«Т?ра?ты электр то?ын бекіту»
САБАҚ ЖОСПАРЫ
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы тарауына қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін практикада жүзеге асыру жолдарын ұйымдастыру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың алған білімдеріне коррекция жасау және оны жүзеге асыру жолдарын ұйымдастыру ;
2. Тақырып бойынша алынған мәліметтерді толықтыру және өзіндік қорытынды жасау машықтарын жетілдіру;
3.Өзінің жұмысына талап қоя білу, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау.
Жабдықтары: интерактивті тақта, презентациялар
Сабақ түрі: қайталау, бекіту.
Барысы:
1. Мақсатты бағыттау
2. Сабаққа дайындау
3. Сайыс-ойын.
4. Қорытынды
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
1. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың мақсатымен танысу, міндеттерін белгілеу.
2. Топтарға бөлу, топ мүшелерін анықтау.
3. Ойын сабақ барысы
Сұрақ-жауап
Кім жүйрік? (деңгейлік тапсырма)
Кім жылдам?
Физикалық тәжірибе
Ойлан-тап
Топтастыру стратегиясы
Тест
Физикалық формулалар
Электр тогының пайдасы мен зияны
Қорытынды
1 топ “Ток күші”
Электр тогы деген не?
Ток күші деген не?
Ток күшінің өлшем бірлігі?
Ток күшін өлшейтін құрал?
Электр тогының әсерлері?
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы
2 топ “Кернеу”
Кернеу деген не?
Кернеудің өлшем бірлігі?
Ом заңын пайдаланып кернеуді тап?
Кернеуді өлшейтін құрал?
Э. К. Қ. Неге тең?
Джоуль- Ленц заңы?
3 топ “Кедергі”
Өткізгіштің кедергісі неге байланысты болады?
Кедергінің өлшем бірлігі?
Ом заңын пайдаланып кедергіні тап?
Тізбектеп қосқанда жалпы кедергі неге тең?
Параллель қосқанда жалпы кедергі неге тең?
Толық тізбек үшін Ом заңы.
Кім жылдам
1 топ
2 топ
3 топ
Физикалық тәжірибе
Физикалық тәжірибелер сайысында үш топтан оқушылар шығып, өткізгіштерді тізбектеп, параллель, аралас қосу бойынша тәжірибелер жасап көрсетеді
Физикалық тәжірибе1 топ
Физикалық тәжірибе2 топ
Физикалық тәжірибе3 топ
Ойлан, тап. 1 топ
Электр тогына сипаттама жазыңдар
Ойлан, тап. 2 топ
Тұрақты токтың жұмысын, қуатын анықтайтын формулаларды жазыңдар.
Ойлан, тап. 3 топ
Өткізгіштерді қосу түрлері туралы жазыңдар
Топтастыру стратегиясы
Ом заңы- электр тогының негізгі заңдарының бірі
Тест. 1топ
1. Электр тогы ұғымын физикаға енгізген ғалым?
а. Ампер б. Вольта с. Кулон
2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
а. Амперметр, тізбектей б. Вольтметр, тізбектей с. Вольтметр, параллель
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады
а. Тізбектей б. Аралас с. Параллель
4. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 ампер ток күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?
а. 15В б. 150В с. 6В
5. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланыды?
а. 220В б. 120В с.360В
Тест. 2 топ
1. Үтік токтың қандай әсеріне негізделіп жасалынған?
а. Магниттік б. Механикалық с. Жылулық
2. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
а. Амперметр, тізбектей б. Амперметр, параллель с. Вольтметр, тізбектей
3. 6 кА болатын ток күшін ампермен өрнекте?
а. 0,6 а б. 600 А с. 6000 А
4. Шамнан 5 с ішінде 45 Кл заряд өткенде ток күші неге тең?
а. 225 А б. 9 А с. 15 А
5. Металл өткізгіштердің температурасын арттырғанда ток күші қалай өзгереді?
а. Кемиді б. Артады с. Өзгермейді
Тест. 3 топ
1. Металдардағы электр тогын қандай тасымалдаушылар тудырады?
а. Оң иондар б. Протондар с. Электрондар
2. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?
а. R=U/I б. R=UI C. R=I/U
3. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?
а. 6 Ом б. 5 Ом с. 1,5 Ом
4. Егер изоляциясы жоқ өткізгіштерді ортасынан бүктеп ширатып қойса, оның кедергісі қалай өзгереді?
а. Артады б. Кемиді с. Өзгермейді
5. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?
а. Ом/ метр б. Ом*метр с. Ом
Физикалық формулалар
Үш топтан оқушылар шығып физикалық формулалардың мәнін түсіндіреді.
Электр тогының пайдасы мен зияны
Электр тогын рұқсатсыз қоспаңыздар
Электр тогы көзінде, сондай-ақ қондырғының басқа бөлігінде кернеудің бар-жоғын бақылау немесе лампамен, кернеу көрсеткіш құралмен тексеру керек
Жалаңашталған бөліктерге кернеу түсіп тұрғанда абайламай тиіп кетуден сақ болыңыз
Су қолмен токты ұстама
4. Қорытынды
Электр тогының анықтамасы, бағыты әсері, пайда болуының шарттары
Толық тізбек үшін Ом заңы?
Өткізгішті қалай жалғауға болады?
Электр энергиясын біз қайдан аламыз?
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма: Шығармашылық жобаларға дайындық.