План урока по казахскому языку в 7 классе на тему: «Сыйлы?. Кімге не сыйлау керек?»


Пән: қазақ тілі Сынып: 7 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сыйлық. Кімге не сыйлау керек?
Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1)ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;
2)логикалық ойын дамыту жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;
3)оқушыларды тілдерін бұрмаламай ашық, таза сөйлеуге дағдыландыру.
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: кеспе қағаздар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ деңгей бет 33, сөздік жаттау
IІІ. Бекіту.
1-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп жазып алу, есте сақтау. Тұйық етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіру.
* Сыйлық талғамыңнан шықпаса да, ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, рақмет айтуға тиістісің.
*Сыйлықтың бағасын сұрап, жұрттың көзінше пайдалы немесе пайдасыз екенін айтуға болмайды.
*Сыйлықты қайтып беру-әдепсіздік.
*Сыйлық әкелмеген қонаққа ренжімейді, оларға да басқалармен бірдей құрмет көрсету керек.
2-тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс, бұрысын анықтау.
1.Сыйлық қымбат болу керек.
2.Сыйлықтың пайдалы болуы міндетті емес.
3.Туысына,досына арнап өлең, ән сыйлауға болмайды.
1. 2-тапсырма. «Баланың сыйлығы» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Сынып 3 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Жауаптары және парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға болады). Бірінші тапсырманы орындап болған соң, команда оны үлгі бойынша тексереді, сонан соң 2, 3, 4-тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.
2. 4-тапсырма. Сөздердің аудармасын табу. Дұрыс жауабы:
1. мейірімділік 1. доброта
2. мүмкіндік 2. возможность
3. сыйлық 3. подарок
4. мерейтой 4. юбилей
5. мереке 5. праздник
6. көрсету 6. показать
7. жаттау 7. выучить
3. 1-тапсырма. Синоним сөздерді есте сақтау. Олардан сөйлем құрау.
1) Сыйлау, құрметтеу, қадірлеу, ардақтау, қасиеттеу, қастерлеу.
2) Сұлу, әдемі, әсем, көркем, көрнекті, ажарлы.
3. 3-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
«Әрқашанда орынды болатын сыйлықтар» мәтіні бойынша деңгейлік тапсырмаларды «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойынның бірінші не екінші нұсқасы арқылы жүргізуге болады.
I нұсқа:
Құрал-жабдығы:
1. Нөмірлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар.
2. Тапсырмаларға арнап алты (төрт) бөлікке бөлінген кеспелер. Сандар жазылған кеспелер.
3. Сары («3» бағасы), жасыл («4» бағасы), қызыл («5» бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар.
4. Үстелдердің сілтемесі.
5. Ортақ қосымша парағы.
6. Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған кеспелер: ойынның екінші нұсқасына мұндай кеспелер түрлі түсті көк, жасыл және сары түсті қатырма қағаздан жасалады.
7. Жауап үлгілері жазылған кеспелер.
Ойынның жүру барысы
Сынып 7(5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6(4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде үстелдің сілтемесі және 6(4) бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған кеспелер келесі ретпен қойылады: астында бірінші деңгейдің сұрақтары (3), оның үстіне екінші деңгейдің сұрақтары (2), ең үстіне үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікке бір сұрақтан (А суретін қараңыз). Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»), екінші сұрақтарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы ең күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі. Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалы, «2» саны түсті делік, яғни 2-нөмірлі ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка даярланады, алайда олар әр түрлі болуы да мүмкін, онда ойын екінші нұсқасы бойынша жүргізіледі.



II нұсқа:
Екінші нұсқаның ерекшелігі: бөліктерге бөлінген әрбір кеспеге бір ғана тапсырма кеспесі (онда 1-2 сұрақтан) қойылады. Бір үстелге қызыл түсті кеспе, екіншісіне - көк, сонан соң сары, жасыл түсті кеспелер қойылады.
Топ қызыл үстелдегі тапсырманы орындаған соң, көк үстелге, одан соң жасыл және сары үстелдерге көшеді.
Дайындалуға міндетті түрде уақыт беріледі (5-7 минут).
Командалар бір уақытта ойнайды. Бір үстел басындағы ойынның уақыты немесе тиісті деңгей сұрақтарына жауап беру уақыты - 10-12 минут (әр ойыншыға 1,5-2 минут есебінен). Ойын барысында әрбір ойыншы фишка алып отырады. Солардың санына және түсіне қарай баға қойылады. Сөйтіп бір ойында әр оқушы әр түрлі күрделілік деңгейіндегі 18-24 тапсырма орындайды.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. бет 36, сөздік жаттау. Еңбек сабағында әлдебір қажетті затты немесе әшекейлі нәрсені жасауға болады. Сыйлыққа беретін қандай затты жасауға болатыны туралы шағын шығарма жазу.