қағаз. Сайыстың жоспары: Оқушылар таныстырылымы.Аукцион шартын түсіндіру.Сатылым заттары туралы мағлұмат немесе қызықты оқиғаларБерілген тапсырмаларды орындау.Қалдық заттардан бұйым жасау. Сайысқа қатысушылар: 6-сынып оқушысы-Қали Архат6-сынып оқушысы-Атамкулов Абдуллах6-сынып оқушысы - Амантай Ақұлпа5-сынып оқушысы- Нұрсұлтан Балдырған5-сынып оқушысы - Жаһанша Гүлсан5-сынып оқушысы - Меңдіқара Саят5-сынып оқушысы - Махамбет Ақжүніс5-сынып оқушысы- Жолмырза Құдайберген Сатылым заттары Диск 30-60 теңге Бос баклашка 20-50 т Конфет қағазы 70-90 Қағаз 40-70 т Коропка 100-120 т Заттардағы тапсырмалар: «Бос баклашка»- математикалық жұмбақтар«Диск»- логикалық есептер«Қағаз»- математикалық мақал-мәтел жалғасын табу.«Конфет қағазы»- сұрақ-жауап«Бос коропка»- практикалық есептер« »- тест жұмысы І. Бос баклашка туралы мәлімет Бөтелкедегі суды сатып алар кезде нені тексеру қажет екенін білесіз бе? «Бөтелкенің түбі сау болса болғаны»  деген кеңесті ғана естіген шығарсыз. Денсаулығыңызды қорғау үшін бұл жеткіліксіз. Пластикалық бөтелкелердің жапсырмасында, бөтелке қандай пластиктан жасалғаны туралы жазба болады. Бұл ақпарат өте маңызды. Себебі кез келген пластиктан бөтелкенің ішіндегі нәрсеге әртүрлі дәрежеде қауіпті химикаттар бөлінеді. Кез келген бөтелкеде төмендегі белгілердің біреуі болады.  PET немесе PETEБұлПЭТ-тер немесе бір рет пайдаланатын бөтелкелер. Олар сұйықтыққа адамның гормоналдың балансына әсер ететін ауыр металл мен заттарды бөлуі мүмкін. ПЭТ — әлемде жиі пайдаланылатын пластмасстың түрі. Есте сақтау керек болған нәрсе ол тек БІР РЕТ пайдалануға арналған. Егер сіз мұндай бөтелкеге өз суыңызды құятын болсаңыз, сіздің ағзаңызға кейбір сілтілі элементтер мен көп мөлшерде бактериялар енуі мүмкін. HDP немесе HDPEЕшқандай зиянды заттар бөлмейтін, өте жақсы пластик болып табылады. Мамандар мүмкін болса осындай бөтелкедегі суларды алуға кеңес береді. Қауіпсіз, әрі қоршаған орта үшін де пайдалы: пластиктің бұл түрін қайта өңдеуге болады. Ол пластиктің қатты түріне жатады, көбінесе сүт, ойыншық, жуғыш заттарды сақтауға және кейбір пластикалық пакеттерді өндіруге қолданылады. PVC немесе VБұл материалдан жасалған заттар кем дегенде екі зиянды химикатты бөледі. Екеуі де адамның гормоналды балансына кері әсерін тигізеді. Бұл жұмсақ, иілгіш пластик, көбінесе сұйық май мен балалардың ойыншықтарын сақтауға пайдаланылады. Одан халық тұтынатын көптеген тауарларға блистерлі орама жасалынады. Сонымен қатар ол компьютер кабельдерін қаптауға пайдаланылады. PVC-тегі сусынды  сатып алмауыңызға кеңес береді.  LDPEПластиктің бұл түрі бөтелке және пластикалық пакет өндірісінде пайдаланылады. Ол өзі сақтап тұрған суға ешқандай химиялық заттар бөлмейді. Пластиктің бұл түрі тек су сақтауға  ғана зиянсыз. Азық-түлік дүкенінен одан жасалынған пакеттерді сатып алмағаныңыз жөн болады. Сатып алған азық-түлігіңізбен қоса жүрегіңізге зиянды химикаттарды да жеп қоюыңыз мүмкін. PPПластиктің бұл түрінің түсі ақ немесе мөлдір түсте болады. Сироптар мен йогурттар қаптамасы ретінде пайдаланылады. Полипропилен өзінің қызуға тұрақтылығымен бағаланады. Оны қыздырған кезде ол балқымайды. Салыстырмалы түрде зияны жоқ.PSКөбінесе кофе стақаны мен жылдам тамақтанудағы контейнерлерді жасауға пайдаланылады. Қыздырған кезде зиянды химиялық қоспалар бөлінеді. Полистирол — арзан, жеңіл әрі мықты пластик болып есептелінеді. Бірақ ыстық тамақ пен ыстық сусындар сақтауға жарамайды.PC немесе арнайы белгілері жоқ пластмасса .Бұл пластиктің ең зиянды түрі. Суларға арналға бөтелкелер мен тамақ контейнерлерін өндіруде пайдаланылады. Поликарбонаттан жасалынған ыдыстарда тамақ пен суды  сақтауға болмайды. Ол бисфенол А деген зат бөледі. Ол зат адамның эндокриндік жүйесін бұзады. Эстроген гормонының бөлінуін әлсіретеді. Пластикалық қаптамада бір нәрсе сатып аларда жақсылап ойланыңыз. Бәлкім, шыны әйнек әлдеқайда қауіпсіз болар. 