?аза?станны? ?лемдік ?ауымдасты? ?атарына енуі. 9 сынып.


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның әлемдік қауымдастық қатарына енуі
Сілтеме Оқулық: 9 сынып Қаз тарихы, Б.Аяған, т.б. «Атамұра» 2013 ж,
Әдістемелік құралдар, смайлик, маркер, стикер
SMART мақсат Егемен Қазақстанның сыртқы саудадағы жетістіктері, әлем елдеріне ядролық қарудан бас тарту арқылы бейбіт өмірді насихаттау
Діни толеранттылық, Астана жаңа идея мен өркениеттер орталығына айналғаны жайлы мәліметтер беру
Күтілетін нәтиже Тақырып көлемінде мәлімет алады, Қазақстанның сыртқы саудадағы жетістіктерімен танысады. Шығыс пен Батыс арасындағы ынтымақтастықты дамытуға баға жетпес еңбек етіп келе жатқанын ұғынады.
Түйінді идеялар Қазақстанның сыртқы саудадағы жетістіктері. Сыртқы саясаттағы идеяларының іске асуы.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Оқыту түрі: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
Әдіс - тәсілдері Көршіңе әңгімелеп бер, фасоль қалтасы арқылы сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс Дүние жүзі тарихы, география, дінтану
Оқыту модулі Оқыту және оқытудағы АКТ
Кезең Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Ресурстар
Ұйымдасты-ру кезеңі Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Топқа бөлу Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару, топқа бөлінеді Үй тапсырмасы Сұрақты ұстап ал!
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр топқа лақтырады.
Зейнетақы жүйесін реформалау қашан жүргізілді?
2000 жыл республика үшін қандай жыл болды?
2002 жылы қандай заң енгізілді?
2008 жылы желтоқсанда Қазақстан халқының құрамында жастар қанша пайызды құрады?
«Жол картасы» бойынша қандай құрылыстар салынды? Егер де қапшықты қағып алған оқушы сұраққа жауап берсе, онда топ 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа топқа 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді
Танымдық тапсырма-лар Тапсырма №1.Жаңа сөздердің мағынасын атаңдар
Тапсырма№2.Қандай реформаларды білеміз және онда не қарастырылды?
Мұғалім үй тапсырмасын қорытындылайды Жаңа сөздердің мағынасын айтады. Реформаларды атап, қандай шаралар көзделгенін айтады. Жаңа сөздер интер тақтадан көрсетіледі
Сергіту сәті. Интерактивті тақтадан сергіту жаттығуы қойылады
Оқушылар роликке қарап дене жаттығуларын жасайды 5080-855980
Жаңа сабақ Жаңа сабақтың тақырыбы туралы әңгімелеу. Сұрақ-жауап:
Біздің еліміз қандай шет мемлекеттермен байланыста?
Бірігіп қандай компанияларда жұмыс істейді?
Құрылған қандай Одақтарды білесіңдер?
Жаңа тақырыптың мақсатымен, критерийлерімен таныстыру
Жаңа тақырып мазмұнын топқа бөліп оқыту:
1-топ: Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы.
2-топ: Қазақстанның геосаяси жағдайы.
3-топ: Ядролық қарудан бас тарту және оның тарихи маңызы.
«Көршіңе әңгімелеп бер» тәсілі арқылы бір-бірлеріне мазмұндауын қадағалау. Сұрақтардың мазмұнына қарап, ой жүгіртіп, жаңа тақырыпты табады.
Жаңа тақырып бойынша мәлімет алады.
Бір-бірлеріне түсіндіреді. 243205992505Жаңа тақырып бойынша сұрақтар, карта, сызба
Бекіту
тапсырмалары 1-тапсырма: Жаңа сөздерді білу.
2-тапсырма: Хронология бойынша жұмыс
3-тапсырма: Картамен жұмыс
Жаңа сөздерді дәптерлеріне жазады.
Әр жылдары болған оқиғаларды тауып жауап береді.
Картадан сыртқы сауда серіктестерін тауып, көрсетеді. Дәптер, карта
Үй тапсырмасы Тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру.
Реферат дайындау.
339-беттегі кестені толтыру
Тест жұмысын орындау Үй тапсырмасын белгілеп алады, күнделіктеріне жазады. күнделік
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Күнделіктеріне бағаны қойдырады. күнделік
Кері байланыс
Рефлексия Оқушылар сабақ туралы өз ойларын жазып қалдыру үшін стикер тарату Оқушылар өз ойларын стикерге жазып қалдырады