Презентация по химии на тему Темір ж?не оны? ?осылыстары (10 класс)


Хром атомының протон, нейтрон, электрон саны?Хромның салыстырмалы атомдық массасы?Хромның қосылыстардағы тотығу дәрежелері?Жер қыртысындағы хромның массалық үлесі?Ең қатты металды ата?Хромның ПЖ орны?Хромның валенттіліктері?Хромның оксидтері?Хромның гидроксидтері?Хромның қышқылдары? Үй тапсырмасын тексеру 24 протон, 28 нейтрон, 24 электрон52+2, +3, +60,03%Хром 4 период, VIБ топII, III, VICrO, Cr2O3, CrO3Cr(OH)2, Cr(OH)3H2CrO4, H2Cr2O7 Жауаптары Бағалау критериі: «5» - 10-9«4» - 8-7«3» - 6-4«2» - 3-0 Сөзжұмбақ Машина мен трактордың жаны, қара металлургияның наны, ол не? Сабақтың тақырыбы:Темір және оның қосылыстары. Темір және оның қосылыстары Периодтық жүйедегі орны Атом құрылысы Табиғатта кездесуі Физикалық қасиеті Химиялық қасиеттері Алынуы Қосылыстары Қолданылуы 1. Периодтық жүйедегі орны бойынша және атом құрылысына сипаттама. Өз бетімен жұмыс (кестемен жұмыс). Химиялық таңбасы _____Атом құрылысы + ) ) ) )Электрондық формуласы: _____________Реттік нөмірі _____Атом массасы _____Валенттілігі _____Периоды ___________топ __________ топша Табиғатта таралуы Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Минералдар: Өнеркәсіпте алынуы: Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:Пирометаллургиялық әдіспен:оксидінен тотықсыздандыру арқылы:Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2Oсоның ішінде алюминтермиялық әдіспен:Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Feжәне көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздан-дыру арқылы: Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2 Физикалық қасиеттері: Темір – жылтыр, күміс ақ түстес металл, оның тығыздығы – 7,87 г/см3. Балқу температурасы жоғары – 15390С. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады. Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және микрофон мембранасын жасауға қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады. Химиялық қасиеттері: I. Жай заттармен әрекеттесуі:Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады:3Fe + 2O2 = Fe3O4 Ылғалды ауада тат түзеді:4Fe + 2H2O + 3O2 = 4Fe(OH)3Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3Fe + S = FeS3Fe + C = Fe3C II. Күрделі заттармен әрекеттесуі:Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:Fe + H2O = FeO + H2Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.Сұйылтылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, темір тотықсызданады:Fe + 4HNO3(сұйық) = Fe(NO3)3 + NO + 2H2OFe + H2SO4(сұйық) = FeSO4 + H2Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu Темірдің маңызды қосылыстары: Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:Fe2O3 + CO 2FeO + CO2Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:FeO + 2HCl = FeCl2 + H2OFeO + CO2 = FeCO3 Темір (ІІІ) оксиді Fe2O3 – амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит.І. Алынуы: 1) 2Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O 2) 3Fe + 2O2 = Fe3O4 3) 3Fe + 4HOH = Fe3O4 + 4H2ІІ. Химиялық қасиеттері:қышқылмен Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2Oқышқылдық оксидпен Fe2O3 + 3SO3 = Fe2(SO4)3негізбен Fe2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H2O Темірдің гидроксидтері Темірдің ІІ және ІІІ валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді.Fe (II) гидроксиді – ақ түсті, ал Fe (III) гидроксиді – қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар.І. Алынуы. FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 + 2NaClFeCl3 + 2NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl4Fe(OH)2 + O2 + 2H2O = 4Fe(OH)3 Темірдің маңызды қосылыстарын анықтау: Fe+2 және Fe+3 иондарын сары және қызыл қан тұздарының көмегімен анықтайды.3FeCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2 + 6KCl темір (II ) гексацианоферраты ( III ) турнбулл көгі4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KClберлин көгілдірі темір (III) гексацианоферраты (II) Қолданылуы: Темір купоросы (FeSO4 ∙ 7H2O) – ағаш сүрлеуде;Fe3C – цементит шойында қолданылады. (NH4)2SO4 ∙ FeSO4 ∙ 6H2O – Мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.Fe(NH4)2 ∙ (SO4)2 ∙ 12H2O – темір-аммонийлі ашудас, тері илеуде қолданылады.Fe2O3 – темір сүрегі (бояу) шатырларды бояуда, болат пен шыны беттерін тегістеуде, термиялық пісіруде қолданылады. І. Тест. 1.Қанға қызыл түс беретін химиялық элемент : А) темір ә) мыс б) калий 2. Темір периодтық жүйеде қай топта орналасқан  а) VIII топ, негізгі топша; ә) VIII топ, қосымша топша топша;3. Темір қандай валенттілік көрсетеді?а) ауыспалы; ә)тұрақты 4. Темір атомының сыртықы энергетикалық деңгейінде неше электрон болады? а)2 электрон; ә) 3 электрон5. Темір металдардың ішінде таралуы жағынан қай металдан кейін тұр? а) мыс ә) аллюминий  Тест жауаптары 1 А2Ә3А4А5Ә ІІ. Брейн-ринг 1. Темірдің реттік номері 2. Темірдің салыстырмалы атомдық массасы қанша? 3. Темір қандай металл (түсі)4. Темірдің периодтық кестедегі орны: 5. Темірдің валенттілігі Жауаптары 1. 262. 563. Күмістей ақ4. VIII топ, қосымша топша5. Ауыспалы 2,3 ІІІ. Сәйкестендіру тесті. 1. CuSO4  а)темір (III) гидроксиді2. FeO  ә) темір (II) сульфаты3. FeSO4  б) темір (II) оксиді4. Fe(OH)3  в) мыс (II) сульфаты Жауаптары 1. CuSO4  а)темір (III) гидроксиді2. FeO  ә) темір (II) сульфаты3. FeSO4  б) темір (II) оксиді4. Fe(OH)3  в) мыс (II) сульфаты1в, 2б, 3ә, 4а 1 2 3