1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Жазулы тұр ұзындығы бойында. 2. Нәрселерді санағанда керек қой ол бізге ауадай, Айтыңдаршы бұл қандай сан, Жан-жағыңа қарамай. 3. Алды артымыз шексіз де, Жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді, Шыққан тегін білсін де. 4. Доп емес, дөңгелек емес, Ұқсас бірақ достарым. Фигура ол ең негізгі, Дәл жауапты қостадым. І. Бос баклашка суреті - математикалық жұмбақтар ІІ. Диск туралы мәлімет. ДИСК (Disk) - шығарып оку-жазу бастиегіне қатысты айналдырылатын диск формасындағы мәліметтер. тасуышы; ақпаратты сақтау және қайта шығару қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластинка түрінде жасалған мәлімет тасуыш құрылғы. Ақпаратты сақтау орны болып пластинка бетінде центрлес шеңберлер арасындағы сызық-жолдар саналады, яғни ақпарат дискінің екі бетінде де магниттік жолдарға жазылады.Бірінші компакт диск 1982 жылы 17 тамыз күні Германияның Лангензагене қаласындағы Philips фабрикасында шығарылып жаппай сатылымға берілді. Алғашында бұл дисктер тек цифрлық форматтағы аудиожазбаларды ғана сақтайтын болған. Кейін уақыт өте келе бұл дисктерге кез-келген мәліметтер сақтала бастады.Айта кететін қызық жәйт қайта жазылатын дисктар CD-RW (Compact Disc-ReWritable) өте кеш - 1997 жылы ғана пайда болды. Қазіргі таңда компакт дисктер өздерінің соңғы дәуірін бастарынан кешіруде. Олардың орнын DVD және әрин флэш-сақтағыштар басты.  378 саны 3-ке бөлінеді ме?Санның жүзден бір бөлігі. Ең кіші жай сан. 390 минут шамамен неше сағат? Толық бұрыштың градустыұ өлшемі неге тең? Үш сызықтан пайда болған фигура?Үстелде 3 сткан сүт бар. Айдос 1 сткан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан қалды?45 минут сағаттың неше бөлігі? Қандай сандар 5-ке бөлінеді? Шеңбер сызуға арналған құрал? ІІ. Диск суреті - логикалық есептер Қағаз қалай жасалады?     Қағаз – ағаш діңдерінен  жасалады. Қағаз өндіру үшін қолданылатын ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі. Алдымен қабықтары алынып, кейін майда-майда бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі химиялық заттармен араластырылып, талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне келтіріледі. Бұл қамыр ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді. Кейін қамыр миксерге (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден шыққан қамыр бір текті халге келеді. Қамыр жылжымалы лентаның үстіне төселеді.  Суы сүзілетін және тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді. Осылайша қағаз беттері пайда болады. Соңында ыстық цилиндрлердің арасынан өтіп, құрғатылады. Фабрикадан шыққан қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны өңдеушілер қалаған көлемде қырқып сатады.Қағаз –ағаштан жасалынады. Одан кітап, дәптер, ақ парақтар шығарылады. Күнделікті сабақта, мекемелерде қолданысқа ие, ақпарат құралдарында газет, журнал шығарады. Тез қиылады, бүкледі, умаждалады, жұмсақ. Пайдаланғаннан кейін қиындыларын лақтырып тастаймыз. ІІІ. Қағаз суреті- математикалық мақал-мәтел жалғасын табу. 1. Жеті жұрттың тілін біл ( .................................)2. Білекті бірді жығар, (........................)3. Отызында орда бұзбаған, (..............................)4. Алты жыл аш болсаңда, (..............................)5. Көп күлге (.......................)6. Екі кісі ығысса, (........................) ІҮ. Конфет туралы мәліметБала кезімізде сіздің де, біздің де сүйіп жеген ортақ тағамымыз бар. Әрине, ол – кәмпиттер. Ата-анамыз кәмпит жеуге тыйым салып, сандықтардың түбіне жасырып қойғанда, көзімізден сорамыз ағып жатып,«шіркіііін, есейгенде көп ақша тауып, бай боламын да, кәмпиттің көкесін сатып аламын» деп армандамағанымыз жоқ болар. Ал, қазір ес білдік, есейдік, ал кәмпит туралы армандарымыз жайында қалды. Дегенмен, бала кездегі тәтті құмарлығын қартайғанша әдетке айналдырғандар да бар екен.