Жіктеу есімдігі туралы о?ушыларды? т?сінік алуына жа?дай ту?ызу.
Күні: 08.11.16. Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6 «г»
Сабақтың тақырыбы : Жіктеу есімдігі
Сабақтың мақсаты :
1. Жіктеу есімдігі туралы оқушылардың түсінік алуына жағдай туғызу.
2. Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып,тілдік эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,ұжымдық жұмы жасау барысында адамдық қасиеттерін дамыту.
3. Оқушылардың белсенді ойлау қызметтрін жандандырып,сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.
Нәтижесі: Оқушылар жіктеу есімдігін ажырата алады. Оларын анық әрі еркін жеткізе алады.
Модульдері: ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс тәсілдер: Миға шабуыл, Кім мықты, Венн диграммасы
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,орыс тіл
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Топқа бөлу. Түстер арқылы.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Миға шабуыл арқылы
Сұрақ жауапты пайдалану.
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру. Өткен тақырыпқа арналған, үй тасырмасын қайталау ға сұрақтар жасалып, арнайы плакатқа жазылып тақтаға ілінеді, крассворд, карточкалар.
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.
Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады.
1.Есімдік дегеніміз не?
2.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқулықтан оқытамын.
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жіктеу есімдіктері мен,сен, сіз,ол, біз,(біздер),сендер,сіздер, олар.Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.
Олар мынадай:
Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
1: мен біз,біздер
2. сен (анайы) сендер (анайы)
Сіз (сыпайы)
сіздер (сыпайы)
3.
олар ол
Бірінші жақ- айтушы,сөйлеуші жақ, Екінші жақ –тыңдаушы жақ.Бұлар –адмға байланысты атаулар,сордықтан кім? деген сұраққа жауап береді.
Үшінші жақ бөгде жақ.Ол адамға,адамнан басқа да затқабайланысты бола береді. Сондықтан кім? немесе не?деген сұраққа жауап береді.мыс: Бір ағашта екі алма,мен(кім?) де алмаймын, сен(кім?)де алма.
«Кім мықты»
Топтар жарысы тапсырма мен сұрақтар арқылы. Бағдаршам түстері арқылы түсінген-түсінбегенін білдіреді.
2054860107315қызыл – өте жақсы,
жасыл – жақсы.
сары – қанағат
Әр топқа жіктеу есімдігі жайлы тапсырма мен сұрақтар тарату, ұйымдастыру, әр топ өзінің шығарған есептерін көрсетеді
Сергіту сәті «Билейтін сандар» атты жаттығу жасау
Кітаппен жұмыс: 161-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін анықтаңдар, қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
162-жаттығу. Зат есімді жіктеу есімдігімен алмастырып, көшіріп жазыңдар.
Білімді бекіту:
Екеуара жұмыс: Екі оқушыға шағын мәтінді беріп,жіктеу есімдіктерін теріп жазып,қай септікте тұрғанын көрсетеді.
Кері байланыс парағымен жұмыс.
Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды.
Үйге тапсырма: 163-жаттығу. Көшіріп жазып, жіктеу есімдіктерінің астын сызып, қай жақта, қай септікте тұрғанын айтуға беремін.
Күні: 08.12.16. Қолы: ___________