Мәселен, Наполеон Бонапарт нағыз тәттіқұмардың өзі болыпты. Әсіресе, шығыстың тәттілеріне есі кетеді екен. Өзіміз сүйіп жейтін «Наполеон» атты тортты ойлап табушылар сол Наполеонның тәттілерді бірінің үстіне бірін қойып, арасына крем жағып жіберіп, аузына бір-ақ салатын әдетін негізге алған деседі. Ал, дәл осындай атақты қолбасшылардың бірі Адольф Гитлер түрлі тәтті тоқаштар мен кәмпиттер тұрса, күллі шаруасын ысырып қойып (Мәскеуді басып алуды да), алдындағысына бас салатын болыпты. Аты шулы тәттісүйер тұлғалардың тізіміне Арнольд Шварценеггерді, Фидель Кастроны да қосып қойсаңыз, қателеспейсіз. Көпті көрген қариялар шығыста әрбір тайпаның кәмпит даярлау құпиясы болғандығын айтады. Ал, араб халқы қантты қайнатып, түрлі пішіндегі кәмпиттер жасауды ойлап тапқан.1857 жылы Брюссель тұрғыны Джон Нойхауз атты дәріханашы жөтелге қарсы дәрі даярлауға тәжірибе жасап жүріп шоколад кәмпит жасаудың әдісін ойлап табады.«Конфета» деген сөздің мағынасы латын тілінен аударғанда «әзірлеу» дегенді білдіреді. Соған қарағанды сүйікті тіске басарымызға осы атауды берген Джон болу керек.Кәмпит туралы болжамдар түс жорушыларымыздың да назарынан тыс қалмапты. Олардың айтуынша:•Түсіңізде кәмпит жасап жатсаңыз, сіздің еңбегіңіздің арқасында тұрмыс жағдайыңыз жақсарады.•Егер үгітіліп жатқан кәмпит көрсеңіз, айналаңыздағы адамдардың ыстық ықыласына бөленесіз.•Қышқыл кәмпит жеп жүрсеңіз, ол – аурудың белгісі.•Танысыңыз сізге қораптағы кәмпит сыйға тартса, жақсылықтың нышаны.•Егер ол кәмпитті сіз сыйға тартсаңыз, онда таяуды біреуге іскерлік қарым-қатынас туралы ұсыныс жасайды екенсіз. ІҮ. Конфет қағазы суреті- сұрақ-жауап 1.Дұрыс бөлшек қандай бөлшек? 2. Бұрыс бөлшекке мысал келтір.3. Жеті жұтты ата.4. Өздеріңіз оқып отырған математика оқулығының авторы? 5. 35 неге тең? 6. Кесіндінің ұштары бар ма, бар болса нешеу? 7. Фигураларды зерттейтін ғылымды не дейді? 8. Қандай үш біртаңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? 9. Бұрыштардың түрлерін ата. 10. Жазықтықта қиылыспайтын түзу? Ү. Коропка туралы. Сүттің коропкасы полиэтиленнен жасалынады. Полиэтилен- ақ түсті термопластикалық полимер Полиэтиленнің физ.-химиялық қасиеттері температураға өте тәуелді. Температура өзгергенде кристалдану дәрежесі, тығыздығы, т.б. көрсеткіштері өзгереді. Тығыздығы төмен Полиэтилен 20 С-та айына 0,04% су сіңіреді, ал тығыздығы жоғары .Полиэтилен үшін бұл көрсеткіш 0,01 — 0,04%. Бөлме температурасында органикалық еріткіштер әсер етпейді. Полиэтилен — халық шаруашылығында өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар, т.б. дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады Ү. Бос коропка- практикалық есептер(Әр тапсырма 20 ұпаймен бағаланады)1-тапсырма. Амалды орындаңдар.А) а) (25,2*4) +(7,3*10 )-1,2 б) (1248-250)*2-(24+60)2-тапсырма. Теңдеуді шешіңдер.а) 6,2*0,8-х=7,56 б) 6х-100=2603-тапсырма. Өрнекті ықшамдаңдар.а) 0,56х+1,25+4,7х мұндағы х=10 б) 6у+149-23у; мұндағы у=184-тапсырма. Шағын тест1.Барлық қабырғалары тең үшбұрыш?А) тең бүйірлі б) тең қабырғалы в) тік бұрыш2.Алымы бөлімінен кіші бөлшек?А) дұрыс б) бұрыс в) аралас сан3. Түзудің екі бөлігінің арасындағы бөлігі.А) сәуле б) бұрыш в) кесінді4. Қабырғасы 8 см квадраттың ауданы неге тең?А) 64 см б) 64см2 в) 8см2 5. Кез-келген сан қандай санға бөлінеді?А) 1 б) санның өзі в) 0 Жарыс заңы ежелден,Жеңімпазды анықтау.Жеңімпаз болу шарты, Ол еңбектену, жалықпау,- деп сайсымыздың соңғы тапсырмасын орындауға келіп жеттік.Міне, оқушылар сатылым заттарын тапсырмаларды орындау арқылы алдық. Енді бүгінгі болып жатқан сайсымыз да Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Енді алған қалдық заттардан геометриялық фигураларды пайдалана отырып, бұйымдар жасауымыз қажет. / әр топ қалдық заттардан бұйым жасайды./